Қосарлы ассортимент – берілген ұйымның негізгі қызметін орындамай, қосырлы функцияны орындайтын тауарлар жиынтығы. Мысалы, гигиена құралдары.
Аралас ассортимент- функциональді қолданылуы кең, әртүрлі тауарлар, түрлер, атаулы тауарлар жиынтығы.
Қанағаттандыру мүмкіншілігіне байланысты рациональді және оптимальді деп бөлінеді.
Рациональді ассортимент – нақты керек қажеттіліктерді қанағаттандыратын, ғылым, техника және технологиялардың белгілі бір деңгейінде даму барысында максимальді өмір сүру сапасын қамтамассыз ететін тауарлар жиыны.
Оптимальді ассортимент- проектілеу, шығару, өндіру, тұтынушыға жеткізу барысында минимальді шығынға ұшырап, тұтынушыға максимальді жағымды әсер көрсететін тауарлар жиыны.
Қажеттілік сипатына байланысты ассортимент шынайы, болжамалы және оқулық болып жіктеледі.
Шынайы ассортимент – өндіруші ұйым немесе сатушыда бар нақты тауарлар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |