Болжамалы ассортимент– болжамалы қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын тауарлар жиыны.
Оқулық ассортимент- оқу барысында жетістікке жеткізуі мүмкін ғылыми негізделген белгілері бойынша жүйеленген тауарлар жиыны.
Кодтау – операцияларға және өнім атауларына шартты белгілерді беру: кодтарды, шифрларды, номенклатуралық нөмірлерді. Мұндай техникалық тәсіл тауарлар мен олар дайындалған материалдардың әртүрлі және күрделі аттарынан арылуға мүмкіндік береді. Ол жоспарлы және есепке алу жұмыстарын механизациялау және автоматизациялаудың қажетті шарты болып табылады.
Код – жіктеу объектісін немесе жіктеу топтарын белгілеу үшін қолданылатын белгі немесе белгілер жиынтығы. Код мүмкіндігінше қысқа, бірақ өнімнің барлық номенклатурасын қамтуға жеткілікті, көрнекі және оңай оқылатындай болуы қажет. Кодтардың көмегімен жылдам тәсілмен объектілерді идентификациялау қамтамасыз етіледі.
Кодтың құрылымы – құрамының және ондағы белгілердің орналасу реттілігінің шартты белгіленуі. Код құрылымы келесі элементтерден тұрады: алфавиттен, негізінен, разрядтан және ұзындығынан.
Код алфавиті – код түзуге қабылданған белгілердің жүйесі. Кодтар үшін алфавит ретінде көбіне сандарды, әріптерді немесе олардың бірігуін, штрихтарды және бос жерлерді (пробел) қолданады. Сандық, әріптік, әріптік-сандық және штрихты код алфавиттері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |