2. Негізгі бөлім: i-тарау «Мәдени мұра» тарихымызды жаңғыртқан бағдарлама


«Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы зерттеу жұмыстары



бет4/7
Дата14.02.2023
өлшемі44,43 Kb.
#168738
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мәдени мұра КЖ Нәсіпқалиев З.Н
28.11.22 ПРАКТИКА (копия), «1 ñ?ðà?» Àäàìíû? àë?àø?û å?áåê ??ðàëäàðû òàñòàí æàñàë?àí. Ñîíäû, Жоспары I. Кіріспе II. Негізгі бөлім-melimde.com
2



«Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы зерттеу жұмыстары

2.1

Ұмытылмас мұрағат және жарық көрген кітаптар


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2005 жылы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарық көрді. [4]

Осы бағдарламаның аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары 2005-2007 жылдары Батыс Еуропа елдерінің кітапханалары мен мұрағаттарындағы жазбаша деректерді анықтау және олардың көшірмелерін сатып алу бойынша ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізді.


Жұмыс осындай бағыттар бойынша жүргізілді:
- қазақ кітабы мен қолжазбалары, Орталық Азия мен Қазақстан бойынша ірі библиографиялық көрсеткіштер мен каталогтар;
- іргелі тарихи еңбектер мұрасы, мұрағат құжаттары;
- Қазақстанның қазіргі замандағы шетелдік тарихнамасы, ғылыми конференциялар материалдары, XIX-XX ғғ. басындағы ғылыми журналдардың мақалалары;
- саяхатшылардың әдебиеті, карталары, гравюралар және артефактілері.

Сонымен қатар, ұлттық ғылыми ой, мәдениет және әдебиет басылымдарының серияларын әзірлеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Тарих, археология, этнография бойынша бірегей сериялар мен жұмыстар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер, оның ішінде "Бабалар сөзі", "Қазақтар құқығының ежелгі әлемі", "Қазақ музыкасының антологиясы", "Қазақ тілі синонимдерінің сөздігі", "Орфографиялық сөздік" сериялары мен жұмыстары бар 537 кітап атаулары басылып шықты.

Әлемдік кітапханалардан жинақталған дереккөздерден, бірнеше кітап құрастырылып қазақ тіліне аударылды:


  • "Әлемдік тарихи ой" 14 томдық қазақ тілінде:

  • "Шетелдік дереккөздердегі Қазақстан тарихы" 20 томдық;

  • "Орыс дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы бойынша материалдар" 10 томдық;

  • "Ежелгі дереккөздердегі Қазақстан тарихы" 2 томдық.

Біздің ата-бабаларымыздың тарихы туралы түсінік беретін мыңдаған артефактілермен ғылымды байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеулер жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Шілікті және Берел қорғандарының қазбалары және "скиф-сібір аң стиліне" немесе сақ өнеріне (б.з.д. V-III ғғ.) жататын алтын бұйымдардың табылуы әлемге әйгілі болды.


Қытайға, Жапонияға, Түркияға, Моңғолияға, Ресейге, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, сонымен бірге АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-зерттеу экспедицияларының нәтижесінде бізге бұрын белгісіз болған Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері бойынша 5 мыңнан астам құнды мұрағаттық құжаттар, қолжазбалар мен баспа басылымдары сатып алынды.
Еліміздің өнер қорларында, мұрағаттарында және қоймаларында орналасқан ауызша кәсіби дәстүрдің көрнекті орындаушылары-музыканттарының фоно жазбаларын қалпына келтіру және заманауи аудио тасымалдаушыларға көшіру бойынша бірегей жұмыстар жүргізілді. Мысалы, орта ғасырлардағы музыканы, атап айтқанда күй, тарихи әндер сияқты жанрларды зерттеу жүргізілді. Қазақ дәстүрлі музыкасының "Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні" антологиясы жарық көрді. Бұл қазақ дәстүрлі музыкасының туындыларын жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрландыру және СD-дискілерді шығару бойынша ұлттық мәдениет тарихында бұрын-соңды болмаған ауқымды және бұрын-соңды болмаған еңбек болды.
"Қазақфильм" АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің аса маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсіріп, жарыққа шығарды. Бұл "Қорқыт" "Мәдени мұра" циклінің деректі фильмдері. "Күйдің тарихы", "Көшпенділердің музыкалық мұрасы", "Ежелгі Түркістанның сәулет ескерткіштері", "Жүсіп Ата кесенесі", "Тамғалы петроглифтері" және тағы басқалар.

Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұраны насихаттауға бағытталған 200-ге жуық іс-шара өткізіледі.


Бағдарламаның ауқымдылығы туралы оған қазіргі Қазақстанның барлық зияткерлік әлеуеті: әдебиет пен өнердің, философияның, тарих пен этнографияның, тіл білімінің академиялық институттары және т.б., Ұлттық кітапхана, елдің жоғары оқу орындары тартылған болатын.
Бағдарламаны іске асырудың алғашқы қадамына ҚР Президенті жанындағы 2004-2006 жылдардағы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде шығарылған барлық құжаттарды Ұлттық академиялық кітапханасына электронды форматта сақтауға беру және оған Интернет пайдаланушыларының жан-жақты қол жеткізуі жайлы шешімін жатқызуға болады. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы құру осылай басталған. ҚазҰЭК жобасы – мемлекеттік тілде кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапханалық портал. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар – ҚазҰЭК электронды қоймасының негізі. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің статистикасы бойынша Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 609 аталыммен шыққан кітаптардың қазіргі таңда ҚР ҰАК-да 463 е-көшірмесі жасалып пайдаланушыларға ұсынылып отыр. Ал еліміздегі кітапханалардың қоры көбіне мемлекеттік тапсырыспен және «Мәдени мұра» бағдарламасымен шыққан кітаптармен толықтырылып отыр. ҚР Мәдениет министрлігіне қарасты кітапханалар саны бүгінде – 4081, соның ішінде – 4030 кітапхана облыстарда орналасқан. Кітапханалық жиынтық қор 2010 жылы – 70444,1 мың дананы құраса, 2009 жылы 704458,2 мың дана болған еді. Бір ескеретініміз, мемлекеттік тілдегі ақпараттық ресурстар қоры жалпы қордың 27,3 % ғана құрайды. 2009 жылы облыс кітапханаларына 1426,0 мың дана келіп түссе, 2010 жылы 1338,5 мың басылымды құрады. Мемлекеттік тілдегі жалпы түсім көрсеткіші – 2009 жылы 971,6 (68% жалпы түсімнен), 2010 жылы –790,0 (59,0%). «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл Облыстардағы қорлардың жаңартылуы 0,3%-ды құрады (5% норма шамасында). Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы – қазіргі Қазақстанның әлемдік өркениетке қосқан үлесінің айғағы. Бұдан бөлек, бұл ұлттық аса бай рухани қазыналар әлемін ашады. 2009-2010 жылдары ҚР Мәдениет министрлігіне қарасты кітапханаларда барлығы Мемлекеттік тапсырыс бойынша 414,6 мың (2009 ж.) және 454,4 мың (2010 ж.) дана кітап келіп түсті. Бұл 2009 жылғы жалпы түсімнің 30%, 2010 жылғы түсімнің 34% құрады. 2009 жылы мемлекеттік тілдегі басылым – 85%, 2010 жылы – мемлекеттік тапсырыс бойынша жеткізілген түсімдердің жалпы санының 80% құрады. 2010 жылғы Мемтапсырыс бойынша жалпы түсімнің қалыпты болғанына қарамастан, бірақ 2009 жылғыдан аз-кем артық, Ақмола, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында түсімнің азайғаны байқалады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша кітаптарды бөлу – басты мәселе, сондықтан барлық облыста орташа алғанда бір аталымдағы кітап 60-65 данадан келіп түседі, ал облыстардағы кітапханалар саны – 200-ден 400-ге дейін. [5]

Орыс жазба деректеріндегі қазақ тарихы атты 10 томдық құжаттар жинағының 8 томы 2006 жылы жарық көрді. [6]


Қазақтың дәстүрлі қару- жарағының этнографиясына қатысты еңбектіңде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында тұсауы кесілді. [7]
Профессор З. А. Алдамжар «Тарих: пайым мен тағылым» атты еңбегінде тарих әдістемесі ғылымының мәселелері туралы ой қозғаған тарих философиясы туралы көзқарастары да тарих ғылымының қоржынына түскен ғылым қазынансын толықтыра түсті. [8]
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының тарихының еңбектері көп томдық болып баспадан жарық көрді. [9]
Батыс деректеріндегі қазақ тарихының көп томдық құжаттар жинағы «XII-XX ғғ. Батыс деректеріндегі Қазақстан тарихы» тақырыбымен баспаханадан шықты. [10]
Қазақстан Республикасы үкіметінің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2007 жылы жарияланған «История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков» көп томдық жинақ қазақ қоғамын басқару институттары туралы деректердің көптігімен көзге түседі. Осы жинақтан қазақ мемлекеттігі жолында тер төкен тарихи тұлғалар туралы және олардың кіндігінен тараған ұрпақтарына қатысты құжаттар топтамасы бар. [11]
М.Ескееваның «Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі» туралы еңбегінен кейін [12], 2008 жылы белгілі ғалым Қ.Сартқожа ұлының «Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің атласы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді. [13] Бұл еңбектер қазақ тарихының рухани мәдениетінің тарихының қатарын соны деректермен толықтырған болатын.
Бөлімді қорытындылай кетер болсам, бұл бөлімде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар мен тарихи дереккөздер, музыка және кино саласындағы маңызды іс-әрекеттер мен қадамдар жөнінде айтылады. Бағдарламаны іске асыру барысында ҚазҰЭК жобасы құрылғандығы және қызметі туралы, сонымен қатар статистикалық мәліметтер жазылған. Сонымен қатар, бағдарламаны дамытуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылғаны туралы, әлем кітапханаларына жүргізілген арнайы экспедициялар мен шетел деректері бойынша жарық көрген тарихи және мәдени мазмұндағы кітаптар мен дереккөздер туралы жазылды. Бұл бөлімді зерттей отырып көптеген шетелдік дереккөздермен және еңбектермен таныстым.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет