2. Негізгі бөлім: i-тарау «Мәдени мұра» тарихымызды жаңғыртқан бағдарлама


«Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асырылуы



бет3/7
Дата14.02.2023
өлшемі44,43 Kb.
#168738
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мәдени мұра КЖ Нәсіпқалиев З.Н

1.2 «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асырылуы

Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша іске асты:


- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
Бағдарламаны іске асыру ұлттың рухани-білім беру және зияттық-мәдени деңгейінің көтерілуіне, өскелең ұрпақты әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрі топтастыруға ықпал етеді.
Нәтижесінде:
— тарих пен мәдениеттің 30-дан астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылады;
— 32 ежелгі және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми зерттеу, тұмшалау, абаттандыру, мұражайға айналдыру және туристік мақсатта пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізіледі;
— мәдени инфрақұрылым кеңейтіледі, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен таныстыру жөніндегі қызмет жанданады;
— мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін жасау жөнінде шаралар іске асырылады;
— Ұлттық кітапхана жанында ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөніндегі орталық, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты жананда қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған, мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау және қалпына келтіру жөніндегі орталық, Президенттік мәдени орталық базасында ұлттық тарих үшін айрыңша мәні бар мұражай қорын қалыптастыру мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылады;
— 16 бағыт бойынша түрлі кітаптар дестелері шығарылады;
— Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны – мүсін-тас түрғызылады;
— деректер базасы жасалады, ЮНЕСКО-ның күнілгері тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілерін күзетудің аумақтары мен өңірлерінің шекарасы белгіленеді;
— елдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы музыканттардың фоножазбалары қалпына келтіріліп, қазіргі заманғы аудиотаспаларға көшіріледі. [2]

2004 жылы бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар жүргізілді, олардың 28-і (35%) 2008-2011 жылдары реставрацияланған.


Жалпы бағдарламаны жүзеге асыруға 2004-2005 жылдары республикалық бюджеттен 1 391,0 миллион теңге жұмсалды, осының ішінде 2004 жылы 641,6 млн. және 2005 жылы 749,4 млн. теңге жұмсалды.
Бағдарламаның 2007 жылғы іс-шараларына республикалық бюджет қаражатынан 1 873,6 млн. теңге бөлініп, бұл сумма толық игерілген болатын. Оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғырту үшін 1 381,1 млн. теңге, археологиялық зерттеулер үшін 106,0 млн. теңге, ал қолданбалы ғылыми зерттеулерге 123,3 млн. тенге, кітап серияларын басып шығаруға 262,9 млн. тенге қарастырылған болатын.
Бағдарлама аясында, Берел обасынан табылған алтын бұйымдардың ұсақ бөліктерін жинау, тазалау және олардың паспорттарын құрастыру жұмыстары жүргізілді. Берел обасынан табылған 75 дана археологиялық бұйымдар қайта жаңғыртылды. Олар ат әбзелдерінің бөліктері және Берел көсемінің табытына арналған ағашының кесіндісі. Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). Осы бағдарлама аясында 2008 жылы екі қорық-мұражай «Есік» және «Берел» жаңадан құрылды. «Берел» қорық-мұражайының тек қана құрылысына 190 млн.тенге бөлініп, 1 әкімшілік ғимараты, 2 тұрмыс үйлер және 1 гараж салынып 2013 жылы бұл жұмыстар түгелдей аяқталды. Ғимарат аумағы қоршалды және қорымдар орналасқан аумақты түгелдей қоршау бойынша жұмыстар атқарылды. Мұражай құрылғаннан бастап, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, туристік ұйымдармен, мұражайлар, кітапханалармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, білім беру мекемелерімен байланыстар жасалып, бірлескен жұмыстар әлі күнге дейін атқарылуда.
2004-2006 жж бағдарламаның жетістіктері:
Бағдарламаның алғашқы кезеңінде мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағында орналасқан 39 қалашық, қоныс, тұрақ, обаларға археологиялық зерттеу жұмыстары өткізілді. Алыс және жақын шетелдердегі орналасқан архивтер мен кітап қоймаларында қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар қолжазбалар, құнды деректер, тарихи және мәдени кітаптарды табу мен алу жұмыстары жүргізілді. Түркияға, Қытайға, АҚШ-қа, Ресейге, Монғолияға, Египетке, көршілес Өзбекстан мемлекетіне және басқада Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми бағыттағы экспедициялар ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, өнері, этнографиясы жөнінде бұрын беймәлім болып келген саны 5000-ға жуық жаңа деректер мен баспалық басылымдар табылды. Тек Қытайға жасалған экспедицияға барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысы бар, бұрын зерттелмеген маньчжур тіліндегі 3000 мың, қытай тіліндегі 300, шағатай тіліндегі 60, ойрат тіліндегі 70 дерек табылды. Ұлттық және әлемдік мәдениет пен әдебиет, өнертану, философия, тарих ғылымы, саясаттану сынды 16 түрлі бағыт бойынша бірнеше жүз томды құрайтын кітаптар шығарылды.

2007-2009 жж бағдарламаның жетістіктері:


Бұл уақыт аралығы «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі болып есептелінеді. Осы жылдары елімізде театрлар саны артты: 2 опера және балет, 33 драма, 4 музыкалық комедия, 4 жасөспірімдер, 5 қуыршақ театры, 73 тұрақты кинотеатр және 266 жылжымалы киноқондырғылар халыққа қызмет етті. Бағдарламаның екінші кезеңінде тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу қарқындай түсті, еліміздің тарихына қатысы бар алыс және жақын жердегі тарихи-мәдени орындар, ескерткіштер, сәулет өнерлерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғастырылып, ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Қазақстанның тарихы, мәдениеті, археологиясы, этнографиясы туралы деректер іздестіріліп, зерттеулер жалғастырылды.
Жалпы 2004 жылдан бері 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтірілу жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелер жүргізілді.

2009-2011 жж бағдарламаның жетістіктері:


Бағдарламаның үшінші кезеңінде тұңғыш рет елімізде ескерткіштердің кең көлемдегі тіркеу-түгендеу шарасы өткізілді, шара бойынша 218 республикалық, 11 277 жергілікті маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізімі жасалынып, қабылданды. Осы негізде жүргізілген бағдарлама аясында қазірге дейін Айша-Бибі кесенесі, Арыстан бап, Абат-Байтақ, Есімхан, Ысқақ ата, Қараман ата қорымдарында, Петропавл қаласында орналасқан Абылай хан резиденциясы сияқты 78 тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Бұдан бөлек, бағдарламаның үшінші кезеңінде шетелдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, Дамаск қаласында орналасқан Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық кесенесінің құрылыстары жүргізіліп, толық аяқталып біткен болатын. Осы жобаларға ЮНЕСКО-дан бөлек, Қазақстан тарапы 4,5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлген болатын. Бағдарлама іске асқалы бері біздің арғы тегіміз туалы көп мәлімет беретін, әлемдік археология ғылымына артефактылар қосқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерртеу жүргізіліп, мол табыстарға жеткен болатын.
Қазіргі таңда елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелу үстінде, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген болатын, ендігі кезекте ЮНЕСКО тізіміне ескі Отырар қалашығын қосу болып табылады.Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңыздағы 218 объект және жергілікті маңыздағы 11,5 мың объект кірді.
И. Н. Тасмағамбетов – «Мәдени мұра» бағдарламасы туралы:
Менің ойымша, өзіндік рухани өріс пен мәдениетті сақтау қажеттілігі адамдарды іштей қарсылық білдіруге әкеледі. Ал біз бұл қарсылықтың терроризм мен діни экстремизм сияқты құбылыстарда іске асқанын көріп отырмыз. Мұның өзі жаһандану процесіне неғұрлым жайлы ену механизмдерін іздеуді талап етеді. Қазақстан үшін бұл мәселелерді шешуде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы маңызды рөл атқарды. Шын мәнінде, мәдени мұра – бұл жады. Қоғам, мәдениет үшін әлеуметтік маңызды ақпаратты кез келген түрде, кез келген құрал арқылы сақталуы қажет. Халықтың өткен тарихи жолы оның әлеуметтік жадында жатталып, мәдениетінің дәстүрлі ұстанымдарын қалыптастырады. Әрбір мәдениеттің тарихы – ұмыт қалдыратын уақыт күшіне қарсыласатын тарихи жады. [3]
Бөлімді қорытындылай өтер болсам, бұл бөлімде «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асырлуы туралы баяндалады. Сонымен қатар бағдарламаның 2004-2011 жылдардағы үш кезеңінің жетістіктері мен нәтижелері жазылды. Жетістіктер негізінде, мәдениетімізді қайта қалпына келтіру мен жаңғырту үшін жасалған жұмыстармен таныстым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет