Күні:______ 9 « » сыныбы. Оқушының аты-жөні: _________________________________
2-нұсқа
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Жер жәннаты - Жетісудағы «Ақбұлақ» шипажайы Алматы қаласынан 15 км жерде, Талғар ауданының Алатау бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында орналасқан. Бүгінгі заманның талабына сай күрделі жөндеуден өткен шипажай кезінде ғарышкерлердің ұшып келгеннен кейін денсаулығын сауықтыру орны болғаны
бекер болмаса керек.
Шипажай орналасқан жердің табиғаты әсем. Оның 250 метр тереңдіктен шығатын минералды суы бар. Шипажай маңында қысы-жазы сылдырлап өзен ағып тұрады. «Ақбұлақ» шипажайын қайың, шырша, емен ағаштары көмкеріп тұр. Шипажайдағы жүзу бассейні мен спорттың түр-түріне арналған орындары толық
демалып, денені сауықтыруға оң әсерін тигізеді. Онда денсаулықты сауықтыруға және нығайтуға барлық жағдай жасалған.
Шипажай аумағына 2002 жылы 3 қабатты жаңа емдеу орталығы салынды. Бұл орталық бүгінгі заманның талабына сай диагностика, емдеу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Емдеу орталығында жүрек, асқазан, ішек, бүйрек, жыныс бездері, бауыр, өкпе, жүйке жүйесі, буын, сүйек, омыртқа, тері ауруларына арнайы жобамен емдеу тәсілдері жолға қойылған. Емдеу тәсілдері адамның жасына, қан құрамына, өмір сүру тәртібіне, тамақтану әдісіне байланысты әр адамға жеке бағдарламамен қолданылады. Емдеу түрлері табиғи, халықтық медицинасына сүйене отырып, шөптің бірнеше түрлерімен, балшықпен, минералды суменен, инемен, сүлікпен, тұзды немесе оттегімен азондалған ауамен, денені шлактан, улы заттардан тазарту әдістерімен, тағамның ішу тәртібін реттеу немесе аспен емдеу, қымыз, шұбатты пайдалану, әртүрлі дене шынықтыру тәсілдерімен ауру денені қалпына келтіру, тоқпен, жарықпен, шунгит тасымен және денені үзу, су астында омыртқаны созу, массаждың әртүрлі әдістерін қолдану сияқты ем -шаралар қолданылады. Онда денені тазартудың қан тазарту, бауыр өтін жуу, ішекті минералды сумен тазарту әдістері кеңінен пайдаланады. Емдеу тәртібі сенбі, жексенбі күндерінде де жалғасады. Шипажайға келген адамдар ем алумен қатар Алматы, Алматы облысының тарихи ескерткіштері мен сәулет өнерінің туындыларына экскурссия жасайды. Бос уақыттарында би, ойын-сауық, кино, концерт тамашалап, спорттың түр-түрімен айналыса алады. Бөлмелерге ыстық-мұздай минералды су қосылып, тоңазытқыш, көгілдір экран, телефон және ұялы телефонның бәрімен байланыс орнатылған.
«Денсаулық - зор байлық», - дейді дана халқымыз. Ендеше, денсаулықтың жақсы болуы - үнемі күтіп, уақытылы емделгенде ғана болатынын ұмытпайық.
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
«Ақбұлақ» шипажайы қай жерде орналасқан?
А) Талғар қаласында
В) Алматы қаласында
С) Талғар қаласының орталығында
D) Талғардағы Шымбұлақ шатқалында
[1]
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) «Ақбұлақ» – сауықтыру спорт кешені.
В) «Ақбұлақ» – тек сүлікпен емдейтін орталық.
С) «Ақбұлақ» – денсаулықты, сауықтыру орталығы.
D) «Ақбұлақ» – тек инемен емдейтін шипажайдың бірі.
[1]
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) денсаулық, ауру, емен, шипажай
В) денсаулық, шипажай, ем, сауықтыру
С) денсаулық, шипажай сүйек, шұбат, ем
D) денсаулық, бауыр, бүйрек, бұлшықет
[1]
4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
А) Шипажай жанында жыл бойы сылдырлап өзен ағады.
В) «Ақбұлақ» орналасқан жерде қайың, шырша, емен ағаштары өсіп тұр.
С) Шипажайдағы жүзу бассейні денені сауықтыруға көп пайдасын тигізеді.
D) Шипажайда денсаулықты сауықтырып, нығайтуға барлық жағдай жасалған.
[1]
5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Шипажайдағы емдеу орталығы қандай жабдықтармен қамтамасыз етілген?
А) жүрек қызметін реттейтін құралдармен
В) заманға сай диагностика, емдеу құралдарымен
С) түрлі ауруларды анықтайтын құрал-жабдықтармен
D) өкпе ауруларын тексеретін бүгінгі заманғы құралдармен
[1]
6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А) Талғар ауданындағы шипажай туралы баяндалады.
В) Минералды судың пайдасы туралы ақпарат беріледі.
С) Денсаулықты сақтау жолдары туралы ақпарат беріледі.
D) Телеграф байланысының маңызы туралы ақпарат беріледі.
[1]
7. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
А) Балшықпен емдеу орны
В) Денсаулықты сауықтыру орны
С) Халықтық медицина орталығы
D) Минералды сумен емдейтін шипажай
[1]
8. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
А) Денсаулық – зор байлық.
В) «Ақбұлақ» – сүйек ауруларын емдейтін орын.
С) «Ақбұлақ» – тері ауруларын емдейтін орталық.
D) «Ақбұлақ» – Алматы облысындағы шипажайлардың бірі.
[1]
9. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты табыңыз.
А) Емдеу тәртібі сенбі, жексенбі күндерінде де жалғасады.
В) Шипажайда жаңа емдеу орталығы 2002 жылы салынды.
С) Шипажайда денені тазартудың түрлі әдістері кеңінен қолданылады.
D) Емдеу тәсілдері адамға жеке жасалған бағдарлама бойынша қолданылады.
[1]
10. Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
А) Емдеу тәсілдері
В) Талғар – таулы аймақ
С) «Ақбұлақ» шипажайы
D) Алматыдағы шипажай
[1]
____\ 10 балл
Жауап кілттері:
1. D
2. C
3.B
4.D
5.B
6.A
7.D
8.D
9.A
10.C
Достарыңызбен бөлісу: |