1) Қазақстандық нарықтың қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды жетілдіру проблемасын шешудің практикалық маңызы және өзектілігі осы негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтың тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.
2) Өндірістің негізгі үш түрі болады:
1Жеке - дара өндіріс
2 Сериялық өндіріс.
3 Жаппай өндіріс.
Жеке-дара өндіріс – алуан түрлі және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трибуналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.
Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы, автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырылады.
Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады. мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.
3) Еңбек әлеуметтік-экономикалық қатынастарда күрделі дәрежені құрайды, оны: философиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, мәдени және экономикалық қызмет субъектілерінің басқа тұрғыдағы әрекеттері тұрғысынан жан-жақты қарастыруға болады.Еңбек және оның өркениетті дамудағы рөлін зерттеуде еңбек мәселесін қозғайтын барлық ойшылдар – біреуі қисынды дәйектілікпен, екіншісі – қарама-қайшылықта негізгі екі көзқарас қалыптастырды. Бірінші көзқарас: еңбек – «жасампаз және жеке тұлғаның даму көзі». Екінші көзқарас: «еңбек – адамның ең ауыр жүгі».
Бұл қарама-қайшылық туралы Э. Фромм былай деп сипаттап жазды: «Еңбек етуді арқасында адамдардың сана-сезімі өсті, табиғаттан бөлініп, әлеуетті және тәуелсіз болып қалыптасты. Неғұрлым адамның еңбегі жетілген сайын, соғұрлым оның даралануы да жетілмек».
Жұмысшыны жеке меншіктен бөлу тікелей еңбек жағдайы мен қорытындысын бөлуден немесе еңбек үрдісінен көрінеді. Еңбекті жекеменшіктен бөлу өткір талқылауды қажет етеді. Еңбекті бөлудегі қол жеткізуде жекеменшік түрі қарастырылады.
4) Заңнамада «рұқсат шектелген ақпарат», «ашылмаған ақпарат», «жабық ақпарат, мәлімет» деген түсінік те бар, олардың бір бөлігі коммерциялық құпия болып табылады.
Осылайша, коммерциялық құпияның негізгі белгілерін анықтап алайық:
- ол мемлекеттік құпияға жатпайды;
- бұл кәсіпкердің қызметімен байланысты мәлімет;
- үшінші тұлғаларға белгісіз болғандықтан ол шынайы немесе әлеуетті құндылығы болса;
- оны жариялау кәсіпкердің мүдделеріне нұсқан келтіруі мүмкін болса;
- оған еркін рұқсат жоқ;
- ақпарт иесі оның жабықтылығын қорғау болйынша шаралар қабылдаса;
- кәсіпкер коммерциялық құпия болып саналатын мәліметтердің құрамы мен көлемін өзі анықтайды (алайда заң талаптарына байланысты кейбір мәліметтер коммерциялық құпия бол алмайды).
5) Кәсіпкерлік құпия - бұл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді құпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кәсіпорынның, кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы. Кәсіпорын мен кәсіпкерлер таралуы олардың нарықтағы позициясын әлсірететін және бәсекелестері үшін қызығушылық тудыратын, өз қызметінің барлық жақтары туралы ақпаратты құпияда ұстауға құқықтары бар.
6) Кәсіпкерлік істің бастамасына дейін, осы үш фактордан басқа, өзіңіздің әлсіз жақтарыңызды анықтап алудың маңыздылығы зор.
Мысалы: адамның техникалық білім жағынан күштірек болғанымен, қаржы және бухгалтерлік есеп жағынан кәсіпкерлік білімі мен қабілеті болмауы мүмкін. Әрі қарай өз кемшіліктеріңізді және басқа да факторлар нәтижесін ескере отырып, сенімді серіктестіктер іздестіруіңіз қажет.Бастапқы кезеңде, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық нысанын таңдау ісіне зор көңіл бөлу қажет. Ол үшін, мамандандырылған экономистер мен заңгерлерден кеңес алған жөн. Болашақ кәсіпкер, ұйымдастыру нысанын таңдап алғаннан кейін, болашақ бәсекелестерінің экономикалық жағдайын түбегейлі зерттеп алуы, тауар (қызмет) бағасы мен оның сапасы, сұраныс пен ұсыныс көлемі, ұйымдастыру нысанын анықтауы қажет. Барлық ақпараттар негізінде-жаңа істі бастау немесе істегі кәсіпорындарды сатып алу мәселесіне қатысты шешім қабылдау қажет. 3. Кәсіпкерлік іс-әрекетінің тиімділігін қалайша дұрыс бағалаған жөн? Көп жағдайларда, кәсіпкерлер, меншік иесі мен менеджер (басқарушы) қызметін бірге алып жүреді, ал қажет жағдайларда келісімшарт негізінде менеджмент, маркетинг, қаржы облысынан жалдамалы жұмысшыларды қабылдау мүмкіндігін де пайдалануға болады. Өндіріске қажетті шикізат пен материалдарды сатып алу кезінде, әрдайым тұтынушылар талғамын ескерген жөн.
7) Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
8) 5-бап. Оңалту немесе банкроттық рәсiмiн қолдану үшін сотқа жүгіну негiздерi.1. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
9) Елімізде мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін орындау барысына толыққанды үлес қоса алатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын шаралардың қолға алынуы республикамыздың жетістіктерін тұрақты дамытуға жағдай жасайтынын көреміз. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық форумда бұл туралы көптеген жақсы пікірлер айтылды. Соның бірі – мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жолында толыққанды мүдделес әріптес болуы керек деген тұжырым. “Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі бөлігін жүріп өтті, тұтасымен алғанда ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек бизнестікі”, – деп Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткен болатын. Қалың жұртшылық бұл бастаманы қоштайды (7). Бұған дәлел ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумның өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап экономикадан әлеуметтік салаға көбірек көңіл бөліп, тұрақты дамуға ден қойғанын айтуға болады.
10) Елімізде бизнестің қарапайым халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі туралы идеяны алғаш рет ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнес өкілдерімен өтетін кездесулерде «Біз сіздердің бай-қуатты болуларыңызға барынша жағдай жасадық, жылдар бойы сіздердің компанияларыңыздың көтерілуіне жан-жақты көмек көрсеттік. Енді сіздер халыққа қарай бет бұруларыңыз керек. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса, бизнестің болашағы да көркейеді» деген пікірді үнемі кәсіпкерлердің санасына сіңіріп келеді.Әлеуметтік сала – қоғам өміріндегі басты салалардың бірі, сондықтан да азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағдар қазіргі заманғы мемлекеттің басты міндетіне айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру – тұрлаулы даму шарттарының бірі» деп бірнеше рет атап өтті. алықаралық стандарттар бойынша бизнесті жүргізу үшін корпоративті әлеуметтік жауапкершілік концепциясын білу қажет. Әр түрлі зерттеушілер бұл терминнің мағынасын әр түрлі талдағанымен, бұл концепцияның негізгі құраушылары өзгеріссіз қалады, мысал үшін салықты толық көлемде және тиісті түрде төлеу, бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңасын даярлау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және сақтау, әлеуметтік гарантиялар, адал компенсациялық пакет ұсыну және қызметке жас мамандарды алу. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласына байланысты мәселелер, өндірістік қызмет ауқымды болған сайын кеңейе берді.
Достарыңызбен бөлісу: |