2 Өздік жұмыс дүниетануды оқытудың интерактивті әдістері



бет1/7
Дата24.02.2023
өлшемі176,47 Kb.
#170047
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дүниетану өз.жұмыс



Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті



Педагогика және психология институты


Пәннің атауы : Жаңартылған мазмұндағы «Дүниетану» оқу пәнін оқыту әдістемесі


Орындаған: Абаева Әсел
Қабылдаған: Базарбекова Рабиға


Алматы, 2023ж.

2 ӨЗДІК ЖҰМЫС



  1. Дүниетануды оқытудың интерактивті әдістері (Оқулықпен байланыстырып мысалдар келтіру)



Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым–қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.
Интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту.
Мысалы: Дүниетану пәнінің кез келген бір тақырыбын ала отырып, оқушымен кері байланыс жүргізеді. Оқушының тақырыпты түсінгеніне байланысты пікір-таластар және сұрақ қою арқылы олардың ойлай алуын қарастырамыз.


2.Жаңартылған мазмұн бойынша қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер (Оқулықпен байланыстырып мысалдар келтіру)
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты - білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. штілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет