2. Папиллома Төменгі еріннің атеромасы


«Жоғарғы еріннің туа пайда болған ақауы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық емінің принциптері, операция нәтижелері»



бет5/12
Дата08.11.2022
өлшемі236,22 Kb.
#157021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ыыыыыыыыыыыы

32 «Жоғарғы еріннің туа пайда болған ақауы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық емінің принциптері, операция нәтижелері».
1134. Төменде келтірілген сандық көрсеткіштердің ішінде, ерін және таңдайдың жырығы бар балалардың туылу жиілігі қандай?
1. 1:400-500
2. +1:600-700
3. 1:800-900
4. 1:1000-1200
5. 1:1300-1500
1135. Ерін және таңдайдың жырығы бар балалардың туылуына, жүктіліктің қандай мерзімі НЕҒҰРЛЫМ жиі әсер етеді?
1. 3- 5 апта
2.+6- 12 апта
3. 32-39 апта
4. 13- 21 апта
5. 22- 31 апта
1136. Төменде келтірілген белгілердің қайсысы, балалардағы жоғарғы ерін жырығына НЕҒҰРЛЫМ тән болып келеді?
1. Жоғарғы еріннің қысқаруы, мұрын ұшының ақауы
2. Күрек тіс арасында диастема, жоғарғы жақтың дамымай қалуы
3. Мұрын ұшының ақауы, мұрын түбінің тұтастығының бұзылуы
4.+Жырықтың болуы, еріннің қысқаруы және мұрынның тері-шеміршек бөлігінің ақауы
5. Ерін қызылжегісінің ақауы, жоғарғы ерін жүгеншесінің төмен бекінуі
1137. Жоғарғы еріннің жырығы бар балаларда, мұрынның тері-сіңір бөлігінің ақауының НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын себебі?
1.+Ауыз қуысының айналмалы бұлшықеті шоғырының дистопиясы
2. Жоғарғы еріннің жүгеншесінің төмен бекінуі
3. Жоғарғы жақтың дамымай қалуы
4. Ауыз қуысының таяз кіреберісі
5. Жоғарғы еріннің қысқаруы
1138. Әйелдер кеңесінде, мерзімі 12 апта әйел тіркелді. Осының алдындағы жүктілігі жоғарғы еріннің жырығы бар баланың туылуымен болды.
Төменде келтірілген ақыл-кеңестердің ішінде қайсысы бұл әйел үшін НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Терапевт кеңесі
2. Ұрыққа УДЗ жүргізу
3. Эндокринолог кеңесі
4. Сауықтыру шаралары
5.+Медико-генетикалық кеңес
1139. Ерін және таңдайдың жырығы бар балаларды реабилитациялау кезінде, баланың қай жасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Сүт тістемнің толық қалыптасуына дейін
2. Тіс-жақ жүйесінің толық қалыптасуына дейін
3. Тұрақты тістемнің толық қалыптасуына дейін
4. Ауыспалы тістемнің толық қалыптасуына дейін
5.+Бала мектепке барғанға дейін реабилитациялануы керек
1140. Жоғарғы ерін және таңдайдың ақауы бар балаларды хирургиялық емдеу үшін НЕҒҰРЛЫМ қолайлы болатын емдеу мекемесі;
1. Кез-келген емхана
2. Емхана жағдайында
3. Балалар хирургиялық бөлімі
4. Балалар ауруханасының жалпы хирургиялық бөлімі
5.+Балалар жақ-бет аймағы хирургиясының арнайы бөлімі

1141. Клиникаға, 12-жасар қыз баланың ата-анасы келді.Қыз бала 7-айлық кезінде хейлопластика операциясын басынан кешірген. Қарап тексергенде, қыз балада жоғарғы еріннің ақауы купидон сызығының бұзылуы, төменгі мұрын жолының тарылуы және мұрын қанатының ақауы анықталды.


Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Динамикада бақылау
2. Ринопластика жүргізу
3. Жоғарғы ерінге коррекция жасау
4.+Екіншілік хейло- және ринопластика
5. Баланың психоэмоциональды жағдайын коррекциялау
1142. Клиникаға, 7-жасар баланың ата-анасы келді.Бала 7-айлық кезінде хейлопластика операциясын басынан кешірген. Қарап тексергенде, мұрын қанатының ақауы және ерін қызылжегісінің пішінінің бұзылысы анықталды.
Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Динамикада бақылау
2.+Рехейлопластика- және ринопластика
3. Ринопластика, жоғарғы ерінді коррекциялау
4. Жоғарғы ерінді коррекциялау жөнінде операциясы, ринопластика
5. Баланың психоэмоциональды жағдайын коррекциялау
1143. Еріннің туа пайда болған жырығы кезінде, операцияны жоспарлаған кезде, баланың қай жасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. 3-4 ай
2. 4-5 ай
3.+6-12 ай
4. 1 жас және одан үлкен
5. Жаңадан туылған кездн
1144. Жоғарғы еріннің дұрыс анатомиялық пішінің және функцияларын толығымен реттеу үшін, оперативті ем кезінде келесі кезеңдерді орындау қажет.
Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Мұрынға бір рет пластика жасау
2. Жоғарғы ерін френулопластикасы
3. Жоғарғы еріннің компактостеотомиясы
4. Мұрын қанатының аймағында сіңірді көшіру
5.+Анатомиялық ерекшеліктерді ескере отырып, еріннің жырығын жабу.
1145. Хейлопластика операциясының асқынуы қандай себептерден пайда болуы мүмкін?
1.+Еріннің бұлшықет сақинасының дұрыс емес реконструкциясы
2. Операциядан кейін, респираторлы инфекцияның дамуы
3. Оперативті емнің оптимальды мерзімдерін ескермеу
4. Операцияның қарсы көрсеткіштері ескерілмеген
5. Жансыздандырудың адекватсыз әдісі
1146. Туа пайда болған ерін жырығына қандай анатомиялық белгілер НЕҒҰРЛЫМ қолайлы
1. Мұрын қанатының қысқа болуы
2 Жоғарғы еріннің төмен бекінуі
3. Жоғарғы еріннің қысқаруы және мұрын жолының ақауы
4.+Жоғарғы еріннің ақауы және қысқаруы, мұрынның тері-шеміршек бөлімінің ақауы
1147. Балада хейлопластика операциясынан кейін, бірінші 2-3 күнде асқынуы дамуы мүмкін– жара қырларының ажырауы. Бұл асқынудың дамуына НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын себеп?
1. Оперативті емнің мерзімдері дұрыс таңдалған жоқ
2.+Операциядан кейінгі жараның кездейсоқ жарақаты
3. Біріншілік пластиканың принциптерінің бұзылуы
4. Екіншілік инфекцияның қосылуы
5. Респираторлы инфекцияның дамуы
1148. Ұрықтың дамуының нешінші апталарында жақ-бет аймағының ақаулары НЕҒҰРЛЫМ жиі дамуы мүмкін?
1. 1-2 апта
2. 3-4 апта
3.+6-13 апта
4. 14-18 апта
5. 18-24 апта
1149. Төменде аталған хейлопластика әдістерінің ішінде ҚАЙСЫСЫ НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданылады?
1. Миро
2. Буриан
3.+Миллард
4. Теннисон
5. Терновский
1150. Миллиард бойынша хейлопластика операциясының негізгі қасиеті?
1.+Фильтрум бағанасын бұзбайды, жоғарғы еріннің оптимальды биіктігін құрайды
2. Қанат тәрізді сіңірдің латеральды аяқшасын дұрыс қалыпқа келтіреді
3. Еріннің қызылжегісіне дұрыс конфигурация береді
4. Тіс қатарларына өзара қалыпты қатынас береді
5. Жұтыну функциясын жақсартады
1151. ЖжТТПА реабилитациялық орталығына жүкті әйел қаралды (мерзімі 10-12 апта). Әйелдің акушерлік анамнезінен – бірінші жүктілігі өздігінен болған түсікпен аяқталған, екіншісінде еріннің туа пайда болған жырығы бар баланың туылуы.
Қандай ақыл-кеңес НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Жүктіліктің бірінші триместрінде инфекциялық ауруларды алдын-алу
2. Жүктіліктің барлық кезеңің динамикалық бақылау
3.+Медико-генетикалық кеңес
4. Дәрігер кеңесі – терапевт
5. Жүктілікті тоқтату
1152. Перзентханаға, жоғарғы еріннің тесілген жырығы бар балаға кеңес беруге жақ-бет аймағының хирург дәрігері жіберілді.
Ем шараларының қандай жоспары НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Динамикада бақылау
2. Неонатолог, психоневролог кеңесі
3. Перзентхана жағдайында оперативті ем
4. Қарсы көрсеткіштер болмаған кезде –хейлопластика 3-4 айында
5.+Ортопедиялық аппарат дайындау, хейлопластика 6-12 айында
1153. Еріннің туа пайда болған жырығы кезінде, баланың қай жасы оперативті емге НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. 1-2 жас
2. Өмірдің 3-4 айлары
3.+Өмірдің 6-12 айлары
4. Жаңа туылған кезде
5. Туылғаннан кейін 2-3 айда
1154. Жақ-бет аймағының туа пайда болған ақаулары кезінде, балалардың туылу жиілігі қандай?
1. Көрсеткіштер аз өзгерді
2. Көрсеткіштер тұрақты
3. Көрсеткіштердің азаюы анықталды
4.+Туа пайда болған ақауы бар балалардың туылуы көбейді
5. Туа пайда болған ақауы бар балалардың туылуы күрт көбейді
1155. Жоғарғы еріннің туа пайда болған жырығы кезінде, анатомиялық пішінінің және оның функцияларын қалпына келтіру үшін жасау керек
1. Мұрын пішінің дұрыстау
2. Ерін жырығын жабу
3. Еріннің қысқаруын қалпына келтіру
4. Жүгеншенің бекінуін өзгерту және ерінді ұзарту
5.+Ерін жырығын жабу, анатомиялық ерекшеліктерді ескере отырып ұзарту
1156. Жоғарғы еріннің екі жақты тесілген жырығы кезінде, еріннің бұлшықет сақинасын қалай НЕҒҰРЛЫМ эффективті қалпына келтіруге болады?
1. Бұндай жырық кезінде еріннің бұлшықет сақинасын қалпына келтіру мүмкін емес
2.+Латеральды бұлшықет шоғырларының, дәнекер тінге қосылу қабілетінің көмегімен қалпына келтіруге болады
3 Көрші аймақтардан бұлшықет талшықтарын көшіру
4. Бұлшықет сақинасын қалпына келтірмеуге де болады
5. Бұлшықет сақинасы жартылай қалпына келеді
1157. Хейлопластика операциясынан кейін, тігістердің жартылай ашылуы анықталды.
НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын себебі?
1. Біріншілік пластика принциптерінің бұзылуы (тіңдерді қабатымен тігу)
2. Тігіс материалын таңдау принциптерін сақтамау
3.+Қабыну үрдісінің дамуы немесе операциядан кейінгі жараның жарақаты
4. Тіңдердің жеткіліксіз мобилизациясы
5. Тігістерді салу техникасының бұзылуы
1158. Клиникаға, 2-апталық баланы алып келді, балада жоғарғы еріннің ақауы бар, бала шала туылған. Қарап тексергенде, баланың ауыз қуысы шырышты қабаты, ерін, ұрт шырышты қабаттары арал тәріздес ақ қақпен жабылған. Кей жерлерде аралшықтар қосылып, әртүрлі пішінді қабыршақтар құралды. Қақты алған кезде, қақ орнында қанық-қызыл эрозивті аймақ пайда болды.
Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?
1. Шырышты қабаты жарақаты
2. Герпетикалық стоматит
3.+ Сүттеме
4. Туберкулез
5. Мерез
1159. Дәрігер-ортодонтқа кеңес алуға, жоғарғы еріннің және таңдайдың ақауы бар баланы алып келді.
Науқасты кешенді реабилитациялаудың НЕҒҰРЛЫМ қолайлы жоспары қандай?
1. Кеш мерзімде уранопластика
2. Перзентханада хейлопластика
3. 3-4 жаста хейлопластика және уранопластика бір кезде
4. 6-12 айында хейлопластика, 6-7 жасында уранопластика
5.+Жаңа туылған кезде преформацияланған ортопедиялық аппарат жасау, хейлопластика –5-6 айында, уранопластика -3 жасқа дейін

1160. Еріннің және таңдайдың жырығы бар балаларда, тіс-жақ ақауларының қандай түрі НЕҒҰРЛЫМ жиі кездеседі?


1.+Тістердің орналасуының және тістемнің ақауы
2. Тістердің жарып шығу ақауы
3. Тіс қатарларының ақауы
4. Тістердің даму ақауы
5. Тістем ақауы
1161. Жоғарғы ерін және таңдайдың туа пайда болған ақауы кезінде, балалардың стоматологиялық денсаулығының төмендеуі анықталды. Оларда көптеген стоматологиялық аурулар кездеседі, соның ішінде жиі тісжегі. Қандай ем шараларын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ қолайлы.
Бұл аурулар санының төмендету үшін қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Диспансерлік бақылау жүргізу
2. Жылына бір рет ауыз қуысына санациялау жүргізу
3. Жылына екі рет ауыз қуысына санациялау жүргізу
4. Ауыз қуысын антисептикалық ерітінділермен шаюды тағайындау
5.+Ауыз қуысы санациясын жылына 3-4 рет жасау және жылына 4-6 рет алдын-алу шараларын жасау.
1162. Клиникаға ата анасы 7 жасар қызды алып келді, ерте жаста хейлопластика операциясы жасалған. Қарап тексергенде, жоғарғы еріннің және мұрын қырының сол жағының ақауы анықталды ( Тыртықтар, Купидон сызығының бұзылысы) , сол жақ мұрын қуысының жолы тарылған, мұрын ұшы деформацияланған. Қыз бала өзінің келбетіне қанағаттанбаған.
Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Жоғарғы ерін коррекциясын 12-13 жасқа жоспарлау
2.+Қыз баланың психоэмоциональды жағдайын жою үшін мектепке барғанға дейін, бір кезде екіншілік хейлоринопластика операциясын жасау.
3. Барлық хирургиялық араласуларды жасөспірім кезінде жасау
4. Жоғарғы ерінге коррекциялық операция жасау, мұрын сіңірлеріне операцияны кейінгі кезеңге қалдыру
5. Сол жақ мұрын жолын кеңейту, басқа хирургиялық операцияларды кейінгі уақытқа қалдыру
1163. Туа пайда болған патологиямен баланың туылуының бір себебі, анасының токсоплазмамен ауыруы әсер етеді.
Бұл аурудың жүкті әйелдердің ішінде таралуының НЕҒҰРЛЫМ нақты пайыздық көрсеткіші?
1.+30 пайызға дейін
2. 40 пайызға дейін
3. 50 пайызға дейін
4. 60 пайызға дейін
5. 70 пайызға дейін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет