Менеджердің еңбек өнімі – оқушы, студент немесе тыңдаушылардың білім ақпараттарын меңгеруі және оларда білім сапасы мен жеке қасиеттерінің болуы.
Білім беру менеджерінің еңбек нәтижесі – оқушылар мен студенттерде, тыңдаушылардың педагогикалық диагностика арқылы тексеріліп, деңгейінің болуы, обьектіні басқару деңгейінің дамуы. Мұның бәрі білім саласы менеджерінің педагогикалық құзыреттілігін, оқыту мен тәрбиелеуді тиімді тәсілдермен басқара білуін айқындайды.
Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру құзыреттілігіне тән мына төмендегі іскерліктерді атап өтуіміз қажет:
- оқытудың, тәрбиелеудің және олардың динамикалық өзара байланысы мен бірлігі тұрғысынан шешу міндеттері;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін және психолгиясын есепке ала отырып, олардың даму деңгейіне жеке баға беру;
- оларды оқу материялына деген қызығушылығын туғызу;
- Оқу сабақтары мен тәрбие жұмыстарында қайталаушылықтан, бір тектес үлгілерден аулақ бөлу, мазмұны мен өткізу әдістерін түрлендіру;
- оқушылармен ізгілікті және демократиялы негізде қарым – қатынас жасау;
- оның басты қоры сөздік қатынастарды жетілдіру;
- оқу пәнінмеңгертуде теория мен практиканы ұштастыра білу;
- оқушылар мен студенттердің болашақ кәсібін тәрбиелеу құрамына айналдыру;
- сыни ойлау арқылы, оқушыларды сөзбен істердің бірлігіне баулу;
- педагогика ғылымының соңғы жаңалықтарын өз ісінеде практикалық тұрғыда сауатты пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |