\
Анри Файоль - тау инженері, теоретик және менеджмент практигі, басқарудың классикалық мектебінің негізін қалаушы
- Анри Файоль (1841-1925ж.ж) мамандығы
бойынша тау инженері болды.
- Ол бар ғұмырын “Камомбо” атты француздық таулы-металлургиялық синдикат компаниясында жұмыс атқарды. Алғашында инженер болды, кейіннен басқармада қызмет етті.
- 1886-1918 ж.ж аралығында синдикат директоры
қызметін атқарды.
Басқарудың әкімшілік мектебі пайда болуынан бастап мамандар ұйымды басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады. Бұл мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы деңгейінде басшы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинаған жандар. Мәселен, Анри Файоль – осы мектептің негізінт қалаған, оны менеджменттің атасы деп те атаған.
А.Файольдің еңбегі
Файольдің басты еңбегі – 1916 жылы жазылған және СССР-да (1923ж) А.К.Гастевтің алғы сөзімен қайта шығарылған "Общая и промышленная администрация" кітабы. Ол өзінің "Общая и промышленная администрация" атты негізгі еңбегінде әкімшілік қызметін талдаудың жалпы тәсілдемесін жасауға талпынды. Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды құрамақ: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кредиттік, есептік-бухгалтерлік, әкімшілік.
Достарыңызбен бөлісу: |