Тірек ұғымдар: тәрбие теориясы, тәрбиелеу мақсаты
Жоспар
1. Тәрбие теориясы және тәрбиеге жалпы сипаттама.
2. Тәрбиенің мақсат-міндеттері, категориялары және тәрбие-білім беру мақсатын орындаудағы арнайы ұйымдастырылған әрекет ретінде.
3. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбиеге көзқарастар эволюциясы.
1. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты. Сондықтан барлық педагогикалық жоғары және орта оқу орындарының болашақ мұғалімдерді педагогика ғылымының теориялық негіздерімен қаруландыру басты міндет болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби даярлығының тиімділігі көбінесе теориялық әдістемелік қалыптасуының жаңа мазмұнымен анықталады. Студенттердің болашақ мұғалімдік мамандығының бағытын анықтауға, әсіресе, олардың ынтасын қалыптастыруға педагогика пәні, оның «Тәрбиелеу теориясы» бөлімі зор ықпал жасайды.
Тәрбиелеу теориясы - тарихи құрылған және XIX ғасырда түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бөлімі. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт (1776-1841) тәрбиелеу теориясын оқыту теориясына пара-пар қылып педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде шығарып қойды. Бара-бара тәрбиелеу теориясының шешуге тиісті мәселелерінің шеңбері анықтала бастады.
Уақыт өткен сайын бұл міндеттердің шеңбері өзгерді, жетілдірілді, жаңалармен толықтырылды, қазіргі уақытта мынадай мәселелерді атауға болады: қазіргі тәрбиелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтау; тәрбиелеудің объективті заңдылықтарын анықтау және осы негізде педагогикалық практиканы жетілдіру; қазіргі жағдайдағы тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістерін және формаларын анықтау; тәрбиелеу теориясының басқа ғылымдар салаларымен пәнаралық өзара әрекетін тереңдету; гуманистік тәрбиенің педагогикалық технологияларын жасау және тәрбиелеу практикасына енгізу; тәрбиелік жұмыстың озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату, т.б.
Тәрбие ең алдымен адамдарды материалдық игіліктерді өндіру ісіне қабілетті, қолынан келетін етіп дайындауға бағытталуы қажет. Себебі басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласа бастасымен- ақ, сол қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүруі тәртібі арқылы меңгереді.
Тәрбие дегеніміз адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі.
2. Тәрбие қоғамның негізгі функцияларының бірі. Тәрбие жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру принципі. Тәрбие арқылы аға ұрпақтың тәжірибесі кейінгі буынға беріліп, меңгеріледі, олардың сана –сезімі, жағымды мінез-құлқы дамып жетіледі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде бралық тәрбие салаларын қамтиды .
Мақсат дегеніміз – бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты деп алдын –ала ойластырылған жастарды өмірге әзірлеу, барысында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету.
Тәрбиелеу мақсаты - бұл тәрбиенің ұмтылатын нәрсесі, болашақ, оны орындауға тәрбиенің күші бағытталады.
Мақсатқа бәрі бағынады: тәрбиенің мазмұны, ұйымдастырылуы, формалары және әдістері.
Қоғамдық дамудың тарихы тәрбиелеудің мақсатын қалай болса солай шығаруға болмайтынын көрсетіп отыр. Тәрбиелеу мақсатын таңдағанда, қойғанда және тұжырымдағанда табиғаттың, қоғамның, адамның дамуының объективті заңдылықтарына сүйену керек. Тәрбиелеу мақсаты қоғамның дамуының сұранысымен анықталады және өндіріс тәсіліне, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына, педагогикалық теория мен практиканың дамуының жеткен деңгейіне, қоғамның, оқу орындарының, мұғалім мен оқушылардың мүмкіншілігіне тәуелді.
Тәрбиелеу мақсаты жалпы және жекелік болып бөлінеді. Прогрессивтік педагогика жалпы және жекелік мақсаттардың бірлікте және қатарынан атқарылғанын қалайды.
Қоғам тұжырымдаған шынайы тәрбие мақсаты объективтік сипатта болады. Тәрбие мақсаты субъективтік сипатқа да ие. Мысалы, нақты отбасы өздері үшін баласын қандай қылып өсіретіні туралы шешім қабылдайды. Мұндай мақсат объективті мақсатпен үйлесуі де мүмкін, оған қарама-қайшылықты да болуы мүмкін.
Тәрбиенің мақсаты тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту болып табылады. Жан-жақты дамыған тұлға ақыл-ой дамуы, жоғары дәрежедегі жалпы политехникалық білімі, дене және ақыл-ой еңбегіне психологиялық және практикалық даярлығымен, адамгершілік, эстетикалық және денелік дамуының бірлігімен әр түрлі материалдық және рухани сұранысымен сипатталады.
Мақсат тәрбиенің жалпы ұмтылысын көрсетеді. Оны практикалық жүзеге асырғанда ол нақты міндеттердің жүйесі ретінде болады. Мақсат және міндеттер тұтас және бөлік, жүйе және оның компоненттері ара қатынасы ретінде болады. Кейде тәрбиелеу мақсатын - бұл тәрбиенің шешетін міндеттерінің жүйесі деп атайды.
Тәрбиелеу мақсатына мынадай міндеттер кіреді: ақыл-ой, (интеллектуалдық), денелік, еңбектік, адамгершілік, эстетикалық (эмоционалдық) тәрбие.
3. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әрбір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленушілердің жеке меншігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсаты құл ету үшін соғыс өнеріне, жаулап алу соғыстарын жүргізуге тәрбиелеу болды.
Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырлады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, онсыз ілгері дамымайды.
Таптық қоғамда реакциялық және прогрестік күштер арасында таптық тартыс орын алады
Мұғалім қандай адамды қалыптастыратындығын дәл білуі керек.
К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын алып келіп бір жерге үйіп тастаған, бірақ не алғысы келетінін әлі білмейтін архитектормен салыстырады. Тек қана жас ұрпаққа қандай білім, іскерлік, дағды беру керектігін, қандай сезімді оятуды білгенде ғана жоспарлы, мақсатқа бағытталған түрде тәрбиелеуге болады.
Я.А. Коменский “тәрбие мақсаты және міндеттері, оның маңызы және жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталуы керек’’
деген пікірде болды . “Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты”. Осы ойын “Ана мектебінің“ кіріспесінде өрбітеді. Тәрбиені мақсатты адам қалыптастырып және жетілдіретін үйлесімді үрдіс деп Я.А.Коменский тәрбие мақсатына сәйкес төмендегідей негізгі элементтерге бөлді.
Тәрбиенің мақсаты:
Адамға барлық заттарды білгізу – “ғылыми білім”.
Заттардың және өз-өзінің қожасы ету - “адамгершілік”.
Құдайға, заттарға, жаратушыға құлшылық ету – “діни тәрбие”.
Тәнін сау ету – “дене тәрбиесі” деп қарастырады.
Швейцария педагогы, демократ И.Г.Песталоцци (1746-1827 жылдары) 50 жыл ұстаз болып, еңбекші халықтың балаларының тәрбиесі мен білімін өзгерткісі келді. 1774-1780 жылдары Нейгоф қаласында жетім балалар мекемесін, тарихтағы тұңғыш тәжірибе мектебін ашты. Ол тәрбие мақсаты баланы жан-жақты және үйлесімді дамыту деп білді. Осы мақсатқа жету үшін балаларға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беру керек деп білді, өз ойын нақты іске асырды.
Тәрбиенің мақсаты және оның негізгі принциптері туралы неміс педагогы А.Дистервег те (1790-1866) жазды. Ол педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік тәсілге қарсы күресті. Мектеп міндеті - ізгі адамды және саналы азаматтарды тәрбиелеу. Адамзатты да және өз халқын сүюге тәрбиелеу керек. Тәрбиенің ең басты принципін И.Г.Песталоццидан кейін табиғатқа сәйкестік деп санады. Тәрбиенің табиғатқа сәйкестілігі оның түсінігінше адамның табиғи дамуы үрдісіне еру, оқушының жас және жеке ерекшеліктерін ескеру. Ол мұғалімдердің назарын оқушының зейіні, есі, ой ерекшелігіне аударады. Психологиядан “тәрбие туралы ғылым негізін” көрді. Песталоцци баланың табиғи күші мен нышанына дамуға деген үмтылу тән деді. “Көз-деді ол, - көргісі келеді, құлақ естігісі келеді, аяқ жүргісі, қол ұстағысы келеді”. Сол сияқты жүректе сеніп және жақсы көргісі, ақыл ойлағысы келеді. Тәрбие мақсаты дұрыс құрылған жаттығулар арқылы осы дамуға ықпал ету. Баланың жарасымды дамуын оның табиғатымен толақ келісе отырып жүргізу. А.Дистервегтің үлкен еңбегі – педагогикалық тәжірибеге педагогикалық дамуының көзі ретінде қараған. Ол бала тәрбиесінің көпшілік практикасын педагогикалық еңбек шеберлігінің еңбегінен зерттеу қажеттігін атап өтті. Тәрбиеге сәйкестілік принципіне қосымша ол мәдениетке сәйкестілік принципін ұсынады. Оның мәні тәрбиенің және қоғамның рухани өмірі арасында тығыз байланыс орнату. Қазіргі кезде болмыс тәрбиенің алданда қойылатын негізгі талаптардың бірі Дистервегтің пікірінше балада дербестікті дамыту. Дистервегтің тәрбиенің жоғары мақсатын “ақиқатқа, сұлулыққа, қайырымдылыққа қызмет ететін сөздік” ретінде анықтайды.
Тәрбиенің мақсаты деп санады К.Д.Ушинский қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі Ушинский педагогикасында басты орын алады. Ол ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты. “Шеберханасы, бау-бақшасы жоқ мектепті мектеп деп санау мүмкін емес” - деді.
А.Ф.Лесгафт білім мен тәрбие алдында бір ғана мақсат қойды- дене, ақыл-ой, адамгершілік жағынан жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
П.П. Блонский тәрбие мақсатын балаға жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениетті меңгеруге көмектесу деп санап, тәрбие жеке тұлғаның жапы адамзаттық идеяларын қалыптастыру керек деді.
1941-1961 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде “жан-жақты дамыту” ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбиелер енгізілді. 1978 жылғы педагогика бағдарламасында - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту коммунистік тәрбие мақсаты деп, мектепке жеке тұлғаны дамытуда кеңес мектебі роліне тоқталады. Тәрбие алдына мынандай міндеттер қойды: 1) ақыл-ой, 2) идеялық – саяси адамгершілік, 3) эстетикалық,
4) еңбек тәрбиесі мен политехникалық оқу. 1984 жылғы мектеп реформасында Комунистік партия және Кеңес мемлекеті жеке түлғаны жан-жақты дамыту құрылымын қуаттады. “Елдегі жалпыға бірдей біртіндеп, кезең- кезеңмен жүзеге асырылуы нәтижесінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасады”- деп мәлімдеді.
Тәрбиенің мемлекеттік және педагогикалық мақсатының ара салмағы проблемасымен педагогтардың ұзақ уақыт жұмыс істеу нәтижесі “Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны” құжаттарында көрініс тапты. Бұл бағдарламада тәрбиенің жалпы міндеті барлық сыныптар бойынша белгіленген. Ол мектеп жұмысын жоспарлауда және ұйымдастыруда қолданылады. Көбіне сабақтан тыс тәрбиеде қолданылады. А.С.Макаренко мәселені былай қойды: тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып отыру керек, сонда ғана педагогтардың жұмысы бақылауға алынады. “Дүниеде жеке тұлғадан асқан күрделі және бай нәрсе жоқ. Оны жан-жақты дамыту, адамшылығын жетілдіру тәрбиенің негізгі мақсаты. Бұл мақсатқа жету жолы адамның өзі сияқты өте күрделі” - деп атап көрсетсе, В.А.Сухомлинский (1918-1971) “тәрбие мақсаты жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту” - деп айтып қана қойған жоқ, нақты іс жүзінде жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім- тәрбие тағылымында да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр-Әл-Фараби (870-950) “Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім- адамзаттың қас жауы” - деді.
Ы.Алтынсарин ұстаздық, әдеп қазақ өміріне орай түсіндірді. Оның түсінігінше “өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбек сүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін жоғалтады, өз еңбегінің қызығын, рахат-ләззатын көре білу кісіліктің басты белгісі”- деді.
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері Абай Құнанбаев шығармашылығынан да ерекше орын алды. Ол бес асыл істі атады. Олар: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Абай пайымдауша бес дүшпан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтық.
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері қазақ зиялыларының еңбектерінда де көрініс тапты. Мысалы М.Жұмабаев “Көбірек денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толғанарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы “ - деп жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |