2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus



бет22/42
Дата20.07.2020
өлшемі0,63 Mb.
#63318
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Тірек ұғымдар: Отан-ана, патриоттық сезім, туған жер ата-ана түсінігі.

Жоспары.

Патриоттық сезімді қалыптастыру жолдары.

Жастық шақ - әлеуметтік-психологиялық құбылыс.

Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі.

Студенттер күнделікті амандасуды бір-біріне допты беру арқылы өмір жолында табыс тіледі. Бұдан соң студенттерге әртүрлі тақырыптар бойынша проблемалық сұрақтар қойылды.

Өзін-өзі тану сабағында оқу стилі бойынша өзіндік таным арқылы жеке тұлға белседілігін арттыруға берілген сауалнама.



  1. Істің жағдайына орай биязы болғанды жақсы көремін.

  2. Мен тәуекел еткенді ұнатамын.

  3. Мен мәселені болжам арқылы емес, нақты шешкенді қалаймын.

  4. Мен күрделі құбылыстарға қарағанда қарапайым, жай құбылыстарды артық санаймын.

  5. Мен бір нәрсені ойланбай емес, тек солай болуы тиіс деп сезінгендіктен жасаймын.

  6. Мен құбылыстарды солай болу керек деп қабылдай салмаймын, оларды тексергенді ұнатамын.

  7. Біз оқып-үйреніп жатқанның ішінде маңыздысы не?

  8. Мен жұмыста жаңа әдістерді үздіксіз іздеймін.

  9. Мен бір жаңалық естісем оны қалай жүзеге асырып, байқауға болатынына жоспар құра бастаймын.

  10. Мен орныққан тәртіптерді, ережелерді, кестені қатал ұстануға бейіммін.

  11. Мен істерді ұқыпты, аяғына дейін жеткізіп істеймін. Мен уақытынан ерте қортынды жасауды ұнатпаймын.

  12. Мен барлық мүмкіндіктерді таразылап барып қана шешім қабылдағанды ұнатамын.

  13. Мен құбылыстардың бөлшектенгенін емес, оларды тұтас көргенді ұнатамын.

  14. Мен жаңа нәрсені көргенді және ескіден айырмашылығы бар нәрселерді ұнатамын.

  15. Пікірталаста мен тек маңызды нәрсенің түйінін айтқанда ұнатымын.

  16. Мен бір қортындыға келгенше ойланып алғанды ұнатымын.

  17. Маған кенеттен үйреншікті емес ойды айту қиын.

  18. Салыстыру үшін көбірек ақпараттар алғанды жақсы көремін.

  19. Мен жұмысты алдын-ала жоспарлағанды емес, олардың пайда болғанына қарай іске кіріскенді жөн көремін.

  20. Мен басқалардың ойларының тәжірибеде қалай жүзеге асатынына карап бағалауға бейіммін.

  21. Мен сезімге ғана сүйеніп шешім қабылдау мүмкін деп ойлаймын. Барлық деректер жөнінде ойлану керек.

  22. Менде нәрселерді қалай жасау керектігі жөнінде кішкентай «пункт» бар, яғни шамалы перфенциониспін.

  23. Мен пікірталастарда тосын ойларды ұсынамын.

  24. Пікірталастарда нәтижелі болатын ойларды ұсынамын.

  25. Мен жұмысты бастамас бұрын, мәселерді жан-жақты талдағанды ұнатамын.

  26. Әдетте мен аз тыңдап, көп сөйлеймін.

  27. Мен жұмысты атқарудың көптеген тәжірибелік тәсілдерін өңдей аламын.

  28. Жұмыстың табыс кілті-ұқыпты, қисынды ойлауда екеніне мен сенімдімін.

  29. Егер маған ресми хат жазу керек болса, онда мен алдымен оның бірнеше жобалық варианттарын жазып шығамын.

  30. Мен шешім қабылдамас бұрын барлық баламаларды /альтернативаларды/ қарастырамын.

  31. Мен бой үйренбеген ойларды ұнатпаймын. Олар қолдануға қолайлы емес.

  32. Секірердің алдында абайлап қарап алар едім.

  33. Әдетте мен сөйлегеннен гөрі көбірек тыңдаймын.

  34. Нәрселердің қалай жасалғандығы мені қызықтырмайды, ең бастысы жұмыс істесе болғаны.

  35. Мені жұмысты рахаттанып істеуге кедергі келтіретін ережелер мен жоспарлар абыржытады.

  36. Мен отырыстарда ортаны думандатамын.

  37. Мен жұмысты орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын.

  38. Мен істің түбіне дейін тексеріп, олардың қалай жұмыс істейтін білгенді қалаймын.

  39. Мен жоспар бойынша өтетін кездесілер мен пікірталастарды ұнатамын.

  40. Мен кейде іс бақылаудан шығып кетсе де ренжімеймін.

Сауалнаманың ұпайын есептеу. Сауалнаманы орындаған соң студент өткен парағындағы тұжырымда көрсетілген құптама нөмерінің жанына аталған параққа «1» санын қояды. Содан соң әрбір тікпарақтағы «бірліктің» саны есептелді.

Тәжірибе соңынан шығармашылық белсенділігіне қарай төрт топ ажыратылды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет