Мақсаты: Студенттерді бақыт тұжырымдамаларымен таныстыру .
Тірек ұғымдар: Адам, құндылық, байлық, рухани дүние
Жоспары:
1. Қазіргі шетел педагогикалық тұжырымдамалары.
2. Болашақ бүгіннен басталады
3. Арман – досым.
Ш.Құдайбердіұлы ұзақ жылдар бойы ізденіп, зерделенген ой түйінінде философиялық танымның екі бағыты терең зерделенді. Материализм жолындағы таным-бірінші анық, дін жолындағы идеалистік таным-екінші анық деп ара жігі ажыратылады. Ол өзінің көрегендігімен тек логикалық ойлау жүйесі арқылы дүниені тану мүмкін емес екендігін атап өтеді. Ол … адам жанының көрінісі ынсап, әділет, мейірім –үшеуі қосылып ар-ұждан деген ұғым беретінін, ол ар ілімінің негізі болатынын, оның үшінші анық екенін қисынды түрде тұжырымдады. Тән мен жанның үйлесімділігін, жанның саналы толысуын түсініп, ар-ұжданның өмірге таяныш екенін сезген адам ғана жүрегіндегі таза кіршіксіз махаббаты арқылы жаратушыны танып, өмірдің мәнін, өзінің өмірге не үшін келгенін саналы түрде ұғынып, жарқын болашаққа жететіндігінің ақиқаттылығына көзін жеткізді. Ш.Құдайбердіұлының еңбектеріндегі “жан, рух” жайындағы тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орынын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау т.б. ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердің біртұтастығын және оның қалыптасуы жан мен рухтың, тәннің үйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға болады.
Рухани даму дегеніміз-өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру .
Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.
Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана студент тұлғасын құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.
Соңғы жылдарда педагогикада адамның өзін-өзі дамыту идеясына ерекше көңіл бөлінуде. Өзін-өзі дамыту тұлғаны өзгеден дараландыратын басты ерекшелік. Дүниені өзінше түсіну, сезіну адамдарды өзгелерден ерекшелендіреді. Осыдан туындайтын тәрбиенің мақсаты – студент өзінің даралық сипатын дамытып, бойындағы ерекшелігін өзгеге көрсетуі және оны басқаға үйрете білуі керек. Студенттерді өз бойындағы өз даралығына сенуге баулу, олардың қайталанбас даралық сипатына құрмет білдіру, осы қасиеттерді студенттің санасында орнықтыруы оқытушының бірден-бір мақсаты болуы тиіс. Сонда ғана оқытушы өз міндетін біршама орындап шығады. Студент өзінің даралық сипатын түсінуі арқылы өзін-өзі танып білуге, өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа, жағымды қарым-қатынас орнатуға жол ашады. Болашақ ұстаздар әрдайым өз қабілеті, жетістігі туралы ойлауы тиіс. Сонымен, жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру арқылы біз өз мәдениетімізді саралап, бағалаймыз. Жоғары мектеп қабырғасында курстар арасында “Діндер тарихы” немесе “Дін және мәдениет” атты арнайы семинарлар өткізуді ұсынып, студенттерді танымдық және тәрбиелік жағынан жетілдіруді іске асыруға болады.
Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайды қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау сезімін бойына сіңіру үлкен абыройлы іс.
Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан: …“Әр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, зиян келтірмей, басқаларға да зиян жасамауы – бұл ең басты міндеті болуы тиіс”- деген ой тұжырымдарынан өзін-өзі сүй дегенде, өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне үңілу, өзін-өзі тану сол арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарын игертуге шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасатылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс.
Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, жүректің, діннің , өткір сөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар- деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түрікі, қазақ хандығы Рессей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде көшпенді халықтың әдет ғұрпы қалыптасса, жалпы түркі дәуірінде көшпенді жартылай отырықшы халықтың мәдениеті, Рессей мәдениетінде бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп тану т.с.с рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап келер ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, Отанын сүю, қорғай білу соған рух жинап тұтастықты қамту ел бірлігін ұстау сияқты рухани адамгершілік мәдени құндылықтарды сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:
Атамекен, атакәсіп, атамұра ;
Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.
Отбасын сақтау; ата баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухқа тәрбиелу;
Сөзде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан.
Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып келді. Мысалы, көк тәңірге сиыну наурыз мейрамын тойлау т.б. Сол кезде төбелерге шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, отбасының , халқының амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушығы сиыну, осы кезге дейін ұрысып, кикілжіңге келген, арасы алыстаған адамдарды жақындастырып табыстыру адамгершілік ізгілікке жол тауып отырған. Ислам дінін таратушы миссионер Қ.А. Яссауи ерлік, ел алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып отырған. Осының бәрі тоқырау заманында әсіресе Кеңестік заманның 20 жылдарында қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-бірте айрылып, дінде, тілде шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан қазақтың рухы әлсіреп қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен қарым-қатынас, өзге елдермен араласу қазіргі кезде егеменді елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың рухани – адамгершілік мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы сақтай отырып дамытатын рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу орнындағы жүргізілген тәжірибе қортындысынан көруге болады.
№6 дәріс тақырыбы: Тілдесі мәдениеті
Достарыңызбен бөлісу: |