2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus



бет31/42
Дата20.07.2020
өлшемі0,63 Mb.
#63318
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Тірек ұғымдар: өнер, талап, классика дамуының кезеңдері, сатылары

Жоспары:

1. Өнер процесінің ерекшеліктері.

2. Өнер және оның дамуы.

3. Табиғи дарындылықты дамыту жолдары.

болашақ ұрпақтарды тәрбиелейтін бүгінгі студенттеріміздің бойында рухани – адамгершілік қасиеттерді жетілдіру қоғам талабы. Ол үшін И.П. Юнгер, Л.Г. Кирилюк, К.Роджерс, Спилберг, Ханин т.б. әдістеріне сүйене отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде қалыптастырудың критерийлері жасалынды: Бірінші критерий:

- педагогикалық жүргізілетін шаралардың барлығы студенттің тұлғасына арналуы шарт.

- педагогикалық процесте рухани-адамгершілік құндылықтар мазмұнын кеңейту;

- студенттерді рухани дүниесін байытуда жаңа тәсілдер мен құралдардың дамуын қамтамасыз ету;

- моральдық жүйлерді тәрбие процесінде шыңдау;

Студент тұлғасының бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға қажетті сапалар:



  • студенттердің моральдық жігерлік сапасы;

  • рухани-адамгершілік тәрбиені алу мақсатына талпыныс;

  • өзін-өзі бағалау және сыни тұрғыдан өзін түзетуге талпынысы;

  • өз-өзіне шынайы әділ баға беруге ұмтылысы;

  • өз қылықтарын саралап ақылға жеңдіру нәтижесінде адами қасиеттерді дамытуға ұмтылыс жасау.

Адамгершілік эмоциялық сапалар: нақтылық, өзге жанын түсінуге ыңғайлылық, шыдымдылық, бірбеткейлік, қуатты, ізетті, намысшылдық.

Әлемге деген көзқарастар сапасы: барлық дүниені сүйе білу, патриотизм, ізгілік.

Студент бойындағы бұл көрсеткіштерді педагогикалық процес барысында талдау, өзін-өзі сраптау, экспертті бағалау әдістемесі арқылы анықтауға болады.

Екінші критерий- рухани-адамгершілікке тәрбиелеу барысы сыртқы орта ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Ол келесі көрсеткіштерді қамтиды: университет ұжымының моральдық – психологиялық жай-күйі; студент жанұясының моральдық психологиялық атмосферасы; студенттердің сыртқы және ішкі қарым-қатынас шеңбері т.б. Бұл көрсеткіштер жайлы мәліметтерді бақылау әдісімен студенттің өзімен терең қарым-қатынас жасау, жанұя жағдайын ескеру, басқа психолог, педагогтардың көзқарасын есепке алу арқылы жетуге болады.

Үшінші критерий-педагогикалық шаралардың іске асуын қадағалау. Оның тиімділігін жүргізілген шараларға студенттердің қатысуы, өзіндік көзқарасы т.б. арттыруға болады.

Рухани-адамгершілік құндылықтарын студент бойында өзін-өзі тану негізінде қалыптастыру нәтижесінде студенттердің өзіндік танымы жоғарылайды, өз іс-әрекетіне сыртқы көзқарастардың ықпалына көңіл аудара отырып, өзіндік баға беру; “Мен” тұлғасын қалыптастыру; ішкі сезімдерін үнемі сарапқа салып, өзге адамға қарағандай өз “Меніне ” тереңділікпен, жан-жақты зерттеп шынайы “Мен”, өзгелер алдындағы “Мен” бейнесі, қарым-қатынас дамудағы “Мен” ұғымдарын жетілдіруге осылай интеллекті дамудың жоғары деңгейіне жету.

Нәтижесінде студенттердің өзін-өзі тануы арқылы қалыптасқан рухани-адамгершілік құныдылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет