2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus



бет2/7
Дата17.02.2017
өлшемі1,3 Mb.
#9488
1   2   3   4   5   6   7

Әр тарихи кезеңнің өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптасып, оның өзегіне адам өмірінің мән-мазмұны, дүниеге деген көзқарасы алынатыны белгілі. Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің басты мақсаты – жастардың тұлғалық қасиеттерін адамгершілік бағытта дамыту. Адамгершілік жалпы алғанда дүниетаным принципі десек, адам мүмкіншілігінің шексіз екендігін мойындау, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету - қоғамның түпкілікті мақсатына айналып отыр.


Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялар; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға назар аударылуда. Оның себебі біріншіден, еліміздің тарихи даму жағынан Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия мәдениетінің негізгі халықтарының даму этаптарынан өтуі, қазақи мәдени құрлымына түрлі мәдени әдет-ғұрыптарды бойына сіңірген көп ұлтты қазақстан халқының қалыптасуы;

Екіншіден, қазіргі уақыт талабына сай жаңа мыңжылдықтың тың көкжиегін ашатын, қазақтың ұлттық мәдени рухани менталитетін сақтай отырып дамытатын, негізгі тәлім –тәрбие өзегі болатын, жаңа модель қалыптастыру қажеттігі туындап отыр;

Үшіншіден, еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына ену үшін, жаңа педагогикалық инновация мен технологияны меңгеруге қабілетті, жан-жақты интелекті дамыған, рухани дүниесі бай көзі ашық тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымыдық элемент. Рухани құндылықтың сапасы жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. көптеген сапалары арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық адамның адами қасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-қатынасымен бірігу идеясымен ерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. қамтып дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оның ішінде ең жоғарғысы – қасиеттерге табуну, бала кезден ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып, кезеңге сай дамып отырды.

Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде өткір қойылып отырған.

Әдеби шолуларға сүйенсек құндылықтар жіктелуі әртүрлі: философиялық тұрғыдан витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.); діни (Құдай, сенім ғұрып, шіркеу және т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттік және т.б.) эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік, және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттік, Ата Заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.) Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.

Педагогикалық сөздікте: құндылық адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсететін қайырымдылығы тұрақтылығы, мейірімділік жүйесі - делінген.

Педагогикалық тұрғыдан рухани-адамгершілік құндылық тәрбие арқылы жүзеге асады. Негізінен рухани адамгершілік құндылықтар адам бойынан бастау алады. Себебі адам жаратылысы өмірге өзіне қарым-қатынасы, тұрмыс тіршілігі саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп сараланып отырады.

Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап қабылдайтын бұл -адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты анықтау үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік оянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз алдана мақсат қойып өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастау алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы, тұрмыс тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп, сараланып отырады. Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер және адам екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп келген.

Осы оқу құралында рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңа заманға сай қайтадан жаңғыртып, жастарымыздың бойында ізгілік нұрын себуге арналған өзін-өзі тану пәнінен негізгі өткізілетін дәрістер жинағы беріледі.


2 дәріс тақырыбы: Рухани жан дүние дамуының алғы шарттары

Мақсаты: Рухани жан дүниенің ұғымдық аппараты туралы ұғым беру; өзін-өзі тану

мазмұнын ашып көрсету.



Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану категориялары, категориялық аппарат, ұғым, өзін-өзі тәрбиелеу, білім беру.

Жоспары.

1. Рухани жан дүние ұғымдық аппараты.

2. Рух және жан үйлесімді дамуы.

3.Өзін-өзі тану адам туралы ғылымдар жүйесінде.

Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилон мен Фалес ауызынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады” – деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты.

Қазақ тарихындағы ғұламалардың ой пікірлері жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналады. А.Йассауи, А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, ұлы ғұламалар адамды аса жоғары құндылық ретінде бағалайды, оны табиғаттың, тірі дүние дамуының керемет нәтижесі, сондықтан да ол керемет пен марапатқа әбден лайық деп түсіндіреді. Мысалы А.Йассауи өз еңбегінде «…өзін - өзі танымаған адам, өзгені де тани алмайды». Қазақ ойшылдарының шығармаларындағы адам және қоғам мұраты проблемасын тарихи дамуына орай бірнеше кезеңге бөлуге болады. Оның біріншісі-Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау және тағы басқа да ақын –жыраулардың, ойшылдардың көзқарастары. Олар аталған проблеманы өмір салтымен, жер мұратымен, бостандық , теңдікпен, ел билеушілер мен төрелердің, батырлардың, қарапайым адамдардың жеке басымен, от басындағы қарым-қатынасымен, үлкендерге, әйелдерге деген құрметпен тікелей байланыстыра қарастырады. Мысалы, Асан қайғы Желмаяға мініп, ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер- қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық қонысты іздеп, соған жетуді арман етеді. Сондай-ақ, ол халық үшін “Жерұйықты” іздеп табуға бар күш-жігері мен ақыл-ойын жұмсайтын адамды мұрат тұтқан.

Немесе Абай «ұғымынша адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады…»[82]… әрі қарай адам туғаннан ер жету және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз болады.

Абай бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық ақиқатты, адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, оның ізбасарлары – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырды.

Сонымен Абай адамның жан-жақты жетілуіне толық адам болуы үшін адамға ең керегі: “ақыл, қайрат, жүрек” деп, адамның ішкі дүниесіне үңілуге өзін-өзі тануға шақырады.

Өзін-өзі тану әдіснамасын зерделеу арқылы оқу үрдісіндегі тәрбиенің заманға сай бағыт бағдарын дүниетанымдық жаңа ұстанымдарын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі жаңаша тәрбие беру қырларын ашу өзекті мәселенің бірі.

Елімізде 2002 жылы шыққан «Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде «Өзін-өзі тану» ұғымына төмендегідей түсінік берілген: «Өзін-өзі тану» - өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар /өзін-өзі бақылау әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан танып білу/: 1/ интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда күрделі және ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға тек бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2/ адам өзі жайлы мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау-көздер - өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарым-қатынасы арқылы да алады».

Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында көптеген ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т. Шерьязданова, п.ғ.к.Т.А. Левченко, п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессор Б.Қ. Дамитов, п.ғ.к.А.А. Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова, п.ғ.к. Л.К. Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б. Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде. Және бұл тұрғыда өзін-өзі тану ілімінің философиялық негізін қалаған ғалымдар А.Н. Нысабаев, Г.Г. Соловьева өз еңбектерінде ұстанған басты қағида – адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Бүгінгі білім жүйесінде, С.А. Назарбаева атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. С.А. Назарбаева оқытушылардың біліктілігін көтеру семинарында сөйлеген сөзінде …Білім беру жүйесі тұлғаның өзін-өзі тануына «Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым - қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кез-келген жағдайда жаман мен жақсыны қалай айра білу керек?» деген сұрақтардың төңірегінің мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімнің мазмұнын, оның құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек екендігін сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді» - деп саралап өтті.

Қазіргі өзін-өзі тану мәселелері тұлғаның перцевтивтік-коммуникативтік қабілеттерін В.К. Елманованың психология ғылымдарының кандидаттық диссертациясиялық зерттеу еңбектерінде және де бұл бағыттағы еңбектерде өзі мен өзгелер туралы білімге адам дамуына ортаның белгілі ықпалы бар екендігі туралы идея нақтыланады. /А.А. Бодалев, О.Г. Кукосян, И.А. Вишняков, Л.Н. Суетова. Өзін-өзі тану деңгейі ортаға кері әсер етуі мүмкін екендігі жөнінде де айтылады, яғни тұлға іс-әрекеттердің бағыт-бағдары мен табыстылығына әсер етеді. Дегенмен мәселенің бұл жағы жеткілікті түрде зерттелмеген.

Студент тұлғасының өзін-өзі тану мәселесіне деген көзқарастарды саралап көрелік. Алғаш рет студенттің тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі тану мәселесі Г.И. Метельскийдің еңбектерінде орын алды.

Ол тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеген болатын. Өзінің тәжірибелік зерттеуінде тұлғаның өзін-өзі тану процесінде жинақталатын білімдер, қабілеттер және дағдылар жүйесі алуан түрлі педагогикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешудің маңызды шарттарының бірі екендігі туралы болжамды негіздейді. Педагогикалық шеберліктің алуан түрлі деңгейлеріндегі тұлғаның қомақты тобын зерттей келе, Г.И. Метельский олардың өзін-өзі тануындағы, өзінің даму үрдісі мен нәтижесінің, оның жетістіктері мен кемшіліктерінің ерекшеліктерін танудағы да өзекті айырмашылықтарды көрсетіп берді.

Г.И. Метельскийдің зерттеуі студенттің болашақ педагог тұлғасы ретінде өзін-өзі тануы – оның өз тұлғасы мен іс-әрекетінің алуан жақтарын объективті, шынайы қабылдау мен түсінуге түрткі болар рефлексиялық гностикалық міндеттердің белгілі бір жиынтығын шешу процесі екендігін көрсетті. Г.И. Метельский тұлға бойындағы рефлексияға, өзін-өзі тануға қабілеттіліктің дамуының үш сатысын жіктеп көрсетті. Тұлға өз іс-әрекеттерінің ішкі бір бөлігін көріп-біліп, пайымдап, тек жекелеген жақтарына ғана түзетулер енгізу-төменгі деңгейге тән құбылыс. Адам тұлғасы туралы мағұлматтардың көбірек болып, оның ерекшеліктерін шынайырақ тануы-орташа деңгейдің сипатында жатады. Жоғарғы деңгей - болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі тану кезінде көрінетін мағұлматтық және бағдарлау қызметтерінің бірлігінің көрнекті үлгісі.

Г.И. Метельскийдің зерттеуі тұлғаның өзін-өзі тану процесінде қалыптасатын мағұлматтар мен қабілеттер жүйесі педагогикалық мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешудің маңызды шарттарының бірі болып табылып, тұлғаның еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісі ретіндегі өсіп-жетілуіне ықпал ететіндігі туралы болжамды дәлелдеп берді.

Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін -өзі түсінуі терминологиялық статусқа Е.М. Боброваның, Н.И. Кузьминнің, Ю.Н.Кулюткиннің, В.Н. Козиевтің, С.В. Васильковскаяның, Л.М. Митинаның, А.К. Маркованың, В.А. Якуниннің еңбектерінде ие болды.

Мысалы, Е.М. Боброва өзін-өзі түсінуді, яғни студенттің болашақ педагогикалық қабілет дағдыларды игеру деңгейін тұлғаның өз бойында бар білім мен тәжірибені педагогикалық үрдісте мақсаттарына жету үшін пайдаланады деп түсіндіреді.

В.Н. Козиев болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі түсінуін ол тұлға өзін ұғына отырып, өз ісін белгілі бір жүйеге бағыттап отырады деп қарастырады. Бұл іс-әрекетінің арқасында студент тұлғасының бойында белсенді түрде өзіндік жетілу, өз бойында саналы түрде жеке тұлғаның маңызды қасиеттері мен өз шеберлігін қалыптастыру процесі жүреді.
№3 кредит сағат

3 дәріс тақырыбы: Өзін-өзі рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу жолдары. Адамгершілік ата-ананы құрметтеу туралы



Мақсаты: Өзін-өзі тану іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі

Тірек ұғымдар: әдіснама, әдіснамалық негіз, аксиология, аксиологиялық әдіснама,

Жоспары.

1. Өзін-өзі тану зертеудің әдіснамалық негіздері.

2.Өзін-өзі тану жаңа әдіснамасы

3. Аксиологиялық әдіснамаға сипаттама.

Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайға көшуі білім беру жүйесіне, соның ішінде жоғары білім беру жүйесінің құрылымына өзгерістер енгізуде. Елімізде қалыптасқан нарықтық қатынастарға байланысты республикамыздағы жоғары оқу орнын бітіруші мамандардың сапасына жаңа талаптар қойылуда.

Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» деп атап көрсетілген.

Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымыдық элемент. Рухани құндылықтың сапасы жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. көптеген сапалары арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық адамның адами қасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-қатынасымен бірігу идеясымен ерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды –қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. қамтып дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оның ішінде ең жоғарғысы – қасиеттерге табыну бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып, кезеңге сай дамып отырды.

Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде өткір қойылып отырған.

Әдеби шолуларға сүйенсек құндылықтар жіктелуі әртүрлі: философиялық тұрғыдан витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.); діни (Құдай, сенім ғұрып, шіркеу және т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттік және т.б.) эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік, және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттік, ата заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.) Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.

Педагогикалық сөздікте: құндылық адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсететін қайырымдылығы тұрақтылығы, мейірімділік жүйесі- делінген.

Педагогикалық тұрғыдан рухани-адамгершілік құндылық тәрбие арқылы жүзеге асады. Негізінен рухани адамгершілік құндылықтар адам бойынан бастау алады. Себебі адам жаратылысы өмірге өзіне қарым-қатынасы, тұрмыс тіршілігі саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп сараланып отырады.

Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап қабылдайтын бұл -адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты анықтау үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік оянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз алдана мақсат қойып өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастау алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы, тұрмыс тіршілігі, санлы іс-әрекеті мен сезамі арқылы өлшеніп, сараланып отырады. Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер және адам екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп келген.

Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды.

Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, … “бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді [6]. Осылай рухани құндылықтарды адам өз дәрежесінде меңгеріп оны ішкі дүниесімен қабылдап, жүрегімен түсіне білгенде ғана тұлға жан-жақты жетіліп ол арқылы қоғам мәдениетінің артатындығы көрінеді.

Әрбір тарихи кезеңде дамып, бірақ та осы уақытқа дейін адам санасында сақталып, оның дамуына өз үлестерін қосып отырған қазақ ойшылдарының құндылықтар туралы көзқарастарына тоқталсақ, бүгінгі күні Ш.Уалихановтың, Ы. Алтынсаринның, А. Құнанбаевтың моральдық-имани көзқарастарын Қазақстан жастарын тәрбиелеу теориясының негізі және теоретикалық - әдістемелік бастауы болып табылады деп толық мағанасында айтуға болады.

Жаңа дәуірдің, халықтың ұлттық сана сезімнің ояну дәуірінің жаршысы өзінің бүкіл қоғамдық – саяси әрі ағартушылық қызметі қараңғылық пен надандыққа, діни мұсылмандық фанатизмге қарсы қажырлы күреске өзек болған Ш. Уалихановтың моральдық идеяларының негізі – қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі “жабайы” мінездеріне орай адам қасиеттерін сипаттайтын адамгершілік құндылықтарына:



  • “намыс”,

  • “әділдік”,

- “парыз” т.с. түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде пайдалана отырып мәнін ашып берді.

Ағартушы-демократ, қоғамдық қайраткер әрі ойшыл, реалист-ақын, ғылым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін жасап, өз еңбектерінде мектеп пен отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді.



Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан-жақты әлеуметтік қарым – қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге алып, келер ұрпаққа бір сөзбен “Адам бол!” – деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің негізгі принциптері- қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға итермелейді немесе “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі” деп рухани-адамгершілік құндылықтың келесі жағы қарым-қатынас құндылығын суреттесе, өзінің отыз жетінші сөзінде: “Мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, «адам мінезін түзеп болмайды» деген кісінің тілін кесер едім немесе “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады –деп келесі рухани-адамгершілік құндылықтарына мәдени-этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді” Тағы бір сөзінде Абай шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайды – деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді. алатындығын айтып жеткізіп кеткен.

Одан кейінгі ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, С. Қалиев, Ш. Майғаранова т.б. өздерінің педагогикалық шығармаларында адамгершілік, парасаттылық идеяларын кеңінен уағыздап, мәдени, рухани-адамгершілік туралы көптеген мәдени деректер қалдырған.

Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен мінез үйлесімділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Шәкәрім рух пен нәпсі, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Адам өміріндегі мақсатты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны /жақсы ой мен жаман ойды/ ажыратып, тура жолын, өмірдегі өз орнын таба білу рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу Шәкәрімнің басты қағидасы болды. Яғни, адамның кез-келген іс-әрекеті ол - жаны мен тәнінің ықыласынан туындайды, адам парасатты болу үшін ол өзінің ішкі жаны мен тәнінің тылсымын түсіну қажет екендігін өз ойларында дәлелдейді. Бұдан біздер, тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі биік адамгершілік тұрғыда көтерілгенде ғана соны тұлға өзін-өзі танып, өз бойынан көре білгенде ғана , іс-әрекет түрінде жүзеге асыра алады –деп ұғынуға болады.

Ал, рухани сананың мақсаты-өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі адамгершілік тұғырлары шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу болып табылады.

4 дәріс тақырыбы: Өмірдің мәні, ар-ұждан, қадір қасиеттің қалыптасу жолдары

Мақсаты: Өмірдің мәнін ерекшелігін түсіндіру

Тірек ұғымдар: мақсат, міндет, т.б.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет