2 Практикалық бөлім



бет5/9
Дата28.09.2022
өлшемі2,37 Mb.
#151059
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 Практикалы б лім

1.4 Мәліметтер базасы

Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз. Мысалы үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастырайық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың іштеріңде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер негізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары бар.


Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөңелтуге арналған программалық құралдар кешені. Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар – бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады.
Кесте деректер қоймасының негізі болып табылады. Бүкіл ақпарат кестелерде беріледі. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады.
Пішіндер пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді.
Сұраныс – қолданушы көрсеткен,белгілі бір шарттарды қанағаттандырып, ақпараттарды мәліметтер қорынан алу жолдары. Сұраныс нәтижесі кесте түрінде көрсетіледі.
Деректер типтері: Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде енгізіледі.
Мәтіндік – текстің бір қатары (255 символға дейін)
Мемо өрісібірнеше қатарлардан тұратын текст, оны содан соң айналдыру жолағының көмегімен көруге болады. (65 535 символ)
Сандық – санның кез келген типі (бүтін, нақты және т.б.)
Уақыт/ күнтізбе – уақыт немесе күнтізбені қамтитын өріс
Ақшалық – ақшаның бірлігін көрсететін өріс.
Санауыш – әрбір жазбадан кейін автоматты түрде қойылып отыратын өріс.
Логикалық – ақиқат және жалған екі мәннің бірін ғана қабылдайтын логикалық операцияларда қолданылады.
OLE объектісінің өрісі – сурет, дыбыстық файлдар, Excel кестесі, Word құжаты және т.б.
Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде жалғастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Екінші реттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады. Мәліметтер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.
МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
1)кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
2)кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
3) кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
4) берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ-ның тағы бір фунциясы – мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі [9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет