2 практикалық жұмыс Глоссарий Базалық пән



Дата06.02.2022
өлшемі14,83 Kb.
#81217
Байланысты:
2-апта Элективті курс Алшора Айғаным


2 практикалық жұмыс
Глоссарий


  1. Базалық пән – оқытудың барлық бағыттарына міндетті болатын типтік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәні.

  2. Бейіналды даярлық жүйесі - 9-10 сынып оқушыларының орта білім деңгейінде білім алу жолын өздері таңдауына, танымдық және кәсіптік қызығушылығын дамытуға, саналы түрде шешім қабылдауға үйрететін білім жүйесі.

  3. Бейінді-бағдарлы оқыту – оқушылардың қызығушылығы мен ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ету.

  4. Бейіндік мектеп – жоғары сыныптарда бейінді оқытуды,бейіндік және таңдау курстары кіретін,білім алушылардың өз білім алу траекториясында жеке таңдауларын қамтамасыз етуде жеткілікті қорлары жоқ мектептер мен білім беру ұйымдарын біріктіретін білім беру жүйесі, яғни бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы.

  5. Бейіндік пән – жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту бағытына сәйкес нақтылы мазмұны бар болатын типтік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәні.

  6. Бірбейінді оқыту – оқу орны бейіндік оқытудың бір бағытын( мысалы,жаратылыстану-математикалық) іске асыру процесі.

  7. Дәстүрлі оқыту – оқу үрдісін иллюстративті(лекция,баяндау) және репродуктивтік(сұрақтарға жауап беру,есеп шығару) әдіс бойынша жүргізу технологиясы.

  8. Жаратылыстану-математика бағыты – табиғатты зарттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтығы.

  9. Желілік бейіндік оқыту – басқа білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылатын жүйе.

  10. Кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің,технологтардың,дәрігерлердің,инженер-педагогтардың,жанұяның, еңбек ұжымдарының бірлескен іс-әрекеті.

  11. Кәсіби бейіндік қолданбалы курстар – оқушылардың пән негіздерінен игерген білімдерін тәжірибеде қолдана алудың маңызды жолдары мен әдістерін оқыту.

  12. Көпбейінді оқыту – оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын(жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық,технологиялық) іске асыру процесі.

  13. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт– адамның әлеуметтік табиғаты жөнінде,сондай-ақ көркем мәдениет негіздері мен оның тілі туралы ғылыми білімдер негізін баяндайтын оқу пәндерінің жиынтығы.

  14. Мектепішілік бейіндік оқыту – оқушылардың білім алу қажеттілігіне,кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейіндік оқытудың желілік ұйымдастырылатын бағыттарын оқу орнының өзі анықтауына негізделген жүйе.

  15. Оқу жоспарының вариативті компоненті – оқушылардың қабілеттеріне және білім беру сұраныстарын есепке ала отырып, жалпы білім беретін ұйыммен анықталатын оқу пәндері мен курстарының жиынтығы.

  16. Оқу жоспарының инвариантты компоненті – орта білім берудің мемлекеттік жалпығы міндетті стандартына енгізілген және жалпы білім беретін ұйымдарда оқуға міндетті пәндердің жиынтығы.

  17. Пәнаралық байланыстар – әр пәннен алған білімді кез келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалану.

  18. Пәнаралық қолданбалы курстар – оқушылардың табиғат туралы білімдерін тереңдетіп оқыту.

  19. Пәндік қолданбалы курстар –мектептің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша (мысалы,химия) білімді тереңдетіп оқыту.

  20. Профильді курстар – кәсіби білімді алуды жалғастыратын мектеп бітірушілерді дайындауға бағдарланған,жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз етеді.

  21. Факультатив сабақтар – оқу пәндерін оқушылардың өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шәкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуға бағытталған оқу үрдісі.

  22. Элективті курс – оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын,оқыту процесін актуализациялау мен индивидуализациялаудың жаңа механизмі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет