2 пс. Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау


Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі



бет3/7
Дата10.10.2023
өлшемі30,22 Kb.
#184604
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 пс. Сана және бейсана философиялық концепцияларды салыстырмал-emirsaba.org

3. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі.
Орта ғасыр философиясы
  1. Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.


  2. Августин Аврелий және Томас Аквинаттың діни философиясы.


  3. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.


  4. Әл Кинди және әл Ғазали философиясы.


  5. «Таза ағайындардың » әлеуметтік көзқарастары.




Теологияның негізгі қағидалары:
  • әлеуметтік статусының қандай еке-ніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі;


  • адам-заттың түбі бір;


  • адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс.


Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді.




  • Августин Аврелий (Блаженный)

354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды.


Ең басты мәселе — космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз — өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз — Құдайды еске алу, біздің танымымыз — Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,)
  • Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді.


Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:


  1. Идея Құдайдың ойлары;


  2. Құдай таза Болмыс ретінде басқа заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет