Байдуанова Разия Мұғалім портфолиосы В1 есебі
№2 топ ІІІ деңгей
Алматы облысы
«Бекітемін» «Келісемін»
Қарымсақ орта мектебінің Қарымсақ орта мектебінің директоры оқу ісінің меңгерушісі ___________Кунбасов С.А. ________Балғымбаева Ғ.Ы.
« __» ________2013ж «___»__________2013ж
Қарымсақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі – Байдуанова Разия Боларбекқызы. 6- сынып.
Өзімнің оқыту және оқу тәжірибемде Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасын (кем дегенде төрт сабақ) орта мерзімді жоспарлау.
Мақсатым: Тізбектелген сабақтар топтамасына енгізілген сабақтарда жеті модульді енгізе отырып, балаларды еркін сөйлеуге және өз беттерінше есеп шығаруға баулу.
|
1.Сабақтың тақырыбы және негізгі мақсаттары:
|
2.Сабақ жүргізудегі жұмыс істеу формалары мен қолданылатын модульдер
|
3.Оқу нәтижелері
|
4.Инклюзивті оқыту/дифференциация Көшбасшылық және басқару
|
5.Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау
|
6. Негізгі ресурстар
|
1
|
Сабақтың тақырыбы:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
Сабақтың мақсаты:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде алмастыру тәсілін қолдануға баули отырып, топпен және жеке дара нәтижелі жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
|
Сабақта негізінен топтық жұмыс атқарылады. 1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында балаларда топқа бөліп, жақсы тілектер айтылады.
2/Диалогтық әдіспен
Жаңа сабақты бастау «бастама-сұрақ-кейінгі әрекет» нысаны бойынша түсіндіріледі.
Сергіту сәті: «Балапандар» жаттығуын жасау
3.Сыни тұрғыдан ойлау. АКТ. Балалардың түсінгенін білдіретін сұрақтар қойылып, есептер шығарылады.
4.Бағалау: Сабақ аяғында балаларды жұмысы бағаланады
5. Көшбасшылық
Бағалаудың нәтижесінде көшбасшылық анықталады
|
Оқушылар тақырыппен танысады.
Әр топтан тақырыпты түсінген оқушы өзгелерге түсіндіре отырып есепті шығарады.
Оқушылар өздерінің бар білімін қолдана отырып, жұмыс жасайды. сұрақ қояды
|
Үздік оқитындар- тақырыпты түсіндіре алады.Бұл деңгейдегі оқушылар іс-әректтерді өз бетімен орындай алады.
Жақсы оқитындар – есепті шығара отырып, түсінбеген жерлерін сұрай бастайды.
Орташа оқитындар– жоғары қабілетті оқушымен бірлесе жұмыс істейді, түсінбегенін қасындағылырдан сұрайды.
Төмен оқитындар дайын болған есепті дәптеріне немесе постерге жаза бастайды.
|
Мұғалім әр топтағы әртүрлі деңгейдегі оқушылардың қарым-қатынастарын бақылайды.
Әр оқушы не үйренгенін айтып,өзін бағалайды, бір топ мүшесі топ мүшелерінің қалай жұмыс істегенін айтады, формативті пікір айтылады.
|
Оқулық
Ноутбуктер
Бағалау үшін қолданылатын
фигуралар:
Плакаттар
Магниттер
Түрлі қаламдар
Стикерлер
|
2
|
Сабақтың тақырыбы:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаттары:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде алмастыру тәсілін қолдануға машықтандыру,
өзінділік дербестілікке және ұйымшылдыққа баулу
|
1.Ынтымақтастық
1.Топқа бөлу 5-ке, 6-ға, 7-ге еселік сандарды таңдау арқылы бөлінеді.
2. «Екі өтірік, бір шындық» айту
2.Диалогтік оқыту және оқу. Өткен тақырып бойынша сұрақтар:
І топ.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді алмастыру тәсілімен қалай шешіледі?
ІІ топ.Айнымалы дегенді қалай түсінесің?
ІІІ топ. Сызықтық теңдеу деген қандай теңдеу? Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілін қолданып шешу .№1510, №1512
Сергіту сәті: «Екі жарты» физминуткасының жаттығуын жасау
3.Талантты және дарынды балалармен жұмыс
№1502 С-бөлімінің есебі
4.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бақылаушының пікір айтуы
5.Көшбасшылық және басқару
Пікірлер қорытындысы бойынша
|
Оқушылардың сұраққа жауап беруі
Есептерді жұппен және топпен талдай отырып түсінеді
Үздік оқушылар С-бөлімінің есебін шығарады
|
Үздік оқитын оқушылар – сұрақтарға жауап беріп,орта деңгейлі есепті жылдам шығарып болып, қиын есепті шығарады
Жақсы оқитындар-сұраққа жауап береді, түсінбеген тұстарын сұрай отырып есеп шығарады
Орташа оқитындар –оңай есептерді шығарады,ары қарай жанындағылардан сұрап жазады.
Бұл тақырып жеңіл емес – оқушы тапсырманы орындап болған соң, мұғалім, түсінгенін тексеру үшін, қосымша сұрақтар қояды.
|
Мұғалім оқушылар топта бір-біріне есепті түсіндірген кезде, оларды тыңдайды (бақылау және бағалау проформасын пайдаланады)
Сабақ соңында оқушылар пікірлерін айтып ,мұғалім өз пікірін қоса ортырып мадақтаулар арқылы бағалайды
|
Оқулық
Ноутбуктер
Бағалау үшін қолданылатын
фигуралар:
Нақыл сөздер жазылған қағаздар
|
3
|
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу.
Сабақтың мақсаты:
Балаларды екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу тәсілін меңгеруге баулу, өзі үйрене отырып, өзгені де үйрету дағдысын қалыптастыру және балаларды ұйымшылдық, сыйластық, ойын еркін де ашық жеткізуге баулу
|
1.Ынтымақтастық.
Бұл сабақта топқа бөлу топ нөмерлері жазылған асықтарды таңдау арқылы бөлінеді де,көршісінің ең жақсы қасиетін айту арқылы көтеріңкі көңіл сыйлайды.
2.Сыни тұрғыдан ойлау.
Сұрақтар:
1.Бұл тақырыптың мақсаты қандай деп ойлайсың?
2. Осы сабақта өз алдыңа қандай мақсат қоясың?
3.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалогтік тәсіл.
-Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың біреуінің ғана коэффициенттері қарама-қарсы сандар болса, теңдеулер жүйесін қалай шешеуге болады?
-Айнымалылардың сәйкес коэффициенттері өзара тең болса, теңдеулер жүйесі қалай шешіледі?
-Айнымалылардың сәйкес коэффициенттері өзара тең де, қарама –қарсы сандар да болмаса, теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен қалай шешеді?
4 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.АКТ. «Қосу » тәсілін қолдануға есептер шығару
№1534, №1535 , №1547
4.Талантты және дарынды балалармен жұмыс
5.С- бөлімі. №1540. Асхат қорадағы жайылып жүрген лақтардың және тауықтардың аяқтарын санағанда , барлығы 46 аяқ болды. Олардың бастарын санағанда , барлығы 17 болды.Асхаттың қорасында неше лақ, неше тауық жайылып жүр
5. Бағалау. Топ мүшесі бағалау критерий лері бойынша пікірін білдіреді
6. Көшбасшылық
Бағалау критерийлері бойынша анықталады
|
Оқушылар жұппен және топпен пікірлесе отырып,«қосу» тәсілін қолданып есептер шығарады
Сабақта сұрақтар сұрақ қоюдың үлгісі: "бастама-жауап-кейінгі әрекет" нысаны бойынша дайындалып, осы сабақта оқушыларға қойылды:
Оқушылар сұраққа жауап беріп,теңдеулер жүйесін шешуде «қосу»
тәсілініңерекшеліктері жөніндегі бұрыннан бар білімдеріне сүйенеді және оны жетілдіреді
|
Үздік оқитын оқушылар– жұптасып, есеп мазмұнын талдай отырып, өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізеді
Жақсы оқитын оқушылыр– жұптасып, есеп мазмұнын талдағанымен дәлелдеп,мысалдарын келтіре бермейді.
Орташа оқитыноқушы: –кең түсіндіруді,дәлелдеуді қажететпейтін сұрақтарға жауап беріп,қиындығы жоғарылау есепті шығара бермейді.
Төмен оқитын оқушылар – жұптасып,жеңіл есептерді ғана шығарып отырыды. Мұғалім осы топпен және орташа топпен жұмыс істейді
|
Мұғалім есептердің дұрыс шығарылуын бақылап тұрады да,мадақтау сөздер арқылы оларды жігерлендіріп отырады.
|
Оқулық
Нұсқаулық
Нақыл сөздер: «Үйрену мен есте сақтаудың ең тиімді әрекеті-басқаларды үйрету»
А. Әлімов
Плакаттар
Магниттер
Түрлі қаламдар, стикерлер
Бағалау критерийлері
|
4
|
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Балаларды екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу тәсілін мәтін есептерді шешіуде қолдану және
балалардың сөйлеу,сыни ойлау қабілеттерін дамыту
|
1.Ынтымақтастық.
1.Топқа бөлу «алмастыру», «графиктік», «қосу» сөздерін таңдау арқылы жүргізіледі.
2. . «Егер мен ... болсам, саған ... сыйлар едім» сөйлемін толықтыру арқылы ынтымақтастық атмосферфаын орнату.
2.Диалогтік әдіс.
1.Теңдеулер жүйесін шешуде графиктік тәсілді қалай қолданамыз?
2. Теңдеулер жүйесін шешуде алмастыру тәсілін қалай қолданамыз? 3. Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешуде қосу тәсілін қалай қолданамыз?
3. АКТ Есептер шығару.
№1538, №1541, №1543.
4.Талантты және дарынды балалармен жұмыс.
1.Алмастыру және қосу тәсілдерінің ұқсастығын қарастыру
2. Графиктік тәсіл мен қосу тәсілінің айырмашылығын табу
3.Алмастыру тәсілі мен графиктік тәсілдің тиімділігін анықтау. Постермен жұмыс.
5.Сыни тұрғыдан ойлау.№1533
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу жүйесін шешу жолдарының басқа тәсілі болуы мүмкін бе?
6.Бағалау.Мадақтау арқылы ынталандыру.
7.Көшбасшылық. Топ мүшелерінің пікірлеріне негізделіп анықталады.
|
Оқушылар үш топқа бөлініп
үш тәсілдің қолдану жолдарын айтады.
Өз беттерінше теңдеулер жүйесін құруға үйренеді.
Есептер шығару нәтижесінде қосу, алмастыру,графиктік тәсілдердің айырмашылығын түсініп, тиімді тәсәлмен шығаруға бейімделеді.
Басқа да тәсілдерін қарастырып көруге мүмкіндік іздейді
|
Үздік оқитын щқушылар
Теңдеуді құруға және оларды тнрлі тәсілмен шеше білуге, теңдеуді шешудің басқа жолдарын қарастыруға үйренеді
Жақсы сқитын оқушылар мәселе есепке өз беттерінше теідеу құра отырып, оның шешіімін таба алатын болады.
Орташа оқитын оқушылар теңдеуді құра алмайды,бірақ құрылған теңдеуді шешуді үйренеді
|
Оқушылар мұғалімге сұрақ бере отырып, теңдеу құрады, мұғалім теңдеуді шешудің ең тиімді тәсілін қолдана білуін қадағалайды. Соған қатысты мадақтаулар айтып теңдеуді өмірмен байланыстырып қолдануға ынталандырады.
|
Ноутбук
Тест материалдары
Топқа бөлу қима қағаздары
Бағалау үшін қолданылатын фигуралар
Плакаттар
Стикерлер, түрлі қаламдар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Міндетім: сыни тұрғыда ойлана алуына ықпал жасау; сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру; топпен жұмыс жасауын қадағалау; берілген білімді жаңа әдіс-тәсілді пайдалана отырып меңгерту.
Орта мерзімді жоспарымның тапсырмаларына тоқтала кететін болсам, барлық тапсырмаларымды Блум таксономиясының деңгейлерін негізге ала отырып жеті модульді ықпалдастыруға тырыстым.
Сабақтар топтамасының реті бойынша «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу» тақырыбына құрылған сабағымның мақсаты мына негізде болды: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде алмастыру тәсілін қолдануға баули отырып, топпен және жеке дара нәтижелі жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.Осы сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдерім: «Топтастыру», «Ми шабуылы», «Жылы сезімдер», «Жұптық жұмыс», «Сұрақ – жауап».
Екінші өтілген сабағымның «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу тақырыбына есептер шығару» тақырыбына құрылған мақсатым: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде алмастыру тәсілін қолдануға машықтандыру, өзінділік дербестілікке және ұйымшылдыққа баулу. Міндетім: сыныпта жағымды ахуал қалыптастыра отырып, топпен бірлесе жұмыс жасауын қалыптастыру, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйрету.
Үшінші өткен «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу» тақырыбына құрылған сабағымның мақсаты: Балаларды екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу тәсілін меңгеруге баулу, өзі үйрене отырып, өзгені де үйрету дағдысын қалыптастыру және балаларды ұйымшылдық, сыйластық, ойын еркін де ашық жеткізуге баулу.
Міндетім: оқушылардың ой-өрісін, сөз қорларын кеңейту; психологиялық ахуал қалыптастыру; топпен жұмыс жасауын бақылау; әртүрлі тәсілдер арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа үйрету. Қолданылған әдіс-тәсілдерім: «Топтастыру», «Жылы сезімдер», «Жұптық жұмыс», «Сұрақ – жауап», «Ми шабуылы», «Ұқсастық пен даралық». Тізбектелген сабақтар топтамасының төртінші сабағымның «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу тақырыбына есептер шығару» тақырыбының мақсатын мына негізде қойдым: Балаларды екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу тәсілін мәтін есептерді шешіуде қолдану және балалардың сөйлеу,сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Міндетім: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып ізгілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қолданған әдіс-тәсілдерім: «Ой шақыру», «Кері байланыс парағы», «Венн диаграммасы», «Ой қозғау», « Т кестесі», «БҮҮ».
Орта мерзімді жоспарлау жеті модульдың стратегияларын кіріктіріп, іс-тәжірибемізде соның тиімді, ұтымды жақтарын бақылау және де келешекте өз- өзіне сенімді, дәлел-уәжді айта білетін, сыни көзқарасы қалыптасқан, өз білгенін әрі қарай бүкіл өміріне қолдана алатын оқушыларды байқау мақсатында сабағымның мақсатына жету деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Алдамұратова А .(2010), Математика. 6-сынып оқулығы
2. Әлімов, А. (2013), Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, (2012) «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ.
Достарыңызбен бөлісу: |