2 Семианар Тақырыбы: Тарихи білімді меңгеру кезеңдері, қалыптасу жүйесі. Орындаған: Рәсіхан А. А


Жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудағы ерекшеліктері



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі43,52 Kb.
#80910
1   2   3
Байланысты:
2-семинар 304.Рәсілхан Аружан

Жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудағы ерекшеліктері.

  1. Негізгі идеялар мен түсініктер.

  2. Материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері.

  3. Курстың оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері.

  4. Мектепте 8-9 және 10 сыныптардағы Қазақстан тарихы курсының құрылымы мен білімдік, тәрбиелік мәні.

Дамытушы оқыту оқушылардың білімін, іскерлігін, интеллектісін, ерік-жігерін, көңіл-күйін, оқуға деген ынтасын және басқа да танымдық қабілеттерін дамытып, олардың ойының дамуына ықпал етеді, көзқарасын қалыыптастырады, білімді алуды қамтамасыз етеді. Дамытушы оқытудың тиімділігі мен нәтижелілігі бірқатар шарттарды сақтағанда көтеріледі:
1. Оқушының өз қолы жете алатын, алайда бұл үшін бірқатар қиыншылықтарды жеңу керек тапсырмаларды беру әдісі. Бұл деңгей оқушының білім ала алу іскерлігінен бір ғана саты жоғары болуы тиіс. Оқыту оқушыға түсінікті түрде жүргізілуі тиіс, сонда ғана бұл үдеріс оған қызықты бола алады. Тым қарапайым немесе тым қиын тапсырма олардың қызығушылығын төмендетеді. Қиын, алайда орындалуы мүмкін болатын тапсырма оқушының өз күшіне деген сенімін арттырады.
2. Оқушылардың назарын фактілік материалға ғана емес, тоериялық қорытындылар ме тұжырымдарға да аудару тарихты мектепте оқытуды тиімділендіреді. Материал мүмкіндік беретін жерлерде даяр қорытындыларды оқушыларға бере салудың қажеті жоқ. Оқушының өзіне фактілерді тұжырымдату арқылы қорытынды жасауға мүмкіндік беру керек.
3. Оқыту тиімділіг мен оның шапшаңдығының арасында белгілі-бір байланыс бар. Шектен тыс шапшаң қарқын оқушыларға материалды түсінуге, бекітуге және терең түсінуге мүмкіндік бермейді. Ал, өте даяу қарқын да оқушылардың қызығушылығы мен ерік күшін төмедетіп, олардың ойлау қабілетін дамытуға бөгет болады. Яғни, әр сыныптың өзіне сәйкес келетін оқыту шапшаңдығын дәл анықтап алу өте маңызды.
Егер оқушы оқытудың мақсаттарын сезбесе оның материалды толық меңгеруі мүмкін болмайды. Сондықтан, оқушылар өз бетінше оқу іскерліктері мен машықтарына жаттығу жасауы да маңызды.
Оқушылардың мұндай қызметке, іс-әрекетке даярлығы белгілі-бір іскерліктер мендағдыларды меңгеруден басталады. Оқу іскерлігінің тәрбиелік те мәні үлкен, өйткені ол еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, жауапкершілікке және басқа да кез-келген адамның өміріне қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Іскерлік дағдыларының қалыптастырылмауы оқушының тез шаршағыштығына жол береді, өйткені мұндай оқушылар өз еңбектерін ұтымды ұйымдастыра алмайды, сөйтіп оқу еңбегіне деген қызығушылығы барған сайын төмендей береді, үлгерімі төмендейді.
Іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырмас бұрын олардың мазмұнын анықтау керек. Психологтар мен педагогтар бұл бағытта жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан соң іскеріктер – іс-әрекеттің белгілі-бір түрін саналы түрде меңгеру, ал дағды – автоматизмге дейін жеткізілген іскерлік деген анықтаманы тұжырымдап шықты. Сондықтан, іскерлік бірте-бірте дағдыға айналады. Оосыған сәйкес, оқу үдерісі барысында іскерлік және дағды бір ммерзімде қалыптастырылады деп айта аламыз (мысалы, мәтінді оқи алу іскерлігі және шапшаң оқу дағдысы).
Іс-әрекетті меңгерудің жоғарғы сатысы ретінде белгілі-ібр дағдылардың негізінде неғұрлым жалпы, кең іскерліктер дами бастайды. Іскерліктер іс-әрекет тәсілі туралы білім және көпварианнты жаттығулар негізінде қалыптасады.
Бірақ іскерлікер мен дағдылар үш топқа бөлінеді:

  1. Оқу еңбегін ұйымдастыру (жұмыс орнын даярлау, ой еңбегі гигиенасын сақтау) және оқу әрекеті құрылымын меңгеру. Бұл жерде оқушылардың оқу міндетін саналы түрде өзбетінше қоюға, тапсырманы орындауды жоспарлау іскерлігі мен өзінің оқу және қоғамдық жұмысын өзі бағалауы және бақылау тәсілдерін меңгеруіне ерекше назар аудару керек.

  2. кітап және оқу ақпаратының басқа көздерімен жұиыс жасауды (оқу үдерісін меңгеруі, яғни, сипаты жағынан әртүрлі мәтінді оқи алуы, қарқыны, кітапты оқудың мақсатын анықтай алуы, ақпарат ала алуы және оларды бір жүйеге келтіре алуы).

Пайдаланған әдебиет тізімі:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
2.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
4.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
5.Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
6.Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. – Алматы: Мектеп, 1984.
7.Тұрлығұл Т.Т. Тарих сабақтарын жетілдіру жолдары. – Алматы: Мектеп, 1984.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет