Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық Университеті Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
№2 Семинар Тақырыбы: “Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы”
Орындаған: Үсіпбек Ботагөз Топ: 207 Қабылдаған: Иманбаева Сәуле Тохтаровна 2020-2021 оқу жылы Жоспар: І.Кіріспе: Педагогикалық мамандықтың пайда болуы. ІІ. Негізгі бөлім: Педагог мамандығының маңыздылығы. ІІІ. Қорытынды: Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. Педагогикалық мамандықтың пайда болып, қалыптасуы. Мұғалімдік кәсіптің ежелгі замандардан бастап қалыптасқанын баршамыз білеміз. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастау алып, ғасырлардан ғасырларға түрленіп мән-мағынасы жағынан көптеген өзгерістерге ұшырап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан тәрбие феноменінің өзектілігі жылдан жылға күшею үстінде. Әр қауымда балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелейтін, олардың есейгендігін дәлелдеуге дайындайтын қарапайым «жастар үйі» деп аталатын мекемелер пайда болған.
Ондағы тәлім-тәрбие беруші беделді адамдар балаларды өмірге дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын меңгертіп, садақ атуға, аң аулау өнеріне, ептілікке, шыдамдылыққа, батылдыққа үйретіп отырған.
Педагог мамандығының маңыздылығы. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қоғам дамуындағы рөлі жайлы жетекші идеямен өзекті. Педагог мамандығындағы негізгі міндет – қоғам дамуының мақсаттарын жете түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау. Мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Мұғалімдер жасөспірімдердің дуниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын қалыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. Профессиограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған. Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этникалық салалары туралы шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде айрықша көрінеді. Әл-Фараби ұстаздың мінез-құлық нормасы қандай болуы жайлы былай деп жазды: “...ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады”.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады: Жалпыадамзаттық қасиеттері
Кәсіби-педагогикалық қасиеттері Арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған заңның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі, құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі анықталған.