Көлеңкелі экономика
Заңсыз әрекеттер
Өзіндік тұтынуға өндірілген заттар
Бағалы қағаздар нарығындағы операциялар
Ақысыз қызметтер
Өткен кезең өнімдері
ЖІӨ-ді есептеудің қағидалары:
1. Қайталау есебінің болмауы
2. Жиынтық өнімнің көлемін згертетін көрсеткіштерді ғана есепке алу
3. Тек есептік кезеңде өндірілген өнімнің құнын есепке алу
2.Ұлттық есеп шот құрылымы және оның мәні. Экономикалық қызметтердің өлшеу нәтижесі. - Макроэкономикалық үрдістер үшін олардың өзіндік параметрлерінің (көрсеткіштеріннің) болуы тән сипат. Макроэкономикалық талдау жүргізу барысында көптеген болжамдарды жасау сол макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнін анықтау, олардың дұрысты, ғылыми дәлелденген ұғымдарын қалыптастыру, араларындағы қатынастардың сипатын ашу сұрақтарының шешілуіне байланысты. Бұл параметрлерді нақты экономикалық үрдістерде практикалық мақсатта қолдануға болады.
Жалпы ұлттық өнім – бұл ұлттық экономикада белгілі бір уақыт шеңберінде (әлбетте бір жыл ішінде) резиденттермен өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны. ЖҰӨ берілген мемлекеттің азаматтарының (резиденттердің) меншігіндегі өндіріс факторлары арқылы шығарылады, оның ішінде басқа мемлекеттің жерінде де өндірілген соңғы өнімдердің құнын өлшейді.
Жалпы ішкі өнім - берілген мемлекет жерінде мемлекеттің өз азаматтары және шетел азаматтары меншігіндегі өндіріс факторлары арқылы шығарған соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны.
Достарыңызбен бөлісу: |