ЖІӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:
1. Кірістер бойынша. Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік иелерінің табыстарының қосындысы ретінде, яғни факторлар табыстарының, сондай-ақ табыс болыр табылмайтын амортизация мен жанама салықтардың қосындысы түрінде анықталады.
GDP = w + R + i + P + Tc + A
Мұнда,
W – жалақы, R – рента, i –пайыз, P –пайда, Tc –жанама салықтар, A -амортизация
2. Шығындар бойынша - Шығын бойынша — барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді.
Мұнда, C – тұтыну шығындары, I – инвестициялық шығындар, G – мемлекеттік шығындар, Xn – таза экспорт Xn = X – Z Мұнда, X – экспорт, Z - импорт
GDP=C+I+G+Xn
3. Қосымша құн бойынша - Қосымша құн – бұл жабдықтаушылардан сатып алған шикізат пен материалдар құнын шегергендегі фирма өнімнің нарықтық құны.
- ЖІӨ – бұл барлық қосымша құндардың қосындысы
ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.
ЖІӨ көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынды АҚШ алады (2016 ж – 18,57 трл долл, жан басына - 57 466 долл.), ал жан басына шаққанда алғашқы орынды Люксембург (102 831 долл) алады.
Қазақстанда ЖІӨ 2016 жылы – 133,7 млрд.долл. , жан басына шаққанда - 7 510 долл құрады.
Ресей ЖІӨ 2016 ж. - 1 283 трл долл, жан басына шаққанда - 8 748 долл
Достарыңызбен бөлісу: |