2-ші тақырып. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың өзара байланысы



бет4/9
Дата04.01.2022
өлшемі290,04 Kb.
#109288
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 тема

ЖІӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:


1. Кірістер бойынша. Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік иелерінің табыстарының қосындысы ретінде, яғни факторлар табыстарының, сондай-ақ табыс болыр табылмайтын амортизация мен жанама салықтардың қосындысы түрінде анықталады.

GDP = w + R + i + P + Tc + A

Мұнда,


W – жалақы, R – рента, i –пайыз, P –пайда, Tc –жанама салықтар, A -амортизация

2. Шығындар бойынша

  • Шығын бойынша — барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді.
  • Мұнда,

    C – тұтыну шығындары, I – инвестициялық шығындар, G – мемлекеттік шығындар, Xn – таза экспорт

    Xn = X – Z

    Мұнда, X – экспорт, Z - импорт


GDP=C+I+G+Xn

3. Қосымша құн бойынша

  • Қосымша құн – бұл жабдықтаушылардан сатып алған шикізат пен материалдар құнын шегергендегі фирма өнімнің нарықтық құны.
  • ЖІӨ – бұл барлық қосымша құндардың қосындысы

ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.

ЖІӨ көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынды АҚШ алады (2016 ж – 18,57 трл долл, жан басына - 57 466 долл.), ал жан басына шаққанда алғашқы орынды Люксембург (102 831 долл) алады.

Қазақстанда ЖІӨ 2016 жылы – 133,7 млрд.долл. , жан басына шаққанда - 7 510 долл құрады.

Ресей ЖІӨ 2016 ж. - 1 283 трл долл, жан басына шаққанда - 8 748 долл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет