Сонымен ЖҰӨ ақшалай көрсеткіш деп анықтадық, және оның бұл қалыпта болуы қажеттілігін дәлілдедік. Бірақ осы ЖҰӨ-нің ақшалай қалыпта болуының өз кемшіліктері де бар, өйткені оның жылдар бойғы мөлшерінің өзгерулері тек нақты өндіріс көлдемінің ғана өзгерісін көрсетпейді, сонымен қоса ақша бірлігінің өзіндік құнының (төлем қабілеттілігінің) өзгеруін де көрсетеді. Сондықтан өндірістің физикалық көлемінің өзгерісін толық аңғару үшін номиналды және нақты ЖҰӨ көрсеткіштерін бөлек талдап қарастырады.

Номиналды (атаулы) ЖҰӨ- бұл ағымдағы бағаларда есептеліп өлшенген ағымды жылда өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны.
Нақты ЖҰӨ - бұл салыстыруға мүмкіндік беретін базалық жылғы бағалармен көрсетілген ағымды жылда өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны. Яғни нақты ЖҰӨ бағалар деңгейінің өзгеруін ескеріп нақты өндіріс көлемін көрсетеді.