1. Жалпы ішкі өнімді қосылған құн әдісі бойынша, шығыстар бойынша және кірістер бойынша есептеу.
Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу, ұлттық шаруашылықтың балансын анықтау үшін үшін Ұлттық есепшот жүйесі (ҰЕЖ) қолданылады.
ҰЕЖ –сі мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әр бір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Бұнда қоғамдық өнімді және ұлттық табысты өндіру, бөлу және тұтыну үрдістері бухгалтерлік шоттар формасындағы кестелер кешені арқылы сипатталады
ҰЕЖ-нің пайда болуына Ұлы депрессия мен Екінші дүниежүзілік соғыс ықпал етті. Алғыш рет “ұлттық шот жүргізу” терминин 1950 жылы голландық ғалым Ван Клиффон қолданды. 1941 жылы ол Нидерланд елінің ұлттық шоттарын 1938 жылғы мәліметтер бойынша құрды.
Жабық экономикада: ЖІӨ=ЖҰӨ
Ашық экономикада:
ЖҰӨ = ЖІӨ + Шетелдік таза факторлық табыстар (ТФТ)
ТФТ- бұл резиденттердің шетелде иеленген табыстары мен резидент еместердің берілген елде иеленген табыстарының айырмасы.
ЖІӨ (жылпы ішкі өнім) - бұл нақты кезең (бір жыл) ішіндегі бір ел аумағында резидент және резидент еместермен өндірілген және сатылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құндарының жиынтығы.
Gross Domestic Product — GDP
ЖҰӨ (жылпы ұлттық өнім) - бұл нақты кезең (бір жыл) ішіндегі осы елдің резиденттерімен өндірілген және сатылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құндарының жиынтығы (ел ішінде және елден тыс).
Gross National Product - GNP
Достарыңызбен бөлісу: |