2 Ғ сынып оқушысы----------------------------------------------------------------
Тыңдалым мен айтылым
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Қатқан нан
Арманның әкесі наубайшы болып істейді. Ол он жыл бойы үздіксіз нан пісіріп келеді. Таңертең ерте, күн шықпастан тұрып жұмысына кетеді. Түс кезінде дүкендерге жаңа ғана пештен шыққан ыстық нан жеткізіледі. Мектеп асханасына да сондай нан әкелінеді.
Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды. Он жыл ішінде ол алғаш рет жұмысына барған жоқ. Оның төсегінің жанында шешесі отыр.
Арман, оқушылар бүгін жаңа піскен нан жемейді... – деді анасы жай ғана.
Түсте балалар асханаға келді. Үстел үстінде кешеден қалған нан тіліктері қойылған.
Бүгін неге қатқан нан берілген? – деп сұрады балалар.
Менің әкем ауырып қалды, сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, – деді Арман.
Балалар қатқан нанның қиқымын еденге түсірмеуге тырысып, сақтықпен алып жеп отыр.
Мәтінде нақты жауабы бар сұрақты анықта: А) Арманның шешесі қандай адам?
В) Жаңа піскен нанды асханаға кім әкеледі?
С) Арманның әкесі неліктен ауырып қалды?
D) Арманның әкесі кім болып жұмыс істейді?
Мәтінге сәйкес ақпаратты тап:
А) Үстел үстіне ыстық нан қойылған.
В) Балалар қатқан нанды жемей отыр.
С) Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды.
Арманның әкесі жұмыстан көп қалады.
Жұптық жұмыс. Берілген жоспарға сүйеніп, жұптасыңа мәтіннің бір бөлігінің мазмұнын айтып бер.
Жоспар:
1.Арманның әкесі
2.Қатқан нан тіліктері
Достарыңызбен бөлісу: |