2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
А) 25 В) 35 С) 42 Д) 40
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:
А) с, м, р, о, ш, е, т, ю В) я, ю, ә, н ы, г, р, ж С) і, ф, ч, м, и, б, ю, ұ Д) ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө
3. У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап:
А) Қуат В) туған С) уақыт Д) жу
4. Дұрыс жазылған сөзді тап:
А) тайақ В) кіиім С) аяз Д) қәзір
5. Ұяң дауыссыздарды тап:
А) к, қ, с, т, ш, щ, ц В) л, м, н, ң, р, й, б С) б, в, г, ғ, д, ж, з Д) ч, в, к, й, ф, м, р
6. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап:
А) лайық В) мереке С) тарту Д) балық
7. Мәтіннің түрін анықта: Мен екінші сыныпта оқимын. Сабағымды қызыға дайындаймын. Кітап оқығанды ұнатамын.
А) Сипаттау В) пайымдау С) әңгімелеу Д) ешқайсысы емес
8. Сұраулы сөйлемді тап:
А) Олар тату тұра ма В) Әжем келді. С) Су ақты Д) Сабақтан кешікпе
9. Лепті сөйлем қалай айтылады?
А) Жай дауыспен В) Көтеріңкі дауыспен С) Жауап алу мақсатымен Д) Бірыңғай дауыспен
10. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап:
А) бес В) алтау С) екінші Д) қырық
Дұрыс:
Дұрыс емес:
Достарыңызбен бөлісу: |