қоспалар қатынасы (су буы массасының сондай көлемдегі құрғақ бу массасына қатынасы) сияқты шамалармен сипатталады.
Ауаның ылғалдылығы атмосферадағы су буы, топырақтағы, өсімдіктегі және жалпы судың булауынан пайда болады. Ауаның жер бетіне таяу қабаттарында ылғалдылық мөлшері әр түрлі. Жер бетінен қашықтаған сайын ылғал кеми береді, стратосферада мүлдем жоққа жақын. Жоғары ендіктердің суық ауасы мен шөлді аудандардың құрғақ ауасында ол бүкіл массасының 0,2%-ына тең, экватор бойында 2,6%, ыстық және ылғалды тропиктік ормандар тұсында 4%.