АСАН СӨЗДЕРІНІҢ ДЕНІ:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтып күн көрер,
Жалаңаяқ байпаңдап, қаздар қайтып күн көрер,
Шыбын шықса, жаз болып, таздар қайтып күн көрер,-
Асанды көбіне хан қасынан көреміз. Оның бізге жеткен толғаулары түгел дерлік Әз - Жәнібек ханға арнай айтылған. Алайда, Асанды сарай ақыны деуге болмайды. Халық аңыздарында Асан Қайғы жайында «бұл қария қашан да ханға жағынбай, жарамсақтанбай тура сөйлеуші еді» делінеді. Ханның елді өз бетімен билеп төстеу, қаһары түскен адамын өлім жазасына кесу хақысынан айрылып,
рубасы ақсақалдарсыз ешбір мәселені шеше алмайтын күйге жетуі - қазақ хандығының соңғы дәуіріне тән құбылыс.
Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға, би, болыс, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл - нақыл айтыпты:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкім менен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер.
Ерегісіп ұрыспа!
Сенікі жөн болса да,
Алтын шықпас дұрысқа.
Өзіңе біреу тимесе,
Кейін қарай жылыста.
Мінезі жаман адамға,
Енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрген кісіңмен,
Жалған айтып суыспа.
Өлетұған тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Жөнге баспай тырысып,
Орынсыз жерде жем болма.
Ашу - дұшпан, артынан,
Түсіп кетсең қайтесің,
Түбі терең қуысқа!
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР:
1. Асан Қайғының өмірі туралы қандай деректер бар ?
2. Ел арасына Асан жайында қандай аңыздар тараған ?
3. Асан толғауларының тақырыбы
4. Жырау толғауларынан жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |