Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Экономиканың негізгі үш мәселесі қалай шешіледі?
Ресурстар мен өндіріс факторларының түрлері қандай?
Ресурстардың шектеулілігі мәселесі дегеніміз не?
Экономикалық таңдау мәселесі қалай туындайды?
Өндірістік мүмкіндіктер қисығының экономикалық мәні неде?
Тест тапсырмалары: 1. Барлық экономикалық ресурстарды төмендегі категориялардың қайсысына жатқызуға болады?
А) Тұтыну, жинақтау және салықтар
В) Жалақы, рента, пайыз, пайда
С) Капитал мен кәсіпкерлік
D) Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет
Е) Шексіз энергия мен білім.
2. Ұдайы өндіріс - бұл:
А) Халыққа қажетті өнімдер өндірісі.
В) Үнемі қайталанып және жанғырып отыратын өндіріс. +
С) Алдағы уақытта өндірілетін өндіріс.
D) Жыл сайын өндіріліп отыратын өнімдер тобы.
Е) Еңбек және өнім айырбастау қатынастары.
3. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:
А) Шаруашылықтың өндіруі тиіс екі тауарының нақты мөлшерін.
В) Екі тауардың мүмкін комбинацияларының ең жақсысын.
С) Қолда бар ресурстардың нақты мөлшеріне сәйкес тауарлардың балама комбинацияларын.
D) Өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы жүзеге асқан уақытты.
Е) Аталғандардың ешқайсысын көрсетпейді.
4. Экономикалық таңдау мәселесі қандай сұрақтарды шешедi?
А) Не, қашан және қалай
B) Қанша, қандай түсте және қандай көлемде
C) Қашан, не және қалай
D) Не, қалай және кiмге
E) Кiмге, қайда және қанша.
5. A.Маслоу бойынша қажеттiлiктер пирамидасындағы үшінші сатыда қандай қажеттіліктер орын алған?
А) Өмiрдегi мақсатты анықтау қажеттiлiгi.
B) Әлеуметтiк байланыстағы қажеттiлiктер.
C) Кауiпсiздiкке байланысты қажеттiлiктер.
D) Физиологиялық қажеттiлiктер.
E) Әлеуметтiк мәртебеге жету қажеттiлiгi.