2 тақырып. Иондаушы сәулелердің түрлері мен олардың сипаттамалары. Иондаушы сәулелердің табиғи және антропогендік көздері
2.1 Иондаушы сәулелердің түрлері мен олардың сипаттамалары
Иондаушы сәулелену – қоршаған ортамен байланысы әр түрлі ионды таңбалардың пайда болуына әкелетін сәулелену.
Зарядталған бөлшектерден тұратын иондаушы сәулелену, мысалы: электрондар, протондар, альфа-бөлшек, бұлар соқтығысқанда кинетикалық энергиясы жеткілікті болса, онда ол иондаушы сәулелену деп аталады. Зарядталмаған бөлшектерден тұратын иондаушы сәулелену, мысалы: нейтрондар немесе фотондар, иондаушы сәулеленуді тұдыратын немесе ядролық өзгеруі болатын болса, онда бұл тікелей иондаушы сәулелену деп аталады. «Иондаушы сәулелену» түсінігіне көрінетін сәуле мен ультракүлгін сәулелер кірмейтінін ескеруіміз керек.
Иондаушы сәулелену корпускулалық және электромагниттік болып бөлінеді. Электромагниттік сәулелену электромагниттік толқындарды меңзесе, корпускулалық сәулелену деп – массасы 0-ге тең тыныштық күйдегі бөлшектерді айтады. Төменде келтірілген иондаушы сәулелену түрлерінің іс – тәжірибелік көп маңызы бар.
Альфа-сәулелену – бұл α - бөлшегінің ағыны (гелий атомдарының ядросы), онда оң зарядталған +2 және массасы 4- ке тең. Альфа - бөлшектердің ортада таралуы тікелей, өз жолында иондалудың үлкен тығыздығын қалыптастырады. Сәулеленудің бұл түрі көбінесе табиғи радиактивтік элементтерде байқалады, мысалы: радий, торий, уран, және т.б. α-бөлшекті энергияның әдеттегі шегі – 1-ден 10-ға дейінгі мегаэлектронвольт (МэВ). α-бөлшек пен энергия қашықтығының үлкендігі 10 МэВ ауадағы мөлшері – 11 см, суда ( немесе биологиялық тканьдерде) – 110 мкм, алюминиде – 70 мкм.
Бета-сәулелену – бұл β-бөлшегінің ағыны (электрондар мен позитрондар), (– 1) теріс зарядты және (+1) оң зарядты, тыныштық күйдегі массасы 5,48*10-4 тең а.е.м. β-бөлшекті энергияның әдеттегі шегі – 10 килоэлектронвольдтан 3 МэВ-ға дейін. β-бөлшек пен энергия қашықтығының үлкендігі 1 МэВ ауадағы мөлшері – 11 см, суда ( немесе биологиялық тканьдерде) – шамамен 5 мм, алюминиде -2 мм.
Достарыңызбен бөлісу: |