Іскерлік қарым-қатынастың ең негізгі ерекшеліктерінің бірі коммуникацияға қатысушылардың əлеуметтік ролін қатаң сақтауы, яғни басшы-жұмысшы, серіктестер, əріптестер, т.б
Іскерлік қарым-қатынастың ең негізгі ерекшеліктерінің бірі коммуникацияға қатысушылардың əлеуметтік ролін қатаң сақтауы, яғни басшы-жұмысшы, серіктестер, əріптестер, т.б.
Егер іскер адамдар қызмет саласының түрлі сатысындағы тұлғалармен жиі коммуникация жасайтын болса онда байланыстың вертикалды жəне горизонталды түрін қолдануға тура келеді. Байланыстың вертикалды түрі деп коммуникацияға қатысушылардың əлеуметтік жағдайына, əкімшілік-құқықтық нормалармен жəне төмен дəрежедегі жай жұмысшы өзінен қызметі бойынша жоғары дəрежедегі тұлғаға бағыныштылығымен сипатталатын субординациялық қарым-қатынасты атайды. Байланыстың горизонталды түрі деп жалпы мақсаттарына сай коммуникацияға қатысушылардың серіктестік, өзара түсіністік мақсаттағы бірлескен іс-əрекеттерін атайды.