2 тақырып. Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйелері Жоспары


Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер, олардың ерекшеліктері



бет3/4
Дата07.10.2022
өлшемі32,39 Kb.
#152087
1   2   3   4
Байланысты:
2- тема ТЖТ

3. Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер, олардың ерекшеліктері. Тарихи тұрғыда қалыптасқан тәрбиелік жүйелерге қысқаша талдау жасалады.
С.Шацкий жүйесі «Сетлемент» колониясында балалардың әр жақты дамуына жағдай туғызу мақсатын көздеп Москваның Марьиной Рощесінде құрылған. С.Шацкий мұнда 1905-1910жж. еңбек етіп, 1919-1931 жж. Калуга губерниясында «Бодрость» колония мектебін ашты. Оның тәжірибелік станциясына балабақша, бастауыш және орта мектеп, интернат, клубтық мекемелер еніп, қоғамдық қатынастардың өзгеруіне мектептің қатысуы тиіс деп есептеді. Оның балалар колхозын құру идеясы қарсылыққа ұшырап, тәрбие жүйесі күйреуге душар болды.
С.Ривес және Н.Шульман жүйесі Одесса қаласында №1 коммунарлық мектебінде іске асырылды. Бұл тәрбиелік жүйе бойынша мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетіне, мектептегі өзіне-өзі қызмет етуге баланың қатысуына, ізгі қарым-қатынас орнатуға, оқушыларды өздермін тең ұстап, құрметтеуге, оқудан тыс еңбекке ерекше мән берілді. Бірақ білімді игеру екінші орында қалып қойды.
М.Питрак жүйесі 1919ж. Москваның Лепешинский атындағы тәжірибелік «Еңбек мектебі» практикалық өмірге енді. Бұл жүйенің ерекшеліктеріне балаларды қоршаған ортамен таныстыру, адамдардың еңбек әрекетін зерттеуге бағытталған авторлық бағдаламамен жұмыс істеу, ұжым өмірін өзін-өзі басқару ұстанымына негідеп ұйымдастыру, т.б. жатады.
Н.Сорока-Росинский жүйесі Ф.Достоевский атындағы мектепте іске асырылып, қиын балалардың өзін-өзі өзгерту ықыласын туғызу, еңбекке деген өмірлік белсенді ұстанымын қалыптастыру, балаларды бір ұжымға біріктіретін негізгі әрекет оқу еңбегі деп санады. Оқыту мен тәрбиенің бірлігін міндетін табысты шешіп, оқушы мен мұғалім ынтымақтастығына ерекшемән берді.
З.Гинзбург жүйесі Москвадағы Радищев атындағы мектепте 1926ж. жүзеге асырылды. Бұл жүйеде еңбек тәрбиесі жетекші идея ретінде болып, оқушылардың белсенділігін дамытуға мән берілді.
А.С.Макаренко жүйесі тұлғаны ұжымда тұлғалық және ұжымдық факторлар негізінде тәрбиелеуді, адамға деген құрметті жәнеоған деген талапты күшейтуді, бақытты адамды тәрбиелеуді ұстанды.
Бұл жүйе қазіргі таңдағы Е.Н.Щуркованың тәрбие жүйесіне негіз болды.
Ф.Брюховецкий жүйесі 1943 жылдан Краснодар қаласының №58 мектебінде қалыптасты. Бұл жүйенің іс-әрекеті де А.С.Макаренко жүйесіне негізделіп, еңбек әрекеті жетекші рөл атқарды.
В.Сухомлинский жүйесі 50-60 жылдары қалыптасты. Ол Украинадағы Павлыш мектебінде жүзеге асырылды. Бұл жүйеде жалпыадамзаттық құндылықтар мен ізгілік мұраттарына, халық дәстүрлеріне, оқушының әдемілікті өз қолымен жасауына, сұлулықты сезінуге, оны құрметтеуге, шығармашылыққа ұмтылуға тәрбиелеуге ерекше мән берілді. Сонымен бірге мектеп пен отбасының өзара тығыз байланысты болуына мән беріліп, «Ата-аналар мектебі» құрылды. Бұл жүйе өзінің осындай өзіндік ерекшеліктерімен сол кездегі әлеуметтік тапсырысты қанағаттандырып отырды.
В.Караковский жүйесі Москваның №825 мектебінде іске асырылды. Бұл жүйенің мәні тәрбиелік ықпалдарлы кіріктіру, шығармашылық, ғылыми ізденіске жол ашу болды. Жүйе өзін-өзі реттеуші ғана емес, ғылыми басқарылды, бүгінгі күнге дейін даму, жаңару үстінде.
Сондықтан В.Караковский «тәрбиелік жүйе» ұғымын педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірі - мектептің өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыру жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар әлеуметтік тұтас ағза» ретінде бейнелейді. Ол мектептің тәрбиелік жүйесі ретіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін (мектептің даму тұжырымдасамасы, мектепішілік басқару құрылымы, жалпы мектептік дәстүрлер, мектептің болашақтағы және күнтізбелік жоспары, ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырылуы және т.б.) ерекше саралап көрсетеді.
Тәрбие жүйесінің негізіне мақсат, міндеттер, ұстанымдар, озат тәжірибе, теориялық тұжырымдама алынады. Негізгі мақсаттарға жеке тұлғаны қоғамдық өмірдегі сауаттылық пен мәдениетке тарту, адамгершілік нормаларды сақтауға, құрметтеуге, өз құқығын қорғай білуге тәрбиелеу, тұлғаның белсенді, шығармашылық дамуы, өзін-өзі дамытуы, мәдениетті игеруі алынады.
Тәрбие жүйесінің мақсаты оған қатысушылардың (мұғалім-оқушы) арасындағы қарым-қатынастарын, әрекетін басқару арқылы іске асырылады. Тәрбиелік жүйенің қағидалары: оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік. Тәрбиелік жүйенің құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері болады. Тәрбиелік жүйе тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат, субьектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті қасиеттерді меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйе.
Тәрбиелік жүйе өндіріс жүйесі сияқты қоғамның алдына қойған мақсаты, оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған үрдістердің жиынтығын, өз сипатына қарай әртүрлі іс-әрекеттерден тұрады.
Мектептің тәрбиелік жүйесі мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет