2 тақырып. Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйелері Жоспары



бет1/4
Дата07.10.2022
өлшемі32,39 Kb.
#152087
  1   2   3   4
Байланысты:
2- тема ТЖТ


2 - тақырып. Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйелері


Жоспары:
1. Тәрбие жүйесі, тәрбиелік жүйе, тәрбие жұмысының жүйесі ұғымдары.
2. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі.
3. Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер, олардың ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар: тәрбие жүйесі, тәрбиелік жүйе, тәрбие жұмысының жүйесі.


1. Тәрбие жүйесі, тәрбиелік жүйе, тәрбие жұмысының жүйесі ұғымдары. Тәрбие жүйесі күрделі әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық білім беретін, көп мағыналы, өзін-өзі реттеп, басқаратын білім беру. «Тәрбиелік жүйе» ұғымына әртүрлі тұрғыдан мән беруге болады.
Тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін, атап айтқанда өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік тұтас ағза ретінде бейнелейді.
Тәрбие жүйесі күрделі әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық білім беретін, көп мағыналы, өзін-өзі реттеп, басқаратын білім беру.
Тәрбие жүйесінің негізіне мақсат, міндеттер, ұстанымдар, озат тәжірибе, теориялық тұжырымдама алынады. Негізгі мақсаттарға жеткіншектерді қоғамдық өмірдегі құқықтық сауаттылық пен мәдениетке тарту, құқықтық нормаларды сақтауға, құрметтеуге, өз құқығын қорғай білуге тәрбиелеу, тұлғаның белсенді, шығармашылық дамуы, өзін-өзі дамытуы, мәдениетті игеруі алынады.
Тәрбиелік жүйе тұлғаның рухани-адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық құрауыштарының және тәрбие үрдісінің белгілі бір реті мен ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін, оның элементтері мен негізгі бөліктерінің жиынтығы.
Тәрбие жүйесінің өзегі тәрбиелеуші ұжым ретінде педагогикалық (басқарушы ішкі жүйе) және оқушылар ұжымының (басқарылатын жүйе) өзгеше бірлігі болып табылады. Бірақ оқушылар ұжымы педагогикалық ықпалдың обьектісі ғана емес, өзіндік дамуының субьектісі болуы тиіс.
Тәрбие субьектілерінің бір-бірімен өзара, топтық және жеке субьектілермен тікелей және жанама әрекеттесуі нормативті актілер (заң, бұйрық) және бағдарламалық құжаттар (тәрбие тұжырымдамалары, оқу жоспарлары, әдістемелер) арқылы белгіленеді.
Осындай нормативті актілер мен бағдарламалық құжаттар арқылы, басқару ұйымдарының бірігіп қызмет жасауы, тәрбие ұйымдарының, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің жағымды және формальды қатынастары, белгіленген мақсатты істерді жүзеге асыруы бақыланады.
Сонымен, тәрбие жүйесі:
- тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын «мақсат, субьектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен олардың психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм;
- өзінің басты қызметі тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.
Тәрбие жүйесінің мақсаты оған қатысушылардың (мұғалім-оқушы) арасындағы қарым-қатынастарын, әрекетін басқару арқылы іске асырылады.
Х.Лийметстың пікірінше, тәрбиелік жүйе мақсаттар, жиынтық субьект, әрекет және қарым-қатынас, өзара қатынас, игерілген орта, басқару сияқты бөлімдерден тұратын жүйе, ал мақсаты толық қанды тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Л.Новикованың пікірінше тәрбиелік жүйе дегеніміз өзара байланыс жағдайында қызмет ететін тәрбиенің негізгі құаруыштарынан (субьектісі, мақсаты, мазмұны мен әрекеттер амалы) тұратын және ұжым өмірінің келбеті, оның психологиялық ахуалы ретінде кіріктірілген сипаттарға ие тұтас әлеуметтік ағза.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет