Әлеуметтанудың негізгі түсініктеріне салыстырмалы талдау. СӨж орындаған:Қуатбек Айдана, дизайн 1 курс



Дата04.02.2023
өлшемі1,36 Mb.
#167444
Байланысты:
Әлеуметтанудың негізгі түсініктеріне салыстырмалы талдау

Әлеуметтанудың негізгі түсініктеріне салыстырмалы талдау.СӨЖ

Орындаған:Қуатбек Айдана, дизайн 1 курс

Тексерген:Имашева Жұлдыз Амангелдіқызы

Жоспары:

Әлеуметтану дегеніміз не?

Әлеуметтану тарихы

Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт,Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер

Әлеуметтанудағы негізгі көзқарастар

Әлеуметтану дегеніміз не?

МЕСТО ДЛЯ ПОДЗАГОЛОВКА


Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді
және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым.

Әлеуметтану тарихы

  • Алғаш рет Огюст Конт «әлеуметтік» сөзін 1839 жылы «Позитивті философия курсысының» (IV том) 47-дәрісінде қолданады. Конт бойынша, дербес әлеуметтік ғылым жасаудағы басты шарт – басқа ешбір ғылымдарда зерттелмеген ерекше шындықты айқындау. Осы шындықты көрсету үшін ол түрлі терминдер қолданады: «қоғам», «әлеуметтік организм», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құбылыс», «әлеуметтік тіршілік». О. Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді.
  • Герберт Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді. Ф. Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды
  • Эмиль Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет. Макс Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен тығыз байланысты.

Әлеуметтанудың негізін салушылар:

Огюст Конт (1798-1857)

Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды (Ритзер, 2003). Ол осы саланың негізін салушыболып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым. де осы ғалым.

Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді.

Герберт Спенсер (1820-1903)

Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық философ-ғалым Герберт Спенсер болды.Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамныц бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.

Әлеуметтанудың негізін салушылар:

Карл Маркс (1818-1883)

Эмиль Дюркгейм (1858-1917)

  • Эмиль Дюркгеймнің өмірі Маркстың өміріне ұқсас болды. Алайда Маркс Англияда қуғынға ұшыраған кезде, Дюркгейм Францияның ең таңдаулы университет! - Сорбоннада профессор болып қызмет етті.Дюркгейм қоғамды жоққа шығармай, оны мойындады. Оның зерттеулері қоғамның түрақтылығын сақтауға және тұрақты қоғамның жеке адамдардың бақытты болуына көмектесетінін түсіндіруге арналған. Маркстың мұрасы - әлеуметтік конфликтер мен әлеуметтік өзгерістерді көрсететін теория болса, Дюркгеймнің мұрасы әлеуметтік түрақтылықты көрсететін теория болып саналады.
  • Карл Маркс 1818 жылы Германияда дүниеге келген. Философ, экономист және қоғам қайраткері 23 жасында философия докторы дэрежесін алды. Радикалды көзқарастарына байланысты ол ешқашан профессор болмады және өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта өткізді (Маклеллан, 2006). Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. Замандастарының көбінен айырмашылығы - ол кедейлікті табиғи қүбылыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың мүдделерін қорғайтын жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде қарастырды.

Макс Вебер (1864-1920)

  • Неміс экономисі, тарихшысы жэне философы Макс Вебер әлеуметтік зерттеулердің, оның ішінде дін, бюрократия және саясат сияқты үғымдардың теориялық негізін қалыпгастырды. Вебердің ғылымға қосқан негізгі үш үлесі бар: ол әлеуметтік іс-әрекеттердің субъективті мағыналарын ашты, экономикалық себептерден гөрі әлеуметгік себептерге, ал әлеуметтік проблемаларды зерттеуде объективтілікке сүйену қажеттігін алға тартты. Вебердіц ықпалды идеяларының бірі - әлеуметтану белгілі бір құндылыққа тәуелді болмауы керек. Вебер әлеуметтану «қандай болуы керек екенін анықтауға емес, қазіргі мәнін анықтаута мүдделі болуы тиіс» деген пікір білдірді. Вебердің сөзі заманауи әлеуметтанушылар ұсынған стандартты ғылыми көзқарастың негізін қалыптасгырды. Кедейлік пен нәсілдік теңсіздікті зерттеуге моральдық қорлауға ұшырау да түрткі болуы мүмкін, бірақ объективті фактілерді жан-жақты зерттеу үшін бұл сезімдерді шетке жиыстырып қойған дұрыс.

Әлеуметтанудағы негізгі көзқарастар

Әлеуметтану тарихына жасалған қысқаша шолудан адамдардың өзара әлеуметтік әрекетке түсуін зерттеудің көптеген жолдары бар екенін байқадыңыздар. Маркс, Вебер, Дюркгейм және басқалардың идеялары адам мінез-қүлқына қатысты бірқатар теорияларды өмірге әкелді. Бұл тарауда әлеуметтанудағы үш негізгі теориялық көзқарасты - құрылымдық-функциялық теория, конфликт теориясы және символдық интеракционизмді қарастырамыз. «Ұғымдардың қорытындысы: негізгі теориялық көзқарастар» осы үш теорияны сипаттайды.



Назарларыңызға рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет