Іі. Қашықтықтан оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік



Дата19.12.2021
өлшемі20,64 Kb.
#103510
Байланысты:
баяндама Акерке


Кіріспе

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жалғастыруды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс». Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт.


ІІ. Қашықтықтан оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік.

2.1 Қашықтықтан оқыту және оның мақсаты мен міндеттері
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтардың білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • Бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. Мемлекеттік (республикалық, облыстық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • Құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;


2.2 Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары

Қашықтықтан оқытудың құралдарына келетін болсақ, заманауи технологияларға негізделген әртүрлі интернет платформаларын қолдануға болады. Бүкіл дүниежүзіндегі білім беру жүйесінің мамандары арасында кең тараған платформалар мен интернет құралдарының ішінен: Google Classroom, EasyClass, Zoom, Kahoot, Mathletics, Duolingo, Stile, Education және т.б. Сондай-ақ, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары, Facebook және т.б. әлеуметтік желілердегі парақшалар, Telegram, WhatsApp чаттары, онлайн конференциялар және басқа да форматтарды атап өтуге болады.

Ал Қазақстандағы TV-сабақтар және интернет-ресурстар арқылы қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру BilimLand, Kyndelik.kz, Daryn.kz, Online Mektep платформаларының көмегімен жүзеге асады. Сондай-ақ, кері байланысты, яғни оқушылардың жаңа тақырыптар бойынша алған білімдерін бақылау және бағалау мақсатында Telegram,WhatsApp чаттары, Google Формалар құралдары қолданысын кеңінен тапты.

ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар:


  • онлайн (синхрондық);

  • оффлайн (асинхрондық);

  • вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қашықтықтан оқыту түрінің негізгі артықшылықтары:

  • психологиялық жайлылық, өз компьютеріңіздің адында үйреншікті жайда оқу;

  • оқытудың арнайы мерзімдері және шапшаңдығы;

  • дербестіктің жоғары үлесі;

  • территориялық және уақыт шектеуін жеңу;

  • сынақтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға дайындалуға көмектеседі;

  • пайдалану ыңғайлы және өзін-өзі тексеру жүйесі бар;

  • жеке адамды интеллектуалды дамыту жүзеге асырылады;

  • ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және өзіндік оқыту жүйесін қамтиды;

  • қашықтықтан оқыту адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру болып табылады;

  • мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.


Қорытынды

Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. bilimdinews.kz сайты «Қашықтықтан оқыту – заман талабы» мақаласы;

  2. priem.almau.edu.kz сайты «Қашықтықтан оқыту» мақаласы;

  3. www.astana-akshamy.kz сайты «Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері» мақаласы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет