Оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік



Дата18.12.2022
өлшемі22,74 Kb.
#163153
түріОқулық
Байланысты:
0007948f-aebc168d


ФИЗИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ақпараттық – коммуникациялық технология – электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, физиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс. Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енді. Оның үйлесімді жолдары болатыны сөзсіз. Міндетіміз де осы айтқанымен байланысы, яғни сол үйлесімді жолдарды тауып, физиканы оқытуда оларды енгізіп, сабақтың неғұрлым сапалы өтуін, студенттердің сабақты оқуға деген ынталарын арттыру болып табылады. Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Елбасы Н. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық жоспарында, оқу іс-әрекетінде айшықты орны бар жеке тұлғаның өзіндік білім алуы, өзін-өзі тәрбиелеуі және өзін-өзі дамытуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі екені айтылған.
Физиканы оқыту, оның пән ретінде ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдануы жайлы сала болып келеді. Физика сабақтарында ақпараттық –технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды – қайталау сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында слайд-фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістерменсалыстырғанда, сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика пәніне қызығушылықты арттырады. Сабаққа дайындық барысында электрондық оқулықтар, Интернет желісінің ақпараттары қолданылады және оқытушы мен студенттерге арналған дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдар жасалады. Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, студенттерді физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта мен өз тәжірибемде студенттерге физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Өйткені, электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер студенттерге физикалық құбылыстарды көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы. Ал интерактивті әдістер – студенттердің өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер жиынтығы. Интерактивті оқыту әдістері - студенттердің өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтан да сабақ беру барысында мен үнемі интерактивті тақтаны, электрондық оқулықтарды пайдаланамын, бұл студенттердің бойында ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік береді. Молекулярлық физика және термодинамика пәнінен интерактивті тақта мен электронды оқулықтарды қолдана отырып, өткізген сабағымды ұсынғым кеп отыр.
Сабақтың тақырыбы: Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдарын қайталау 
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзыреттілік: идеал газ күйінің теңдеуі, газ заңдары туралы алған білімдерін қайталау, жүйелеу және жинақтау. Осы тақырыпқа сәйкес сапалық және сандық есептерді шығара білу біліктерін арттыру. 
Проблеманы шешу: газ күйін сипаттайтын макропараметрлердің арасындағы байланыстарды оқу және график арқылы кескіндей білу дағдыларын күшейту. Оның заңдарының қолдануында туындайтын әртүрлі проблемаларды анықтауға, дұрыс шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға дағдыландыру 
Коммуникативтілік: идеал газ күйінің теңдеуін, газ заңдары мен қасиеттерін пайдалана отырып, ауызша-жазбаша қарым-қатынас жасауға қалыптастыру
Сабақта қолданатын педагогикалық технологиялар: АКТ, ұжымдық және топтық оқыту технологиялары
Сабақтың типі: білімді тиянақтау
Өткізілетін әдісі: Көрнекілік, проблемалық, топтық жеке машық жұмысы, ішінара зерттеу, білімді бағалау
Оқыту құралдары: Интерактивті тақта, компьютер, физикалық құралдар, сызба тіректері, тест тапсырмалары
І. Ұйымдастыру бөлімі
- амандасу, топты түгелдеу 
II. Үй тапсырмасын тексеру
- интерактивті тақта арқылды тест тапсырмасын орындату
ІІІ. Практикалық жұмыстар
- электронды оқулықтағы жаттығуларды орындау 
- интерактивті тақтада графиктік есептерді шығару
- жаппай эксперименттік тапсырмаларды орындау

- идеал газ қысымының қандай шамаға тәуелді екендігіне бейне көрсетілім арқылы көз жеткізу.

ІV. Үйге тапсырма. Қорытындылау.Бағалау.

Осылайша, физика сабағын өткізу барысында ақпараттық технологияны тиімді пайдаланып - білім сапаларының артуына жұмыстанамын. Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, олардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығартып, оны талдай білуге үйретемін. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашып, сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Міне, осы бағытта физика пәнін әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және студенттердің жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек. Өйткені, білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы. Осы орайда оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
-заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Бұл міндеттер мен мақсаттарға сүйене отырып, физика сабағында табысқа жету жағдаятын туғызу жолдарына тоқталып өтсем: 
Студенттің белгілі бір жетістікке жетуі үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу керек. Егер студенттің өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда мұғалім олардың қандай да бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса, мұғалім жұмысының жетістігін көруге болады. 
1. Мадақтау. Мұғалім сабақта оқушының өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың!», «Мен сендерді мақтан тұтам!», «Сен өте ақылдысың!» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс. Бұл сөздер оқушының бойында мұғалімнің өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, жақсы оқуға тырысады.
2. Бір мүмкіндік. Оқушының күтпеген жерден өзіннің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдаятты мұғалім арнайы дайындамайды, ол осы мүмкіндікті табиғи тәрбиелеудегі дарынымен, бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланады.
3. Еліктеу. Топтағы үлгілі студенттердің жетістістіктерін үлгі ете отырып студенттің бойында «Сенде неге сондай болмасқа», «Мен саған сенемін», «Бұл сенің қолыңнан келеді» деп оқушының бойында еліктеушілікті туғызу.
4. «Кешіктірілген баға». Оқушыға бірден төмен баға қоймай, «Сенің бағаң күндегіден төмен болып тұр. Сен үнемі сабаққа дайындалып келетіндіктен, мен саған бір мүмкіндік беремін. Келесі жолы бұданда жақсы жауап беретініңе сенемін» деп оқушыға алға қарай ұмтылуына жағдай туғызу.
5. Алдына – ала ойластырылған қателік. Сабақта мұғалім есеп шығару барысында, теорияның тұжырымдау барысында «Мен бір жерден қателестім. Бір минут. Қазір қарайын» деп оқушылардан көмек сұрайды. Бұл оқушының алған білімін жинақтап, тиянақтау үшін және шығармашылық қабілетін арттыруға қолданылатын әдіс-тәсіл.
6. Көкжиек сызығы. Оқушының бойындағы қабілетін арттыру үшін өте қызықты тақырыпта (мысалы: «Сүңгуір қайық», «Танк» жайлы) баяндама жасауды тапсырады, бірнеше баяндама жасағаннан соң «Сен өте қабілеттісің, біз олимпиадаға дайындалсақ қайтеді» деген ұсыныспен оқушының өз еркімен ізденуге, ғылым мен техникаға деген ынтасын оятып, адамның ақыл –ойының дамуына ықпал жасайды.

Өйткені, физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, студенттің ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады. Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдану да сабақ тиімділігін арттырады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.

Елбасы «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты деп есептеймін.
Әдебиеттер: 
1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2008 ж. 7 ақпан.
2. Б.Б. Жолдасова Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.
3. «Физика және астрономия» республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журналы. 2012ж. №2.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет