2 тақырып. Персонал қызметі оның әрекет етуінің негізгі талаптары Дәріс жоспары (1 сағат )


Республика кәсіпорындарының кадрлық саясатын құрудағы қызметкердің қызметтері



бет3/3
Дата15.02.2023
өлшемі29,74 Kb.
#168814
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
pb 2 (1)

Республика кәсіпорындарының кадрлық саясатын құрудағы қызметкердің қызметтері

Мемлекеттік кадр саясаты – еліміздің еңбек әлеуетін қалыптастыру, дамыту және ұтымды пайдалану жөніндегі жалпы мемлекеттік стратегия. Кадрлардың шағын жүйесі – бір-бірімен күрделі қарым-қатынасқа түсетін адамдар жиынтығы; бұл шағын жүйенің негізін персоналмен жүргізілетін мынадай жұмыстар құрайды: мемлекеттік кадр саясаты, кадрларды жоспарлау, іріктеу, оқыту, негіздеу, дамыту, сапалы жұмыс істеу үшін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ету және т.б. Кез-келген қоғамның немесе мемлекеттің ілгері дамуының аса маңызды стратегиялық міндеті адам факторын белсенді ету негізінде қоғамның кадрлық әлеуетін қалыптастыру және оны тиімді пайдалану болып табылады. Аталған міндеттің өзектілігі ең алдымен, оның қоғамдық дамуының тек құралы ғана емес, сонымен бірге түпкілікті мәні екендігімен де тығыз байланысты.

Мемлекеттік кадр саясаты еңбекті, түрлі басқару деңгейлері персоналды басқару органдары, яғни өз деңгейінде кадр саясатын әзірлейтін ұйымның персоналды басқару қызметтері арқылы жүзеге асырылуы тиіс.


Кадрлық саясаттың негізгі мазмұны мыналар болып табылады: біріншіден, кадрларды жоспарлау, іріктеу және құрылымды жоғары сапалы кадрлармен жасақтау, оларды қызметтен босату (зейнет жасына келу, жұмыстан шығару), кадрлық ағымды талдау және т.б.; екіншіден, қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мен қайта даярлау, аттестациядан өткізу, кәсіби деңгейін анықтау, қызметте жоғарылауды ұйымдастыру; үшіншіден, кадрлардың еңбекке ынталылығын дамыту, әлеуметтік төлемдер төлеу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік кадр саясатының басым бағыты – білім беру саясаты, қазіргі заманғы білім сапасына қол жеткізу, білім сапасының адам, қоғам және мемлекеттің өзекті және келешегі бар қажеттіліктеріне сәйкестігі. Ол ұлттық қауіпсіздігімізді, азаматтар мен еліміздің әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін аса маңызды факторға айналуда.
Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесінің өзгеруі азаматтардың кәсіби еңбекке қабілеттілігін ұтымды пайдалану мен өндіргіштігін басқаруда мемлекет рөлінің де өзгеруіне, түрленуіне себепші болды. Алайда, бұл мемлекеттің осы үдерістерді реттейтін қызметтерінің толық жойылуына алып келмейді. Қоғам дамуын кадрлармен қамтамасыз ету міндеттерінің сапасы – мемлекеттің маңызды және ажыратылмас қызметі, ол мемлекеттік кадр саясатынан нақтылы көрінеді.
Теорияға көңіл аудару мемлекеттік кадр саясатын құрудың іргелі негіздерін бөліп көрсету қажеттілігіне байланысты. Бұл – бір. Екіншіден, қоғам әлдеқашан кәсіби тәжірибенің ұрпақтан-ұрпаққа стихиялы түрде берілу кезеңінен өтіп кетті. Кадр әлеуеті қоғам дамуының аса маңызды факторына айналды, ол жеке тұлға мүддесіндегі де, сондай-ақ, қоғам мүддесіндегі де қажеттілікті реттеуді көздейді. Мұндай тәжірибе мемлекеттік кадр саясаты деп аталмаса да, дамыған экономика тәжірибелері көрсеткендей, бұлайша реттеудің маңызды субъектісі мемлекет болып табылады.
Үшіншіден, бүгінгі күні еліміздің кадр әлеуетінің сапалық және сандық сипаттамасын бақылап қана отырудың жеткіліксіздігі белгілі. Оны іске асыру үшін жағдай туғызуды үйрену қажет. Осы саладағы мемлекет қызметінің негізгі мәні де дәл осы міндетке келіп тіреледі. Яғни, экономикаға қанша кадрдың қажет екеніне болжам жасау. Мұның күрделілігі өтпелі кезеңде қандайда бір болжам жасаудың қиындығында. Келесі мәселе алдыңғы мәселеден туындайды, бұл даярлап шығарған кадрлардың экономиканың қажеттіліктеріне, талаптарына сай келмеуінде. Үшіншісі – кәсіби біліктілік құрылымының, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі, бұларда өз бастауын содан алады.
Бүгінде кадрларды мемлекеттік басқару тәжірибесінің теориялық тұрғыдан негізделетіні туралы тек бір шарттылықпен ғана айтуға болады. Көбінесе дұрыс, таза мағына өзіндік ерекшелігі бар әдіснама, тиісінше, мемлекеттік кадр саясаты саласындағы үдерістерді өзіндік бағалау құралы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет функцияларының халықаралық тәжірибесінде: континенталдық «мансаптық»; англо-саксондық «позициялық»; шығыс-азиялық «элиталық мемлекеттік қызмет»; мемлекеттік қызметтің корпоративтік үлгілерін бөліп көрсетуге болады. Осылардың ішінде екі үлгілік моделді бөліп қарастыруға болады – сатылы және позициялық.
Мемлекеттік қызметке кіру мен оны атқару тәртібіне қатысты осы модельдердегі айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар жалпы шарттар тән.
Біріншісі – мемлекеттік қызметшілерді саяси «тағайындалатындар» және кәсіби «орындаушылар» деп бөлу. Екіншісі – мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мемлекеттік қызметке білікті әрі құзыретті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азайтады.
Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мен мәртебесі шетелдердегі мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды ерекшелігі болып табылады.
Қазіргі кезде, көптеген елдер мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесінің ерекшелектерін ескеретін мемлекеттік қызметтің аралас моделін құруды жөн көреді.
Мемлекеттік қызметтің көптеген тиімді модельдерінде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттік қызмет институты қолданылады, ол саяси шешімдер қабылдау процесін оларды іске асыру процесінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттік қызметтің функциялары жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзірлеу және әкімшілік қызметті жүргізу болып табылады.
Шетелдік тәжірибені қарастыру барысында негізгі үш ерекшеліктерді атап өтуге болады. Біріншіден, мансаптық шенеуніктер мен саяси шенеуніктердің арақатынасы АҚШ-та - 1:5, ал Англия мен Францияда - 1:40.

Екіншіден, жоғарғы шенеуніктердің кәсіби карьерасын және мобильді болу типін анықтайтын мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы: континенталдық Европа елдерінде қызметтік құқыққа бағынатын кәсіби кадрлық мемлекеттік қызмет жүйесі құрылды, ал англосаксондық мемлекеттерде мемлекеттік қызмет қарапайым еңбек заңнамасы негізінде қалыптасады және анағұрлым ашық болады.


Үшіншіден, кәсібилік дәстүр: мысалыға АҚШ-та жеке бағыттағы жұмыста негізгі күшті тар ауқымды маманға жүктейді, ал Ұлыбританияда жалпы характердегі білімі бар дженералисттерге береді. Бірақ соңғы кезде мемлекеттік қызметте сонымен қоса жоғарғы шенеуніктермен жұмыс істеу аясында жақындастық пайда болуда, ол мемлекеттік басқарудың ұлтаралық тануымен байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет