11) участие в подготовке проектов международных договоров по вопросам противодействия коррупции, взаимодействие с соответствующими органами иностранных государств по вопросам противодействия коррупции, участие в пределах своих полномочий в деятельности международных организаций; 12) иные функции, возложенные законами Республики Казахстан, а также актами Президента Республики Казахстан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай функцияларды: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды; 2) осы Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауды; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізуді; 4) жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынуды;