2 тапсырма тақырыбы: Жүйке жүйесінің жас ерекшеліктері Жүйке жүйесі



бет2/4
Дата14.12.2021
өлшемі196,69 Kb.
#100515
1   2   3   4
Байланысты:
Жүйке жүйесі

Қарапайымдардың Жүйке жүйесі

Қарапайымдарда (бір жасушалылар) Жүйке жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың кейбір түрінде қозулы жасушаның басқа бөліктеріне өткізетін торшасы болады.



Ішек қуыстылардың Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесінің ең қарапайым түрі төменгі сатыдағы ішек қуыстыларды (гидра) диффузиялы түрде болады. Бұл жүйеде қозу барлық бағытта тарал алады. Еркін қозғалып тіршілік ететін ішек қуыстыларды жүйке жасушалары топтанып, жүйке түйіні (ганглий) түзелген және олар бір-бірімен ұзын өсінділері (жүйке талшықтары, нервтер) арқылы жалғасады. Мұндай диффузиялы түйінді Жүйке жүйесінде маманданған қабылдағыштар - рецептерлар қатар дамиды және жүйе қозуды бір бағытта ғана өткізетін қасиетке ие болады.

Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері

Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің



  • орталық бөліміне ми және жұлын,

  • ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктеріжүйкелержүйке тораптарыжүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік)парасимпатикалық (ішкі мүшелік)симпатикалық (тамырлық).

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет