Бұл, біріншіден, табиғи және географиялық орта. Ондағы әртүрлі жағдайлар мен факторлар бала тәрбиесіне әртүрлі жағдайда ықпал етеді. Фактор (латынша factor – делающий, производящий - жасаушы, шығарушы) – белгілі бір процестегі мәнді жағдай, қозғаушы күш, себеп деген ұғымды білдірсе, жағдай (условия) - белгілі бір нәрсенің соған байланысты болу шарты.
Бұл, біріншіден, табиғи және географиялық орта. Ондағы әртүрлі жағдайлар мен факторлар бала тәрбиесіне әртүрлі жағдайда ықпал етеді. Фактор(латынша factor – делающий, производящий - жасаушы, шығарушы) – белгілі бір процестегі мәнді жағдай, қозғаушы күш, себеп деген ұғымды білдірсе, жағдай (условия) - белгілі бір нәрсенің соған байланысты болу шарты.
Мәселен, Қазақстан Республикасының оңтүстік пен солтүстік, шығыс пен батыс аймақтарының жер және климаттық жағдайлары, өсімдіктері мен өзен-көлдері, таулы ормандары мен шөл аймақтары және ауылдық жер мен қалалық жерлер, ондағы өндіріс-мәдени орталықтары, еңбек-құрал жабдықтары және т.б.
Екіншіден, баланың кең көлемде әлеуметтік-мәдени ортасы. Оған:
-жалпы алғанда қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуы;
-нақты алғанда мектеп, тәрбиешілер; мектептен тыс тәрбие мекемелері; қоғамдық ұйымдар; ресми және бейресми бірлестіктер; мәдениет ошақтары мен қызметкерлері; бұқаралық-ақпарат құралдары және т.б. жатады. Бұлар баланың өмір сүруінің макро ортасы ретінде танылады.