Тәрбие жұмысынұйымдастыру– бұл жүйедегі барлық компоненттер мен оған қатынасушылардың іс-әрекеттерін тәртіпке келтіру немесе реттеу, ол өз кезегінде оның мақсатын қоюда, қызыметін және дамуын үйлестіруге мүмкіндік береді. Тек ұйымдастырудың арқасында ғана тәрбие жүйесінің барлық құрылымдары қалыптасады: басқару құрылымы, педагогикалық әрекеттің құрылымы, ұжымдағы қарым-қатынас құрылымы және т.б.
Тәрбие жұмысын реттеу жүйеге іштен немесе сырттан ықпал ету барысында болуы мүмкін. Сонымен бірге, тәрбие жүйесі өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетті болып келеді. Басқаша айтқанда, белгілі бір жағдайда жүйе жаңа құрылымды және құрылым жаңа элементтерді тудыруы мүмкін.