Қазіргі педагогикалық ақиқаттың феномені ретінде біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесін жүзеге асыратын, тәрбие жүйесі танылады. Бұл, ең алдымен педагог-новаторлардың (Щетинин, Тубельский, Захаренко, Тарасов және т.б.) авторлық мектептері. Бүгінде олар құбылыс ретінде гуманистік тәрбиенің негізін құрайды. Гуманистік
– бұл Адамды жоғары құндылық ретінде тануды қарастыратын дүниетанымдық ұстаным. Гуманизм болмаған жерде өмір жоқ және өмірдің бақытын ойлаудың қажеті болмайды (Н.Е.Шуркова).
Бүгінгі таңда көпшілік мектептерде тәрбие жүйесінде авторитарлық, әкімшілік жүйе сақталып отыр. Олардың жұмыстары жоғарыдан берілген нұсқаулар, бұйрықтар негізінде атқарылады. Бұл жағдайда шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың ізденістері ескерілмейді. Олар әкімшілік тарапынан қарсылықтарға тап келіп отырады.