Тәрбие жүйесінің нәтижелі өмір сүруінің негізгі өлшемі – бала тұлғасын дамыту. Соған байланысты тәрбие жүйесін басқару өзінде, ең алдымен жүйе мен оған қатынасушы субъектілердің өзара әрекеттесуін және олардың өзара ықпалдасу процесін басқаруды қарастырады. Бұл субъектілердің мақсатты анықтау процесіне, ортақ шығармашылық әрекетке, ұжым өмірінде туындайтын тұлғааралық және топтық қарым-қатынасты жетілдіруге белсенді қатысу жолдарын іздестіруді талап етеді.

Олай болса, педагогикалық әдебиеттерде «тәрбие жүйесі – тұлғаның рухани және адамгершілік жағынан қалыптасуы мен шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық компоненттерінің тобы (В.С.Кукушин)
Немесе «тәрбие жүйесі – жалпы нәтиже беретін тәрбие процесінің тәртіпке салынған компоненттерінің жыйынтығы» (Евтушенко С.В.) ретінде, сондай-ақ «тәрбие жүйесі – бұл педагогикалық тұрғыдан тәрбиелік әрекетті сипаттайтын тәртіпке салынған өзара байланысты компоненттердің жиынтығы» деп те қарастырылады (Г.М.Афонина).