Спартаның тәрбие жүйесі өзінен кейінгі дәуірлерде, әсіресе әскери оқу мекемелерінде еліктеу мәртебесіне ие болды.
Афинаның тәрбие жүйесінде тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуды өзінің мақсаты етіп ұстанды. Оның көрсеткіші ретінде гимнастикадан, биден, саздан, ауызша айтыстан жарыстарда жеңіске жету деп санады. Соған сәйкес жүйе кезең-кезеңмен жүзеге асырылды.
Бірінші кезеңде (7-16 жас) балалар бірмезгілде саз және гимнастика мектептеріне қатысты. Онда олар әдеби, саз және әскери-дене тәрбиесін алды.
Екінші кезеңде (16-18 жас) жастар гимнастикадан, шешен сөйлеуден және пікір сайысынан өздерінің білімдерін және тәрбиесін жетілдіреді.
Соңғы кезеңде (18-20 жас) жастар әскери шеберліктерін жетілдірумен қатар шешендік өнерімен, философиямен айналысу міндеттелді.