Ақтөбе қаласының Білім бөлімі 10-11 класқа арналған «Шешендік өнер» арнайы курсының бағдарламасы



Дата01.04.2017
өлшемі198,18 Kb.
#13042
Ақтөбе қаласының Білім бөлімі

10-11 класқа арналған «Шешендік өнер» арнайы курсының

БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрастырушы – автор:

Сүгірбаева А.С.

13 орта мектептің



қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі


Ақтөбе-2006 жыл

Бағдарлама
«Шешендік өнер» курсы

Курстың мазмұны мен құрылымын

жасаған автор № 13 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

СҮГІРБАЕВА А.С.

«Шешендік өнер» курсы бойынша түсініктеме хат

ЖОСПАР


  1. Алғы сөз.

  2. «Шешендік өнер» курсының мақсат-міндеті.

  3. Курстың мазмұны.

  4. Оқушылардың білім-білік дағдысына қойылатын талаптар.

  5. Әдістемелік нұсқау.

  6. Бағдарлама.

  7. Күнтізбелік жоспар.

  8. Әдебиеттер.


Алғы сөз
«Шешендік өнер» курсы халқымыздың дүниетанымы, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, философиясын тұтастай қамтиды. Көркем сөздің хас шеберлері, қазақтың би-шешендерінің шешендік сөздері, көсем сөздің мәнін терең ұғындырарлық пән болып саналады. Әсем де әсерлі сөйлеуге тырысқан халқымыздың сан ғасырлық тарихында шешен сөздің небір дүлдүлдерін өмірге әкеліп, есімдерін жаңғырта атап, би-шешендердің ұлы тұлғалары жан-жақты сан қырынан танытады. Сонымен қатар Грек шешендік өнері мен Ресейдегі шешендік өнер үрдісін салыстыра отырып, оны кең көлемде оқытады.

Мақсат-міндеті
«Шешендік өнер» курсының негізгі мақсаты: оқушыларға жалпы шешендік өнер туралы жан-жақты мағлұмат бере отырып, ұлы тұлғалар бейнелерін кеңінен таныту. Осыдан алдымызда мынадай міндет туындайды:

– оқушыларға шешендік өнердің құдіреті мен мәнін, маңызын, әйгілі шешендердің өнері мен мұраларын үлгі ету;

– әдемі, мәнерлі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;

– Сөз қадірін ұғынуға, сөз астарын дұрыс түсінуге үйрету.


Курстың мазмұны
«Шешендік өнер» курсы негізінен екі жылдық оқу жоспары бойынша 10,11 кластарға құрылған. Жалпы сағат саны – 68 сағат. 10 класс оқушыларын оқытуда мынадай мәселелер қарастырылады:

– шешендік өнер деген не, шешендік өнер туралы түсінік;

– шешендік өнер түрлері;

– Грек, Ресей шешендік өнерінің өкілдері, олардың шешендік еңбектері.

Ал, 11 класс оқушыларына атаған мәселелердің күрделенген, толығырақ, тереңдетілген тақырыптары қарастырылады. Негізінен ғылыми зерттелген еңбектерге сүйене отырып, би-шешендердің шешендік өнерін кеңейте оқыту.

Оқушылардың білім-білік дағдысына қойылатын талаптар:
– мәнерлі, астарлы, шешен сөйлей білуге дағдыландыру;

– сөз өнерінің мәнін жете түсіну;

– өз ой-пікірлерін көп алдында тиянақты да нақты жеткізе білу;

– ұлттық құндылықты бағалай білу;

– берілген тапсырманы міндетті түрде орындау.

«Шешендік өнер» арнайы курс бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау
«Шешендік өнер» арнайы пән ретінде «Кәсіптік білім беру жүйесі» бойынша жалпы орта білім беретін мектептерде оқытылғалы отыр. Бағдарлама шешендік өнерге қатысты жарық көрген көптеген ғылыми-зерттеулердің негізінде жасалды. Оқу бағдарламасы 10, 11 класс оқушыларына арналған.

«Сөзді – киелі, қасиетті» деп таныған халқымыздың дүниетанымы, мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, философиясы да осы сөз құдіретінде жатыр. Сондықтан да сөздің айтылу мәнеріне бей-жай қарай алмай, оны шешендікпен, көркемдікпен айтуды ірі дәстүрге айналдырған десек, артық айтпаспыз. Әдемі, әсерлі сөйлеуге тырысқан халқымыз сан ғасырлық тарихында шешен сөздің небір дүлдүлдерін өмірге әкеліп, олардың есімін жаңғырта атаған. Мұның анық дәлелі Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке бидің тұлғаларынан көрінеді.

Бүгінгі таңда әрбір саналы, білімді қазақ азаматы халқымыздың жүріп өткен сара жолынан шешендеріміздің тұлғаларын танып қана қоймай, олардың сөз сараптауларын терең түсініп, өздері де ойлы, әдемі, шешен сөйлеулері қажет екені даусыз.

Пәнді жүргізу барысында мұғалім қазіргі таңда қолданылып жүрген педагогикалық технологиялардың тиімді түрін пайдалануы қажет. Атап айтар болсақ, «Дамыта оқыту технологиясы» (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов), «Проблемалық оқыту технологиясы», «Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы» (В.Ф.Шаталов), «Ойын арқылы оқыту технологиясы» пәнді үйретудегі ең қолайлы технологиялардың бірі болып саналады.

Пәнді оқытуда дәріс беру (лекция), пікір-таласұйымдастыру, дебат, конференция, семинар, практикалық сабақ түрлерін қолданған жөн.

«Шешендік өнер» курсы 10,11 класс оқушыларына арналғандықтан мұғалім салмақты көп жағдайда оқушылардың өздеріне артып, одарды өз бетінше жұмыс істеуі, шығармашылыққа икемдеп, ізденушілік, рухани жетілуге, іскерлікке, драмалық, рольдік, тілдік шеберліктерін арттыруға жағдай туғызу қажет.

Жалпы оқу бағдарламасы би-шешендердің сөздері сол дәуірдің шындығы, әдебі мен әдеті, дәстүұрі мен салты, ел мен жер, жақсы мен жаман туралы терең, халықтық таным ерекшеліктерін аңғартатын ғибратты білім беруге негізделіп құрылған.

Бағдарлама оқытудың жаңа жүйесіне бағытталған мектеп мұғалімдеріне тиімді көмекші құрал болып есептеледі.


ШЕШЕНДІК ӨНЕР

10-класс

Барлығы-34 сағат
І. Кіріспе. Шешендік өнер тарихы (6 сағат).

1. Шешендік өнер тарихы. 1 сағат.

(Шешендік өнердің шығу тарихы, қалыптасу және даму кезеңдері туралы жалпы мағлұмат)

2. Грек шешендік өнері, оның өкілдері. Демофен, Цицирон. 1 сағат

(Грек шешендік өнерінің тарихы, ерекшелігі, шешендік өнер өкілдері, еңбектері)

3. Ресейдегі шешендік өнер теориясының дамуы. 1 сағат.

(Ресей шешендік өнерінің тарихы, зерттелуі, ерекшелігі, шешендік өнердің теория негізінде дамуы)

4. М.В. Ломоносов «Ділмарлыққа қысқаша басшылық» және


М.М. Сперанскийдің «Ділмарлық ережесі» еңбектерінің маңызы. 1 сағат

(М.В. Ломоносов пен М.М. Сперанскийдің еңбектерінің мазмұны мен маңызы, мәні, ерекшелігі)

5. Аристотельдің шешендік өнер теориясын дамытудағы ролі. 1 сағат

(Аристотельдің өмірі, шешендік сөздері, оның шешендік өнер теориясын дамытудағы ролі)

6. Практикалық жұмыс. 1 сағат

(Жалпы шешендік өнер тарихы бойынша алған білімдерін пысықтау, бақылау, бағалау)


ІІ. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы. (6 сағат)
1. Қазақ шешендік өнерінің бастау-бұлақтары. 1 сағат.

(қазақ шешендік өнерінің қалыптасу кезеңі, тарихы, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, Әл-Фараби «Риторика» еңбегі)

2. Шешендік өнер – ауыз әдебиетінің бір саласы. 1 сағат

(шешендік өнер ауыз әдебиетінің саласы туралы жан-жақты мағлұмат)

3. Қазақтың шешендік өнері туралы зерттеулер. 1 сағат.

(қазақ шешендік өнерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу, соның ішінде А.Байтұрсынолв, М.Әуезов, М.Ғабдуллин зерттеулері)

4. Шешендік өнер – халықтың дүниетанымын танытатын ерекше жанр.
1 сағат.

(шешендік өнердің көркемдік ерекшелігі)

5. Қазақ шешендік өнерінің бастауында тұрған ежелгі аңыздардан аты мәлім Майқы би мен Аяз би. 1 сағат.

(Майқы би мен Аяз бидің шешендік өнері, ерекшелігі, мәні)

6. Практикалық-шығармашылық жұмыс. 1 сағат.

(берілген тақырыптар бойынша мәнжазба жазу, қорғау)




ІІІ. Шешендік сөздердің түрлері. (7 сағат)
1. Шешендік өнер - әдебиеттің ерекше жанры. 1 сағат.

(Шешендік өнер ерекшелігі, мәні, маңызы)

2.Шешендік сөздердің құрылысына қарай бөлінуі. 1 сағат

(Шешендік сөздердің жіктелуі, түрлері)

3. Шешендік арнау, шешендік дау. 1 сағат

(шешендік арнау, шешендік дау туралы түсінік, айырмашылық, ерекшелік)

4. Шешендік сөздердің негізгі белгілері, оған қойылатын талаптар. 1 сағат.

(шешендік өнердің басты белгісі, оған қойылатын талаптар туралы түсінік)

5. Нақылдық, философиялық, сатиралық шешендік сөздер. 1 сағат.

(нақылдық, философиялық, сатиралық, шешендік сөздер, ерекшелігі, маңызы, мәні, мазмұны)

6. Шешендік сөздердің мақал-мәтелдермен ұқсастығы. 1 сағат.

(шешендік сөздердің мақал-мәтелдермен ұқсастығы және айырмашылығы)

7. Практикалық жұмыс.

(тарау бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау)


IV. Шешендік дау, оның түрлері. 5 сағат.
1. Шешендік дау, оның түрлері. 1 сағат.

(шешендік дау: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, мал дауы, т.б.)

2. Сот және дін ісіндегі шешендік сөздердің маңызы. 1 сағат.

(шешендік сөздердің төрелік маңызы)

3. Шешендік даудың мәмлегерлік қатынасты қалыптастырудағы ролі. 1 сағат.

(шешендік даудың ерекшелігі, қызметі)

4. Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы.

(психология, педагогика, философия, әдебиет, тіл мәдениеті, т.б.)

5. Практикалық жұмыс.

(Тарауды қорыту, конференция ұйымдастыру, бағалау)


V. Қазақтың би-шешендерінің шешендік сөз сараптаулары. 10 сағат.
1. Шешендік өнердің негізгі өзегі – би-шешендер. Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би. 2 сағат.

(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөздері, мәні, маңызы, ерекшелігі)

2. Тәуке ханның «Жеті жарғы», Қасым хан мен Есім ханның ережелері, ондағы билік кесімдерінің маңызы. 2 сағат.

(«Жеті жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», ондағы билік кесімдердің маңызы)

3. Асан қайғы мен Жиренше шешеннің шешендік толғамдары. 1 сағат.

(Асан қайғы мен Жиренше шешеннің шешендік сөздері, философиялық, нақылдық мәні, ерекшелік сипаты)

4. Досбол шешен, Бөлтірік шешен, Бала бидің сөз сараптаулары, шешендік шеберліктерінің ерекшеліктері. 2 сағат.

(Досбол шешен, Бөлтірік шешен, Бала бидің шешендік сөздері, тәрбиелік мәні, көркемдік, шеберлік ерекшеліктері)

58. Шешендік стиль, шынайы шешенге тән қасиеттер. 1. сағат.

(шешендік сөздердің көркемдік, қолдану стилі, шешендік қасиеттер, т.б.)

6. Шешен сөйлеу мәдениеті.

(сөйлеу мәдениет, шешендік мәнер, шешендік нақыш, шешендік сөйлеу мәдениеті)

7. Қорытынды, қайталау. 1 сағат.

(өткен тақырыптарды қорыту, бекіту, сынақ сабағы)


11-класс

Барлығы – 34 сағат.
І. Кіріспе. Шешендік өнер тарихы. 6 сағат.
1. Шешендік өнер, оның туу тарихы. 1 сағат.

(жалпы шешендік өнер, оның туу тарихы, даму кезеңдері, т.б.)

2. Грек шешендігінің өкілдері. Демосфен, Цецерон, М.Ф.Квинтилиан. 2 сағат.

(Грек шешендік өнері, тарихы, өкілдері, шешендік еңбектері, өзектілігі мен маңызы)

3. Ресей шешендік өнері, оның дамуы. 1 сағат.

(Ресей шешендік өнерінің қалыптасуы, даму кезеңдері)

4. М.В.Ломоносов, М.М.Сперанскийдің еңбектерінің маңызы. 1 сағат.

(М.В.Ломоносов, М.М.Сперанскийдің еңбектері, олардың мәні мен маңызы)

5. Практикалық жұмыс. 1 сағат.

(тарауды қорыту, білімдерін тексеру, дебат ұйымдастыру, бағалау)


ІІ. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы. 7 сағат.
1. Қазақ шешендік өнерінің тарихы. 1 сағат.

(қазақ шешендік өнерінің шығу тарихы, қалыптасу және даму кезеңдері)

2. Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі. 1 сағат.

(қазақ шешендік өнерін зерттеген ғалымдардың зерттеу еңбектері туралы)

3. Шешендік өнер – ауыз әдебиеттің бір саласы, ұлттық дүниетанымды танытатын ерекше жанр. 1 сағат.

(шешендік өнер ерекшелігі)

4. Қазақ шешендік өнеріндегі Майқы би мен Аяз би тұлғалары, олардың шешендік сөздерінің мәні мен маңызы. 2 сағат.

(Майқы би мен Аяз бидің шешендік сөздері, мәні, ерекшелігі, маңызы)

5. Қазақ ғалымдарының шешендік сөздер туралы ой-пікірлері. 1 сағат.

(ғалымдардың шешендік сөздерге қатысты ой-пікірлері туралы түсінік, олардың мән-мағынасын ашу)

6. Практикалық-шығармашылық жұмыс. 1 сағат

(тарауды қорыту, мәнжазба жазу, оны қорғау, талдау, саралау)


ІІІ. Шешендік сөздердің түрлері. 12 сағат.
1. Шешендік өнер - әдебиеттің ерекше, көркем жанры. 1 сағат.

(шешендік сөздердің көркемдік ерекшелігі, мәні, сипаты)

2. Шешендік сөздердің түрлері, жіктелуі. 1 сағат.

(шешендік сөздердің түрлері, жіктелуі туралы толық түсінік)

3. Шешендік арнау, оның түрлері. 1 сағат.

(шешендік бата, шешендік тілек, олардың өмірдегі мәні, маңызы)

4. Шешендік дау, оның түрлері. 2 сағат.

(жесір дауы, құн дауы, жер дауы, олардың маңызы)

5. Шешендік толғаудың мәні мен маңызы. 1 сағат.

(шешендік толғаулар, олардың мәні, маңызы, көркемдік ерекшелігі)

6. Нақылдық шешендік сөз, оның маңызы. 1 сағат.

(нақылдық шешендік сөздің адам өміріндегі мәні, терең мазмұны, зор маңызы)

7. Философиялық шешендік сөздердің маңызы. 1 сағат.

(философиялық шешендік сөздер, философиялық ой-толғамдар, олардың мәні)

8. Сатиралық шешендік сөздердің ерекшелігі. 1 сағат.

(сатиралық шешендік сөздердің мәні, құрылымы, сипаты, ерекшелігі)

9. Шешендік өнерге қойылатын негізгі талаптар. 1 сағат.

(шешендік сөздерге қойылатын басты талап, шешендік өнерге, шешендік стиль, шешендік ерекшелік, шешендік қасиет)

10. Шешендік сөздердің мақал-мәтелдермен ұқсастығы және айырмашылығы. 1 сағат.

(шешендік сөздердің мақал-мәтелдерден ерекшелігі, құрылымы, т.б.)

11. Практикалық жұмыс.

(тарауды қайталау, пысықтау, пікірталас ұйымдастыру, бағалау)


IV. Би-шешендердің шешендік сөз сараптаулары. 9 сағат.
1. Қазақтың би-шешендері – шешендік өнердің негізгі өзегі. 1 сағат.

(би-шешендердің шешендік өнері туралы)

2. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым, Ақтайлақ би, Қанай шешен.
1 сағат.

(аталған би-шешендердің шешендік сөздері, мәні мен маңызы)

3. Тәуке ханның «Жеті жарғысы», ондағы билік кесімдер. 1 сағат.

(«Жеті жарғы», оның мазмұны, маңызы, мәні, билік кесімдер)

4. Қасым хан мен Есім ханның ережелері, ондағы билік кесімдердің маңызы. 1 сағат.

(«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»)

5. Шешендік дәстүр, шешендік мектеп. 1 сағат.

(шешендік дәстүр, шешендік мектептің маңызы)

6. Шешендің өнердің тәрбиелік маңызы. 1 сағат.

(шешендік өнердің тәрбиелік мәні, ролі)

7. Досбол шешен мен Бөлтірік шешеннің сөз сараптаулары. 1 сағат.

(Досбол мен Бөлтірік шешендердің шешендік сөздері, ерекшеліктері)

8. Шешендік өнердің басқа ғылым салаларымен байланысы. 1 сағат.

(педагогика, психология, философия, әдебиет, тіл мәдениеті, т.б.)

9. Қайталау, қорытынды сабақ. 1 сағат.

(өткенді толық қайталау, сынақ сабағы).



КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

«ШЕШЕНДІК ӨНЕР»

10-КЛАСС.

БАРЛЫҒЫ – 34 САҒАТ




Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1.1
1.2


1.3
1.4

1.5
1.6


2.1
2.2


2.3
2.4

2.5


2.6

3.1
3.2


3.3
3.4

3.5
3.6


3.7

4.1
4.2


4.3

4.4
4.5

5.1

5.2


5.3
5.4

5.5
5.6


5.7

І. Кіріспе. Шешендік өнер тарихы
Шешендік өнер тарихы
Грек шешендік өнері, оның өкілдері. Демофен, Цецерон
Ресейдегі шешендік өнер теориясының дамуы.
М.В.Ломоносовтың «Ділмарлыққа қысқаша басшылық» және М.М.Сперанскийдің «Ділмарлық ережесі» еңбектерінің маңызы
Аристотельдің шешендік өнер теориясын дамытудағы ролі
Практикалық жұмыс
ІІ. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы.
Қазақ шешендік өнерінің бастау-бұлақтары.
Шешендік өнер – ауыз әдебиетінің бір саласы.
Қазақтың шешендік өнері туралы зерттеулер.
Шешендік өнер – халықтың дүниетанымын танытатын ерекше жанр.
Қазақ шешендік өнерінің бастауында тұрған ежелгі аңыздардан аты мәлім Майқы би мен Аяз би.
Практикалық-шығармашылық жұмыс.
ІІІ. Шешендік сөздердің түрлері.
Шешендік өнер - әдебиеттің ерекше жанры.
Шешендік сөздердің құрылысына қарай бөлінуі.
Шешендік арнау, шешендік дау.
Шешендік сөздердің негізгі белгілер, оған қойылатын талаптар.
Нақылдық, философиялық, сатиралық шешендік сөздер.
Шешендік сөздердің мақал-мәтелдермен ұқсастығы.
Практикалық жұмыс.
IV. Шешендік дау, оның түрлері
Шешендік дау, оның түрлері
Сот және дін ісіндегі шешендік сөздердің маңызы
Шешендік сөздің мәмлегерлік қатынасты қалыптастырудағы ролі.
Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы.
Практикалық жұмыс.
V. Қазақтың би-шешендерінің шешендік сөз сараптаулары.
Шешендік өнердің негізгі өзегі – би-шешендер. Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би.
Тәуке ханның «Жеті жарғы», Қасым хан мен Есім ханның ережелері, ондағы билік кесімдердің маңызы
Асан қайғы мен Жиренше шешенннің шешендік толғамдары
Досбол шешен, Бөлтірік шешен, Бала бидің сөз сараптаулары, шешендік шеберліктерінің ерекшеліктері
Шешендік стиль, шынайы шешенге тән қасиеттер
Шешен сөйлеу мәдениеті
Қорытынды, қайталау

6
1
1
1
1

1
1
6


1
1
1
1

1

1


7
1
1
1
1

1
1
1


5
1
1
1

1
1
10

2

2

1


2

1
1
1



11-КЛАСС

БАРЛЫҒЫ – 34 САҒАТ




Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1.1
1.2

1.3
1.4
1.5

2.1
2.2


2.3

2.4


2.5
2.6

3.1
3.2


3.3
3.4
3.5
3.6
3.7
3.8
3.9
3.10

3.11

4.1
4.2

4.3
4.4

4.5
4.6
4.7
4.8
4.9


І. Кіріспе. Шешендік өнер тарихы.
Шешендік өнер, оның туу тарихы.
Грек шешендігінің өкілдері. Демосфен, Цецерон, М.Ф.Квинтилиан
Ресей шешендік өнері, оның дамуы.
М.В.Ломоносов, М.М.Сперанский еңбектерінің маңызы
Практикалық жұмыс.
ІІ. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы.
Қазақ шешендік өнерінің тарихы.
Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі.
Шешендік өнер – ауыз әдебиетінің бір саласы, ұлттық дүниетанымды танытатын ерекше жанр.
Қазақ шешендік өнеріндегі Майқы би мен Аяз би тұлғалары, олардың шешендік сөздерінің мәні мен маңызы.
Қазақ ғалымдарыныңшешендік сөздер туралы ой-пікірлері.
Практикалық-шығармашылық жұмыс
ІІІ. Шешендік сөздердің түрлері.
Шешендік өнер – әдебиеттің ерекше, көркем жанры.
Шешендік сөздердің түрлері, жіктелуі.
Шешендік арнау, оның түрлері.
Шешендік дау, оның түрлері.
Шешендік толғаудың мәні мен маңызы.
Нақылдық шешендік сөз, оның маңызы.
Философиялық шешендік сөздердің маңызы.
Сатиралық шешендік сөздердің ерекшеліктері.
Шешендік сөздерге қойылатын негізгі талаптар.
Шешендік сөздердің мақал-мәтелмен ұқсастығы мен айырмашылығы.
Практикалық жұмыс.
ІV. Би-шешендердің шешендік сөз сараптаулары.
Қазақтың би-шешендері – шешендік өнердің негізгі өзегі.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым, Ақтайлақ би, Қанай шешен.
Тәуке ханның «Жеті жарғысы», ондағы билік кесімдер.
Қасым хан мен Есім ханның ережелері, ондағы билік кесімдердің маңызы.
Шешендік дәстүр, шешендік мектеп.
Шешендік өнердің тәрбиелік маңызы.
Досбол шешен мен Бөлтірік шешеннің сөз сараптаулары.
Шешендік өнердің басқа ғылым салаларымен байланысы.
Қайталау, қорытынды сабақ.

6
1
2

1
1
1


7
1
1
1

2

1


1
12
1
1
1
2
1
1
1
1
1
1

1
9


1
1

1
1


1
1
1
1
1


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Б.Адамбаев. Шешендік сөздер, - Алматы, 1969ж.

  2. Н.Төреқұлов, М.Қазыбеков. Қазақтың би-шешендері, – Алматы, 1993ж.

  3. С.Негимов. Шешендік өнер, – Алматы, 1997ж.

  4. Ә.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы, – Алматы, 1991ж.

  5. М.Әуезов. Әдебиет тарихы, – Алматы, 1991ж.

  6. І.Есхожин. Шешендік жырлар, – Алматы, 1993ж.

  7. Ғ.Жандыбаев. Сөз мәйегі, – Алматы, 1998ж.

  8. А.Қыдыршаев. Шешендіктану, – Орал, 2004ж.

  9. Г.Қасымова. шешендік өнерінің негіздері, – Алматы, 2003ж.

  10. Г.Қасымова. шешендік өнерінің негіздері және тілдік тағылым, – Алматы, 2005ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет