Айтыс қазақтың халық ауыз әдебиетінің тіл байлығын көрсететін үлкен бір саласы. Ол суырып салма ақындық өнердің жемісі



бет1/3
Дата03.07.2020
өлшемі22,26 Kb.
#74862
  1   2   3
Байланысты:
Айтыс мақала


Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің тіл байлығын көрсететін үлкен бір саласы. Ол - суырып салма ақындық өнердің жемісі. Айтыс - cинкреттік жанр, мұнда ақындардың ақындық алғырлығымен бірге сазгерлік өнері, әншілік өнері, орындаушылық өнері бірге өрілген.

С. Мұқанов айтыс қазақтың ескі заманнан келе жатқан ауыз әдебиетінің бір кең саласы екенін, айтыс ақындары өз заманының барлық күнделікті тіршілігіне араласып, халықтың жақсылығын дәріптеуші, кемшілігін сынаушы, тарыққанда ақылшысы, қуанғанда сайраушысы болғанын айта келіп: “Айтыста озған ақын халық алдында ақындыққа мандат алғандай болады. Бұл мандаттың жазылатын қағазы - халық жүрегі. Ақын халықтың ең сүйкімді, ардақты адамдарының қатарында тұрады. Халықтың ақынды жақсы көруіне себеп - оның шешендігі ғана емес, олардың айтыста, иә басқа шығармаларда халық тұрмысының шындығын суреттеуі, қуанышы мен қайғысына шын көңілмен ортақтасуы”, - дейді (1, 156-157).

Айтыс - көне заманнан үзілмей келе жатқан өнер түрі, ежелден сөз жарысы, айтысу ұғымында қолданып келеді. Айтыс - екі адамның өнер жарыстырып бәсекеге түсуі - қара сөз арқылы да, белгілі бір аспапта ойнаумен де, суырып салып айтылатын өлеңмен де болуы мүмкін. Бұның бәрі “қиыннан қиыстыратын” шеберлікті, алғырлықты, тапқырлықты талап етеді. Ежелден “өнер алды - қызыл тіл” деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған халық айшықты сөз бедері мол ақындар айтысына ерекше мән беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған. Ақындар айтысы қалың ел бас қосқан үлкен жиындарда өтетіні белгілі. Дүбірлі ірі айтыстарға танымал ақындармен бірге, өнері өрге жүзген дүлдүл, шешен, тапқыр жас ақындар да қатысатын болған. Сөз барымтасы кезінде көсем сөзге кім жүйрік болса, сол жеңіске жетпек. Шаршы топта сөз барымтасына түскен ақындардың айтысына әділ төрелік айтушы да көпшілік, сөз құдіретін түсінетін би, шешендер болған. Айтысушы ақындар сөз сайысы кезінде бір-бірін аяусыз сынап-мінеп, түрлі әдіс-тәсілдер қарастырып, қарсыласының ұрымтал жерін аңдып, жеңіске жетудің жолын іздеп, бұлтартпайтын уәжді де мағыналы ойларды айтып, сөзбен жығуды көздейді. Әрине, бұл үлкен білімділікті қажет етеді. Сондай-ақ, қай ақынның кіммен, қай жерде айтысатынын, айтыстың қандай тақырыпқа құрылатындығы белгісіз болған. Бірақ та ақындар ел ішіндегі елеулі өзгерістер мен уақиғалардан хабардар болып отырған. Аты шулы ақындардың жаман, жақсы жақтарын есепке алып, іштей айтысқа дайындалып жүрген. Біз өз дәуірінде аты айтыспен әйгіленген талай айтыскер ақындарды білеміз. Сонда айтыс ежелден ел тұрмысында ақынның бірден-бір ақын аталатын өнер мектебі саналып келген.

Айтыс - көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде аз, енді бірінде мол дамыған. Әдет-ғұрпы, салт-санасы бізге ұқсас көшпелі қырғыз, қарақалпақ, алтай елдерінде де айтыс өнері болған. М. Әуезов айтыс туралы зерттеуінде ортағасырдағы фильдердің, труверлердің, мейстерзингерлер мен скальділердің, скоморохтармен мүшайра, мұғаллақатқа қатысушы ақындардың суырып салма өлең мен айтыстартысқа шеберліктерін, олардың қазақ айтыстарына ұқсас ерекшеліктерін айтқан болатын, С. Мұқа-нов та көшпелі монғол, түрікмен, араб секілді елдерде де айтыстың болғанын айтып кеткен.

М. Әуезов айтыс жанры есте жоқ ескі замандардан бері қарай созылып келгенін айта келіп: “Ең ескі айтыс түрлері қазақ фольклорында топ-топ болып, өзінше хормен айтылатын ескі салт өлеңдерінен басталып, содан бері келе жеке ақындар айтысына өрістеп, ауысқан тәрізді”, - дейді (2, 280). Арғы түбі қыз бен жігіт болып топқа бөлініп, қосыла айтылатын жар-жар, бәдік жырларынан бастау алып, дами келе қайымдасу, қағысудан шыңдалып барып, қазіргі ұзақ сүре айтысқа ұласқанын кейінгі зерттеушілеріміз де қуаттайды.

Қазір біз XVI-XVIII ғасырлардың ақындар айтысын білмейміз. Бірақ та айтыстың болғаны даусыз.

Түркі тектес халықтарда айтыстың элементтері байқалатын жазба ескерткіштерді ғалым С.М. Исаев “Қазақ әдеби тілінің тарихы” атты еңбегінде атап көрсетеді: “Бәлкім, XI ғасырдың ескерткіштері Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу білік” шығармасындағы төрт кейіпкердің арасында бақыт, құт туралы сөз сайысы, Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат-ат түрк” атты еңбегіндегі жаз бен қыстың айтысы да, бертін келе шешендік даулар да айтысқа қатысты, айтыс өнерін дамыта түсуге мәні болды” (3, 181).

Осындағы “Жаз бен Қыстың айтысы” өзінің сыртқы түр құрылысы мен мазмұны жағынан мысал айтысты еске түсіреді. Жаз бен Қыс бір-бірін дәріптеп аспанға көтеруі, я болмаса жеріне жете сынап, аяусыз мінеп-шенеуі ақындар айтысына ұқсас. Сөз саптауына келсек:

Көкте тұман қалмады,

Аққу бұлттар шарлады,

Найзағайлар самғады,

Жебесіндей садақтың (4, 31), -

деп келеді. Немесе “Жаз байлығын қыс берер”, “Жақсы сөзбен жан емде” және т.б. сөз тізбектерін көреміз. Жаз бен Қысты айтыстыру арқылы ақын табиғат пен адам өмірін байланыстыра, шендестіре бейнелейді. Жыр шумақтары көбінесе етістікпен аяқталады. Әр шумақтың алғашқы үш жолы ұйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен орайласады. Айтыс өлеңінің құрылысы 7-8 буынды жыр ағымы үлгісінде келген.

Сондай-ақ, С.М. Торайғыровтың “Айтыс” поэмасында айтысқа тән барлық элементтер қамтылған. Ақын қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, сол арқылы қала мен даланың артықшылығын және қайшылықтарын талдайды. Сұлтанмахмұт дала ақынының сөзін басымырақ ұстап қазақтың жерін, табиғатын, елін, игі жақсыларын, батырларын, ақындарын, салт-дәстүрін мақтан тұта жырлайды. Және тілі мен дүниетанымының биіктігін суреттейді. Ал қала адамдарының кеңпейіл еместігін, әділетсіздігін баса көрсетеді. Көркемдік жағынан да қазіргі айтыстардан кем түсіп тұрған жоқ. Ол қазақтың ауызша дамып келген поэзия түріндегі әдеби тіл үлгісін дамыта отырып, айшықты сөздерін кейде қаз қалпында, кейде аздап өңдеу, өзгертумен өзінше жаңа сөйлемше, сөз тізбектерін жасай білген. Мысалы, “Болса да қырық жыл қырғын ұмытпаспыз”, “Әркімнің өз аузына қолы жуық”, “Болса да аузы қисық, сөзі - дәрі”, “Қорлыққа ұрлық түбі айналмас па?”, “Періште болса-дағы жолдан таяр” т.б. Халық тілінің асыл маржандарын теріп, сөз кестесін көркем-деп, көрікті етіп қолданған. Міне, ілгерідегі мысалдардан айтыстың ерекшеліктерін байқағандай боламыз.

XIX ғасырдың айтыс өлеңдерінің мәтінінде диалектілер молынан кездеседі.

Диалект белгілі бір аймақ көлемінде айтылып, жергілікті халық тілінде ғана қолданылатын жалпыхалықтық я ұлттық тілдің тармағы екені белгілі. Айтыс ақындарының диалект сөздерді қолдануы бейнелі сөздердің таусылып қалғандығынан емес, әр ақын өз елінің, руының атынан сөйлегендіктен, сол елдің жергілікті тілдік бояуын көрсету үшін қолданған. Я болмаса сол ақынның стильдік даралығын, сөз саптау шеберлігін байқатады. Мысалы, Біржан сал:

Ұл тумас Қазанқаптай ата ұлынан

Тұқымы дегдар шыққан жатынынан (5, 141).

Төребай мен ақын Сараның айтысында:

Алшынның жігітінің бәрі дегдар,

Жігіті үйсін-найман келе алмас пар (6, 127).

Я болмаса, С. Торайғыровтың “Қамар сұлу” романында:

Ежелден дегдарлымсың тұқымы оңған,

Малыңа, басыңа да қыдыр қонған (7, 29).

Осы шумақтардағы “дегдар” сөзі диалектологиялық сөздікте “асыл, өте жақсы, ерекше тәуір” дегенді білдіреді (8, 169). “Біржан сал мен Сараның”, “Төребай мен Сараның” айтыстарында әр ақын өз елінің игі жақсыларын көркем тілмен мақтап-мадақтайды. Ал “Қамар сұлу” романында “бұл тойдың қалпы мынадай болды” деп жорға Нұрымды мақтай отырып келеке, ажуа етеді. Немесе пұл сөзі бірде ақша, қаражат, бірде мата, кездеме мағынасында қолданылған. Мысалы, Сара:

Тері-терсек бергенсін ит те алады,





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет