«Қазақтың халық ертегілері» «Бір аймақ – бір кітап» акциясы аясында өткізіліп отырған кітапханалық квест Кіріспе сөз. Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен оқушылар! Біздің бүгінгі «Бір аймақ-бір кітап»



бет1/2
Дата08.06.2018
өлшемі375,2 Kb.
#41614
  1   2
Қарағанды облысы.Сәтбаев қаласы

«С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ

кітапханашысы: Жукенова Салтанат Рахимбековна

«Қазақтың халық ертегілері» «Бір аймақ – бір кітап» акциясы аясында өткізіліп отырған кітапханалық квест

Кіріспе сөз.

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен оқушылар! Біздің бүгінгі «Бір аймақ-бір кітап» акциясы аясында үш тілде өткізіп отырған «Қазақ ертегілері» атты кітапханалық квестке қош келдіңіздер!

Мақсаты: 

1. Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлері-мен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсан-дыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

        Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен, шармен безендірілген сахна. «Қазақ ертегілері» тақырыбындағы презентация.

Қатысатындар:

4 сынып оқушылары

Балалар пазлы жинау арқылы топқа бөлінеді. 4 топ 5 баладан.

«Алтын сақа», «Ер Төстік», «Аязби», « Тазша бала» топтары

Квест 4 бөлімнен тұрады.

1 бөлім. «Ертегіні оқимыз!» оқыған ертегілері бойынша сұрақтарға жауап беру.



2 бөлім. «Ертегіні табайық!» топтар жарысы

3 бөлім. «Ертегіні өзгертейік!» шығармашылық жарыс.

4 бөлім. «Ертегіні зерделейік!» қорытынды.

Балалар, бүгінгі кітапханалық квестті бастауға дайынбыз ба? (Әр топ шапалақ ұру арқылы өздерінің дайындығын көрсетеді)



1бөлім. «Ертегіні оқимыз» (әр топқа 3 сұрақтан) Осыған дейін ертегіні оқыдық. Енді осы ертегілер бойынша сұрақтарға жауап беріп көрейік.

1. «-Рахмет ,саған, адамзат. Жақсылығыңды немен өтесек екен? Біздің мүйізіміз біраз күннен кейін түсіп қалады.Ал адамзат баласы оған әуес келуші еді. Сондықтан таяқпен ұр да, қағып ала ғой – депті Кербұғы» Қай ертегіден? (Қайырымдылық)

2. - Мінеки , мен айтқан ғажайып нәрсе осы. Бұл адам баласын ажалдан құтқарып қалатын дәрі. Ол не? Қай ертегіден? (Асыл дәрі)

3. –Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейлен-ген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар. Қай ертегіден алынған? (Байлық пен ақыл)

4. «Әкесі қауынды кессе, іші толған алтын екен. Сөйтіп әлгі кедей ат басындай алтынға ие болып, бүкіл өміріне, тіпті ұрпақтан-ұрпаққа жететіндей қазынаға батыпты.» Үзінді қай ертегіден ?( Бала мен қарлығаш)

5. «-Балам,мен сені сынаған едім,одан аман өттің.Саған жолыққан бақ едім,батамды бердім, - депті де ,ғайып болыпты. Бұл қай ертегіден алынған? (Еңбекпен тапқан нан)

6. Шал басын көтеріп:

- Кеше осы жерде әділет төрелік айтып еді.Сол әділет отыз теңгенің салмағын көтере алмай жердің тесігіне кетіпті. Не сол әділетті алам,не отыз теңгені алам,-деп жауап береді. Қай ертегіден? (Соқыр күйші)

7. «Алтын ,күміс-тас екен,арпа ,бидай –ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен. Бұл қай ертегіден алынды? (Бір үзім нан)

8. «Еңбекқордың есесі түгел» ертегісінде кедей қалай байып шықты? (Өзінің еңбекқорлығының арқасында)

9. Құстың бір қанаты сынық екенін көрген әкесі:

-Құс адамның досы,сондықтан мұны жақсылап күт-дейді. Қандай құс және қай ертегіден? (Қарлығаш. Бала мен қарлығаш)

10. Атымтай жомарт кім? (есепсіз бай, қолы ашық жомарт кісі)

11. «Қайырымдылық» ертегісінде бала ауырып жатқан қартқа қандай құстың жұмыртқасын тауып әкеп береді? (ала қанат тоғай)

12. «Еңбекпен тапқан нан» ертегісінде бай қандай болады? (қайырымсыз,қатал)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет