Фольклордағы айтыс



Pdf көрінісі
Дата11.12.2021
өлшемі59,26 Kb.
#99191
Байланысты:
Tapsurma KIA 19



Фольклордағы айтыс. 

Фольклордағы айтыстың зерттелу тарихы, айтыстың көркемдігі

.  


Айтыстың түрлері. 

Біржан мен Сара айтысы. 

 

Жауаптар: 



Айтыс — ауыз əдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол 

суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1] 

 

 

Қыз бен жігіт айтысынан көрініс 



 

Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар 

айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол 

ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз əдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, 

бір-біріне елеулі əсер-ықпал жасап отырған. Батыр жəне лиро-эпос жырларына да əсерін 

тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.[2] 

 

Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері 



Қазақтың ауыз əдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен 

өзіне тəн ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз əдебиетінің ерекше бір 

түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бəдеуилер тайпасында жəне түрік тілдес елдердің 

бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер 

айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның əуелгі 

элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен əлі ажырамай, бəрі бірігіп бір 

бүтін өнер саналып, əні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, 

тағы басқалары да қосыла жүрген дəуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың 

алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек. 

 

Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бəдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа 



əсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны 

айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем 

құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, 

жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым 

кеш туғандығы анық. 



 

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі 

мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне əр 

ақын өз руын дəріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Əсіресе бұл XIX ғ. 

етегін кеңірек жайған. Осы дəуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, 

Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тəбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала 

Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа 

түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген жəне тарихта көпшілігінің аттары 

осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз əдебиетінде саны жағынан да, 

сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар 

айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ əдебиетінде ғана сақтап қалып отыр. 

 

Айтыстың өзіне тəн ерекшеліктері 



Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді 

табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар 

кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да 

бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ 

етіп те тартады. Соның бəріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дəлел айтуға əзір 

болуы керек. Мұның бəрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, 

ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық 

ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре 

алмайды, сайыста дəрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға 

абырой əпермейді. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ əуенге басады, өздерінің мойны 

озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Əсет 

пен Ырысжан айтысында Ырысжан: 

 

Дау айтып күні бұрын көрсетпелік, Майданда озса жүйрікке есептелік. Орта жүз түгел 



білген Ырысжанмын Үш кессе қауқарым бар кесірткелік, – 

 

деп, Əсетті ықтыра сөз тастайды, ал Əсет оған: 



 

Айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ, Алты арысқа білінген екен менмін, – 

 

деп, асқақ жауап қатады. 



 

Ақындардың бірден асқақ кетуі тек бірін-бірі ығыстырып үркіту, тұқырту ниетін 

көздемейді, олар сонымен қатар бір-бірінің аяқ алысына, сөз саптасына, өнерлілігіне 



барлау да жасау мақсатын көздеген. Сөз майданында тосын кездескен, бір-біріне танымал 

емес ақындардың мұндай барлау жасауы табиғи да. 

 

Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі "ойында өрелік жоқ" дегендей, айтысқа үлкен де, 



кіші де, еркек те, əйел де қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бəйгеге түсер 

шамасы болса болғаны. Майталман ақынның жарыста таныла бастаған балаң ақынмен, 

ұлғайған ақынның жас қыз, келіншекпен айтысуы, сөзбен сілкілесуі шам емес. 

 

Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі 



шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз айту сияқты 

өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады. Жеңілгеніне қарамай, құр босқа төпей 

беруді көпшілік дарындылық, ақындық деп танымайды. Мұндай қылықты қазақ 

айтысқыштық, ұтымшылық деп санамайды. Оны қазақ "сиыршылау" деп атайды. Шынайы 

ақын өзінің ұтылғанын білсе, бірден жеңілгенін мойындап, əрі қарай сөз таластырмайды. 

Ауыз əдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі – оған көптеген əйел 

ақындар қатынасқан. Қазақ ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты 

жайылған əйгілі ақындар аз емес. Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен 

Тəбия сияқты ақындар – топтан озған жүйріктер. Осындай аяулы өнер иелерін халық 

қатты ардақтаған. 

 

Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. 



 

 

Сара мен Бiржан айтысы, 1871 



Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының 

баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы 

арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара 

қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін 

Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, “Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен 

Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 

1080 жол. Əріп Тəңірбергенов жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді. 1918 жылға 

дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне 

жазбаша да, ауызекі де таралып келді. Айтыстың жарық көруіне, таралуына, өңделіп 

сарапталуына Сара, Жүсіпбек қожа, Əріп ақын елеулі үлес қосқан. 

 

Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ əйелдерінің бас бостандығы мəселесін, 



адамгершілік пен əділдікті, шындықты өзекті де əлеум. тақырып етіп көтереді. Екі ақын 

өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарын кезекпе-кезек сараптай отырып, олардың 




сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-əрекеттерін жайып салып, оларға халық 

талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сонау қияндағы Сарыарқадан Сараны 

жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал ə дегеннен амандасу рəсімінің өзін бойында дос 

тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, 

жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Бірақ білімді де ақылды қыз Хауа анаға Адам 

атаның өзі келгенін “Хиссас-ул-Əнбиядан” оқып білгенін дəлел етіп ұсынады. Мұндай 

жауапты күтпеген Біржан қатты тосылса да, сөз кезегін əрі қарай жалғастыра береді. Қос 

жүйрік бұдан əрі жалпы ақындық өнер, адам бойындағы сан алуан қасиеттер, ел дəстүрі, 

байлық, салтанат, ел басшыларының іс-əрекеттері секілді мəселелерді сөздеріне арқау 

етеді. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дəстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі 

өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады, қазақ қоғамындағы əлеум. 

қарым-қатынастың адам өміріне əсері, тұрмыстың мəн-мазмұны философиялық 

ой-толғамдармен қосыла өріліп, өз нақышын тауып жатады. Айтыста халқымыздың 

əдептілік пен əсемдік туралы пікірлері, эстет. талғам-талаптары кең көрініс тапқан. 

Осының бəрі Біржан мен Сара айтысының 19 ғасырдағы қазақ халқының 

болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. 

Біржан мен Сара айтысы атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс 

өнеріндегі көркемдік қуаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстет. талғам биігінен 

көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақ ауыз əдебиетінің тарихынан ерекше орын 

алады. Айтыс негізіндегі Қажым Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 ж. М. Төлебаев 



“Біржан — Сара” операсын жазды. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет